46
саяси билік туралы ой-пікірлері “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары
туралы”, “Азаматтық саясат”, “Саясат туралы” деген еңбектерінде кең орын
алған.
Саяси билікті Әл-Фараби рахымды және рахымсыз деп екіге бөледі.
Қайырымды, мәдениетті, білімді басқару халықты бақытқа бастайды, олардың
іс-әрекетін, ерік-қасиетін дұрыс жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң
күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан билеушілер теріс
әрекеттер мен жаман қасиеттерге бой алады. Сондықтан Әл-Фараби надан адам
басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір
сынайды.
Жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана адам шын мәнінде бақытты
өмір сүре алады деп айта келіп, сол себептен азаматтардың дұрыс билік
қалыптастыруды талап етуі заңды деп қорытындылайды.
Әл-Фараби Платонның философ-билеуші идеясын қолдайды. Ел
басқарушы (билеуші) қоғамдық организмнің жүрегі деп санайды. Оның қызметі
денені емдейтін дәрігердің қызметіндей, бірақ ел билеуші денені емес, адам
жанын емдейді деп түсіндіреді.
Ел билеушінің мынадай адамгершілік қасиеттері болуын атап көрсетеді:
шындықты сүю, ізгіліктілік, игіліктілік, парасаттылық, білімділік және т.б.
Саяси билік мәселесінің дамуына өз үлесін қосқан ойшылдардың
қатарына жоғарыда аталған Фома Аквинский де жатады. Оның ұсыныстары
орта ғасырлардағы Батыс Еуропа елдеріндегі саяси жағдайға байланысты
болатын. Осы аумақтағы елдердегі католиктік шіркеу басшылары мен
монархияның (зайырлы биліктің) арасындағы билікке таласу шиеленісі
ғасырларға созылды. Шиеленістің зардабынан халық әртүрлі соғыстарға
ұшырап, ойшылдар, зиялылар, Джордано Бруно, Галилео Галилей, Николай
Коперник және тағы басқалары қатал азап шекті. Шіркеудің билікке таласуы
ғылымның дамуына кедергі келтірді.
Осындай жағдайда жауласып жатқан екі жақты бірлестіруге амал іздеген
Фома Аквинский болды, өзі теолог (діни ілім өкілі), құдайшыл болғанымен ол
ғалым да болатын, сол себептен ғылымның даму жолдарын қарастырып,
зайырлы қауымды қолдайтын, екі жақты бірлестіретін амал іздеді. Оның шешуі
–
құдай мәселесі болды. “Билік шіркеуден де емес, монархтан да емес – билік
құдайдан», - деп тұжырымдады Фома Аквинский. Ғалымның осы қағидасы
саяси ғылымға “университас” деген ұғыммен кірді (universitas – латын тілінде
Достарыңызбен бөлісу: