Қоғамдық қозғалыстардың iшiндегi
кең тарағаны Халық майдандары,
олардың түрлерi мынадай:
1. Ұлт азаттықты алу үшiн құрылған саяси күштер. Африка және Азия
елдерiнде ұлт азаттықты алу үшiн құрылған алық майданы қозғалыстары.
2. Саяси билiктi алу үшiн немесе өздерiнiң саяси мақсаттарына жетуге
күштерi жетпеген кезе саяси партиялар немесе олардың көсемдерi құрған
халық майдандары;
3. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшiн
құрылған халық
майдандары.
Белгiлi жастар қозғалыстарына металистер, фанаттар, панкiлер, хиппилер,
рокерлер, пацифистер жатады.
32.
Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері
мен қызметтері.
Саясат әлемі күрделі, көпдеңгейлі және көптүрлі мемлекеттік –құқықтық, заң
шығару, атқару, партиялық, сайлау, саяси идеология, тағы басқа ұсақ
жүйелерден тұрады. Осы жүйені құрайтын бөліктердің арасында саяси
мәдениет елеулі орын алады. Шетелдік және
отандық қоғамтанушыларда
саяси мәдениет категориясы оның оның құрылымдық толықтырғыштары,
мағанасы және қызметі жайлы анық түсінік жоқ. Осы мәселеге қатысты
мейлінше әр түрлі пікірлер, анықтамалар, түсіндірулер кездеседі. Әрине ,
саяси мәденит құбылысының күрделілігі мен
көпжақтылығын ескерсек, бұл
орынды. Бірақ мұндай гәп өзіндік түбірлі себептерден туындайды. Біріншіден,
мәдени құбылыстарды күрделілігі мен анықтамасының ала- құлалығы саяси
мәдениет ұғымын түсінудіде күрделендіреді. Екінші себеп, сірә, сол ұғымдар
мен категорияларды қолдану шарттылығына тым астүсті қарайтын саяси
ғылым тілінің ерекшелігінде жатыр. Саясат
пен
мәдениеттің арақатнасы
қандай? Әрине, бұл екеуінің
терең негізіндегі бірқатар бірлігі мен өзара ұқсастықтары
бар: екеуіде билік етудің өлшемі ретінде әрекет етеді. Мәдениет адамның
табиғатқа үстемдігінің нәтижесі, оның субъективті өзіндік әлемі болса , саясат
адамдардың қоғамдық қатнастағы басқа адамдарға үстемдігінің нәтижесін
көрсетеді. Мәдениет билікті атқару тәсіліне әсер етеді, ал
оның дамуы
өзгерістерге тәуелді. Мәдениеттің саясатқа әсер етуінің негізгі саласы ретінде
саяси өмірге қатынасуға мүмкіндік беретін адамдарды әлеметтендіру,
құндылықтар жүйесін жасау мен еңгізу, жүріс-тұрыс үлгілерін, институт
бітімдері мен әлеуметтік жүйелерді қалыптастыруын көрсетуге болады.
Дегенмен, бұл екі ұғының бірлігі мен өзара әрекеті олардың сәйкестігін
көрсетпейді. Бұл құбылыстар әрекет ету мен қызмет атқару
салаларына қарай
бөлінеді саясаттың мәні билікті дамыту мен өзгерту болса, мәдениеттің мәні
тұлғаны дамыту мен өзгету болып табылады. Екі ұғымның өзіндік
өзгешіліктері мен сәйкес еместігін ескере отыра, олардың бірлігі саяси өмірді
реттеу тәсілінің тарихи дамуға тәуелділігін, олардың адамның іс-әрекеті
нәтижесінде пайда болуын көрсететін "саяси мәдениет" ұымынан көрінеді.
Енді саясат әлемінің әр түрлі
көріністеріне, қатынастарына мағыналық сапа
беретін "саяси мәдениет" ұғымын ғылымдағы қалыптасқан ойлармен анықтап
көрелік.
Ғылымға ХХ ғ. 50-жылдары енген "саяси мәдениттің" кеәбір құбылыстары
антикалық философияда, ХІХ ғасырда "ұлттық мінез"
бағытындағы
зеттеулерде қарастырылған. Дегенмен де, бұл ұғым категориялық дәрежеге
ХХ ғасырдың екінші жартысында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай, Д. Каванах, У.
Розенбаум тағы басқа көптеген зерттеушілердің еңбектері негізінде ие бола
бастады. Қазіргі кездегі саяси ғылымдағы "саяси мәдениет" ұғымын бірнеше
рет американ саясаттанушысы Г. Алмонд өзінің "Салыстырмалы саяси
жүйелер" мақаласында ұсынды. Саяси мәдениеттің
мақсаты қоғамдық
ғылымдардың саяси белсенділігін арттыру немесе, шартты түрде айтқанда,
демократиялық саясатты басқа елдерге тарату және осы негіздегі
құндылықтарға тәрбиелеу арқылы оны орнықтыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: