31.
Қазақстандық қоғамның саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың
алатын орны мен рөлі.
Қоғам мүшелерiнiң белгiлi бiр тобының мүддесiн
бiлдiрiп, қорғайтын, алдына қойған мақсатқа жету үшiн ерiктi түрде мүшелiкке
кiрген, оған материалдық көмек көрсететiн өзiн-өзi басқаратын адамдардың
бiрлестiгi қоғамдық ұйымдар деп аталады. Олардың қоғамдық мәртебесi
мемлекеттiк заңда және өзiнiндiк жарғыларында анықталынады. Оларға БҰҰ,
Еропалық Экономикалық Одақ т.б. жатады.
Қоғамдық ұйымдар сан алуан болып келедi. Оларға: партиялар,
кәсiподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтiк бiрлестiктер, шығармашылық
одақтар, ерiктi қоғамдық, ғылыми-техникалық, мәдени, ағарту, спорттық,
қорғаныс ұйымдары жатады. Осы қоғамдық ұйымдар арқылы көптеген
адамдар қоғамды өзiн-өзi басқаруға қатысып отырады.
Қоғамдық-саяси қозғалыс дегенiмiз бұл өздерiнiң әлеуметтiк, саяси,
экономикалық, рухани мүдделерiн жете түсiнген қалың бұқара халықтың
қауымдастығы. Қоғамдық-саяси қозғалыстар- бұл мемлекеттiк және
партиялық құрылымдарға тiкелей кiрмейтiн, алайда саяси өмiрге ықпал ететiн
саяси құрылымдар. Сонымен саяси қозғалыстар дегенiмiз өкiмет билiгi үшiн
күрес арқылы қазiргi жағдайды өзгертуге немесе үкiметке ықпал жасай
отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштер. Басқа қоғамдық
ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмашылығы ол өкiмет
үшiн немесе үкiметтi жүзеге асыру тәсiлiне ықпал ету үшiн күреседi, яғни ол
бұл жолда саяси тәсiлдердi пайдаланады.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегiдей саяси жағдайлар
себеп болды:
1. Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкiмет орындарына тiкелей жеткiзе
алмайды, сондықтан да өз сияқтылармен топтасады;
2. Экономикалық және әлеуметтiк қайшылықтар, наразылықтар себеп
болады;
3.
Ұлттық мәселелердiң шешiлмеуi. Мысалы, Қазақстанда«Азат»,
«Желтоқсан» ұйымдары солай құрылды;
4. Саяси қозғалыс көпшiлiк саяси партияны құру жолында алғашқы саты
болып табылады.
Қоғамдық ұйымдар былайша сипатталынады:
1. оған мүшелердiң байланыс жүйесi мен мүдделерiнiң ұқсастығы;
2. iшкi ұйымдық құрылымы /ресми немесе бейресми/;
3. жалпы мақсат үшiн шешiм қабылдау қабiлетi;
4. әлеуметтiк бақылау жүйесi, сол қоғам мүшелерiнiң өзара әрекетiн
қамтамасыз етушi.
Қоғамдық саяси қозғалыстардың белгiлерi арқылы жiктелiнедi:
• таптық белгiсi бойынша - шаруалар, жұмысшылар, фермерлер;
• идеологиялық белгiсi бойынша - коммунистiк, либералдық,
социалистiк, дiни;
• ұлттық белгiсi бойыншы- интернационалдық, ұлтшыл-патриоттық т.б.;
• жас және жыныс белгiсi бойынша - әйелдер, жастар, ардагерлер
қозғалыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |