бар: екеуіде билік етудің өлшемі ретінде әрекет етеді. Мәдениет адамның
табиғатқа үстемдігінің нәтижесі, оның субъективті өзіндік әлемі болса , саясат
адамдардың қоғамдық қатнастағы басқа адамдарға үстемдігінің нәтижесін
көрсетеді. Мәдениет билікті атқару тәсіліне әсер етеді, ал оның дамуы
өзгерістерге тәуелді. Мәдениеттің саясатқа әсер етуінің негізгі саласы ретінде
саяси өмірге қатынасуға мүмкіндік беретін адамдарды әлеметтендіру,
құндылықтар жүйесін жасау мен еңгізу, жүріс-тұрыс үлгілерін, институт
бітімдері мен әлеуметтік жүйелерді қалыптастыруын көрсетуге болады.
Дегенмен, бұл екі ұғының бірлігі мен өзара әрекеті олардың сәйкестігін
көрсетпейді. Бұл құбылыстар әрекет ету мен қызмет атқару салаларына қарай
бөлінеді саясаттың мәні билікті дамыту мен өзгерту болса, мәдениеттің мәні
тұлғаны дамыту мен өзгету болып табылады. Екі ұғымның өзіндік
өзгешіліктері мен сәйкес еместігін ескере отыра, олардың бірлігі саяси өмірді
реттеу тәсілінің тарихи дамуға тәуелділігін, олардың адамның іс-әрекеті
нәтижесінде пайда болуын көрсететін "саяси мәдениет" ұымынан көрінеді.
Енді саясат әлемінің әр түрлі көріністеріне, қатынастарына мағыналық сапа
беретін "саяси мәдениет" ұғымын ғылымдағы қалыптасқан ойлармен анықтап
көрелік.
Ғылымға ХХ ғ. 50-жылдары енген "саяси мәдениттің" кеәбір құбылыстары
антикалық философияда, ХІХ ғасырда "ұлттық мінез" бағытындағы
зеттеулерде қарастырылған. Дегенмен де, бұл ұғым категориялық дәрежеге
ХХ ғасырдың екінші жартысында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай, Д. Каванах, У.
Розенбаум тағы басқа көптеген зерттеушілердің еңбектері негізінде ие бола
бастады. Қазіргі кездегі саяси ғылымдағы "саяси мәдениет" ұғымын бірнеше
рет американ саясаттанушысы Г. Алмонд өзінің "Салыстырмалы саяси
жүйелер" мақаласында ұсынды. Саяси мәдениеттің мақсаты қоғамдық
ғылымдардың саяси белсенділігін арттыру немесе, шартты түрде айтқанда,
демократиялық саясатты басқа елдерге тарату және осы негіздегі
құндылықтарға тәрбиелеу арқылы оны орнықтыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: