Саясаттану пәні I тарау


Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін



бет2/6
Дата14.10.2023
өлшемі1,84 Mb.
#114455
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
саясаттану

Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін

  • 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер “Тарих және саясаттану” кафедрасын ашты. Яғни, саясаттану ғылымы тарихта алғашқы рет академиялық пән мәртебесін алды. Осы колледжде 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. Саясаттанудың қоғам өміріндегі рөлінің өсуіне байланысты 1880 жылы АҚШ-та “Саяси ғылымдар” атты журнал шықты.
  • 1872 жылы АҚШ-тағы сияқты Францияда да мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы АҚШ-та «Саяси және әлеуметтік ғылымдар» академиясы, 1903 жылы «Америкалық саяси ұйымдар ассоциациясы» құрылды. Қазіргі кезде осы ассоциацияның құрамында бірнеше бөлімдері, мыңдаған мүшелері бар.
  • Қазақстанда саясаттану пәні 1991 жылдан бастап оқу орындары бағдарламасына енгізілді. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде оқытылуда.

Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.

  • Қазақ жеріндегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауи болды.Әл-Фараби саясат жөнінде өз кезеңіндегі терең ойлар айтқан ойшыл. Оның ілімі бойынша қоғамның құрылымы әлемнің құрылымына сәйкес келеді. Әл-Фарабидің саяси идеялары рахымды және рахымсыз қалаларды салыстыру арқылы беріледі (Ежелгі Грек тарихы бойынша «қала» деген түсінік «мемлекет» орнына қолданды). «Рахымды қалада» билеуші мен оның тұрғындарының дүние және бақыт жөнінде шынайы түсінігі бар. «Рахымсыз, күнәға батқан қалада» ондай ұғым жоқ.

Әл-Фараби мынадай адамгершілік қасиеттерді атап көрсетеді: шындықты сүю, игіліктілік, мінез парасаттылығы. Тұтас алғанда, Әл-Фараби Платонның философ-билеуші идеясын қолдайды. Ол ғалымдарды қоғамның жүрегі деп санайды.
Ұлы ойшыл бабамыз Әл-Фарабидің бай мұрасы қазақ халқының саяси санасын жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның, оның ішінде саяси білімдердің дамуына игі әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет