Саясаттану политология – гректің «politike» және «logos»



бет2/6
Дата25.04.2023
өлшемі1,42 Mb.
#86618
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Презентация 1 тақырып Саясаттану

Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.

Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.


Платон
Аристотель

Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.

  • Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.
  • Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін керсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.
  • Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте ағылшын ғалымдары Дж. Локк, Т. Гоббс, француз ағартушылары Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, американдық теоретиктер Т. Джефферсон, Т. Пейн, немістің атақты философтары И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдардың еңбегі сіңді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет