Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында саясатты діни –
мифологиялық танудың орнына философиялық – этикалық түсіну белең алды.
Бұл уақыттың ойшылдары – Платон, Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар
саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста
қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат – мүддесіне
сай келуі,
адамгершілікке негізделуі тиіс деп ұқты.
Орта ғасырда саясаттың діни – этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін
салушы – Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет
басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса,халықтың
оларды құлатуына
болады деген байлам жасады.
Ал саясатты қазіргідей түсінуге үлкен үлес қосқан ХVI ғасырда өмір сүрген
Италияның ойшылы Никколо Макиавелли. Ол саясатты құдайшылық
(теологиялық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден
туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп
мемлекеттік билікті алды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың сан
түрлі әдіс – тәсілдерін көрсетті. Осы негізде саясаттануды біздің қазіргідей
түсінуімізге жол ашты.
Капитализм уақытында саясаттану теорияларын Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье,
Ж.Ж. Руссо, Т.
Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті
ғалымдар негіздеді.
ХIХ ғғасырдың екінші жартысында саясаттану пән ретінде қалыптасты. 1857
жылы АҚШ – тың Колумбия коледжінде профессор Фрэнсис Либер «Тарих
және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде 1880 жылы саяси
ғылымының жоғары мектебі құрылды. 1872 жылы Францияда меклекеттік
аппаратта арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс
істей бастады. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар
ассоциациясы құрылды.
Ең алғашқы саяси кафедра 1662 жылы швецарияның Упсаль Университетінде
құрылған. Нағыз ғылым ретінде де «Саясат »
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ
ғысырдың басында қалыптасты. Батыс Еуропамен АҚШ да кең тарады.
Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қанды қалыптасуына, 1949
жылы ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың
халықаралық ассоциациясы құрылды.
Бүгінгі таңда АҚШ-тың Шығыс елдерінің барлық жоғары оқударында
саясаттану жеке пән ретінде оқытылды. әлемнің ең ірі университеттері
саясатанушы мамандар дайындайды.
Бұрынғы КСРО-да 80-жылдарда дейін
саясаттанудың ғылым ретінде
мәртебесі болған жоқ. Қайта құру жылдарынан бастап қана саясатқа деген
көзқарас өзгере бастады.
1989 жылдан бері Жоғары Аттестатциялау Коммисиясында саясаттанудан
эксперттік сарапшылық кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның
ғылым және техника саласы бойынша мемлекеттік комитеті «саяси
ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкендерінің тізімі ресми түрде
бекітті. 1989-1990- оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде 1990
жылдан
бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану өтіле бастады. Қазір
Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән
ретінде өтілуде. Сонымен қатар мемлекет саясаткер-политолог мамандығын
мойындап, жоғарғы оқу орындарында бұл сала бойынша мамандар дайындай
бастады.
Достарыңызбен бөлісу: