Саясаттану пәні I тарау



бет5/6
Дата14.10.2023
өлшемі1,84 Mb.
#114455
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
саясаттану

Саясаттану ғылымы даму және қалыптасу жолында бірнеше кезеңдерден өтті:Антика заманынан Жаңа Заманға дейінгі кезең, Аристотель, Платон, Цицерон, Ф.Аквинский ойшылдармен көрсетіледі.Жаңа заман кезінен XIX ғасырдың ортасына дейін Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс, Б.Спиноза және басқа көп үлес қосқан ойшылдардың кезеңі.XIX ғасырдың 80-90 жылдары мен XX ғасырдың басы – саясаттану өзінің пәні бар, әдіс-тәсілдері бар ерекше ғылым ретінде бекітілген кезі.

Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері

  • Саясатты кешенді, толық зерттейтін ғылым - саясаттану.
  • Оның ерекшелігі - саяси құбылыстардың ішкі сырын, логикасын, өмірге қажеттілік заңдылықтарын айқындап беретіндігінде.Саяси құбылыстар мен процестерді зерттеуде саясаттану ғылыми зерттеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады, ол тәсілдер үш топқа бөлінеді.
  • 1 топқа: Бұл мақсатты іске асырумен әлеуметтік тәсіл айналысады, ол саясат пен қоғамның өзара әсерін есепке алуға байланысты жүргізіледі. Әлеуметтік тәсіл әлеуметтік факторлардың біріне-бірінің өзара әсер ету жүйесін ашуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, экономикалық ұйымдар,әлеуметтік теңсіздіктің түрлері, демографиялық факторлар.Осы топқа жататын функционалдық және системалық тәсілдер саяси құрылымдарды басқа да күрделі жүйенің бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін сыртқы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
  • Сонымен қатар, 1 топ құрамындағы маңыздысы – бихевиористік тәсіл. Ол саясатты жеке адамдар мен топтардың мінез-құлқын нақты зерттеу арқылы жүргізуге бағыт береді.

Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері

  • Бихевиористік тәсілдің негізгі талаптары: - саясаттың басты субъектісі адам екендігі; - саяси мінез-құлықтың негізінде психологиялық себептер жетекші рольатқаруы, сөйтіп ол құбылыстың жеке адамның табиғатының ерекшелігін бейнелеуі; - саясатта адамдардың мінез-құлқын ескере отырып шешім қабылдау. Өйткені адамдар әртүрлі болғанымен, біріне-бірі ұқсас жағдайларда саяси процеске қатысушылардың мінез-құлқын алдын-ала білуге мүмкіндік береді.
  • 2 топқа тәсілдері: талдау мен синтездеу, индукция мен дедукция, тарихи және логикалық талдауларды ұштастыру, ғылыми эксперимент, модельдер жасау, математикалық, компьютерлік, прогностикалық және тағы басқа тәсілдер.
  • 3 тобына: эмпирикалық зерттеу әдістері жатады. Эмпирикалық тәсілге мыналар жатады: статистика, құжаттарды зерттеу (анкеталық сұрақ-жауап, лабораториялық эксперименттер, саяси ойындар теориясы, нақты бақылау, т.б.).Сонымен, алуан тәсілді пайдаланудағы негізгі мақсат – түрлі саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде ақиқат білім мен объективті мәліметтер алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет