Саясаттану


Саяси және мемлекеттік билік



Pdf көрінісі
бет31/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   131
3. Саяси және мемлекеттік билік
Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек. Саяси билік 
ол  мемлекеттік  биліктің  құрамын  қалыптастыратын  жүйе.  Саяси  билікке 
жататындар:  қоғамда  ресми  қабылданған  саяси  топтар,  саяси  партиялар, 
қоғамдық  ұйымдар,  сайлау  жүйелері  мен  сайлаушылар.  Кейбір  елдерде 
парламентті  қалыптастыратын  көппартиялық  жүйе  (Франция,  Италия),  ал 
кейбір елдерде екіпартиялық жүйе (АҚШ, Англия) орныққан.
Саяси  билік  адамзат  тарихында  ежелгі  заманнан  бар.  Мысалы,  қазақ 
даласы  тарихындағы  ақсақалдар,  ақсүйектер,  билер  кеңесі  болса,  ал  славян 
халықтарында X-XIV ғасырларда вече, рада болды. Бұл саяси билік өзі тікелей 
билік  етпегенмен,  әулеттің  көптеген  өкілдерінің  ішінен  кім  хан,  кім  князь 
болуын  ұйғарып  отырды.  Бұл  қазіргі  демократия  тәртібіндегі саяси  партиялар 
мен әртүрлі қоғамдық топтарға ұқсайды. 
Ал  мемлекеттік  билік  ол  саяси  биліктің  ұйғарған  уәкілділігін  іске 
асыратын жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент 
қалыптастырады,  яғни  мемлекеттік  биліктің  құрамын  құрастырады.  Осы 
мемлекеттік  билікке  қоғамның  барлық  мүшелері  тегіс  бағынады.  Ал  саяси 
билікте  ондай  өкілеттік  болмайды.  Мысалы,  саяси  партия  саяси  биліктің 
құрамында  болғанымен  саяси  партиядан  қоғам  мүшелері  тәуелсіз,  партияға 
бағынатындар әрбір партияның өз мүшелері ғана.
Саяси биліктің негізгі мақсаты – мемлекеттік билікті қалыптастыру. 
Мемлекеттік  билік  саяси  биліктің  ең  жоғарғы  сатысы  болып  табылады. 
Мемлекеттік билік саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік қоғамның 
мүддесінен  туындайды.Саяси  билік  негізінен  қоғамның,халықтың  қалауына 
байланысты  қалыптасатын  тарихи  үрдіс.Мемлекеттік  биліктің  заңды  болуы 
оның легитимдігімен, халықтың мойындауымен анықталады.
Саяси  биліктің  легитидігі  жөнінде  ғалымдар  ерте  заманнан  бастап-ақ 
әртүрлі  пікірлер  айтып,  тұжырымдамалар  жасаған.Солардың  негізгілеріне 
тоқтала кетейік. 
Конфуций легитимді  билік  өз  халқына  қайырымды  билік  түрі  екеніне, 
халықтың  сенімінсіз  мемлекет  өмір  сүре  алмайтынына  назар  аударады.  Ол 
мемлекет  басқаруда  халыққа  қатаң    жаза  қолдану  мен  қатаң  билік  жүргізуге 
қарсы  шығып,  алдымен  халықты  ашықтырмау,  оқыту  және  адамгершілікке 
баулу  қажеттігін  айтады.  Ел  басқарушы  қоғамның  әрбір  мүшесінің  өз  міндеті 
мен құқығын жүзеге асыруына жағдай жасауы керектігін және әрбір жеке адам 
қоғамда өз міндетін атқаруға тиіс екенін ескертеді.
Конфуций  қоғамдағы  тәртіп  пен  адамгершілікті  маңызды  санап, 
мемлекет  қызметкерлерінің  ролін  жоғары  бағалайды.  Оның  пікірінше,  билік 
иелері  –  билік  жүргізу  құқына  адамгершілік,  білімділік,  тәртіптілік,  халыққа 
қайырымдылық  қасиеттері арқылы жетуі тиіс.


51
Платонның  пікірінше,  легитимді  билік,  ол  халық  қалайтын,  таңдап 
алатын  билік  -  дана  философтар  басқарған  мемлекет,  себебі  ақиқат  білімді 
меңгеру сол таңдаулы адамдардың қолында.
Ол  мемлекетті  басқарудың  тимократия,  олигархия,  тирания    түрлеріне 
қарсы, тіпті демократияны да қаламайды, себебі  билікті қоғамның шағын тобы 
иемденіп кетуі мүмкін деп есептейді
Аристотель  биліктің  легитимділігін  төмендегідегі  принциптер  арқылы 
анықтайды, олар: 
1) аристократия – қайырымдылық
2) олигархия - байлық
3) демократия – еркіндік
Оның  ойынша,  легитимді  билік  -  полития,  себебі  ол  осы  үш  принципті 
қамтиды. Легитимді емес билік үстемдігінен арылу жолын мемлекттегі орташа 
таптың қалыптасып, дамуымен түсіндіреді.
Цицеронның  ойынша,  легитимді  билік  - әртүрлі  мемлекеттік  басқару 
түрінің  өзара  араласуы,  қосылуы.  Мысалы,  монархиялық,  аристократиялық 
және  демократиялық  билік  түрлерінің  бірігуі.  Биліктің  осылай  біріккен  түрі  
бәрінен  де  тиімді  (монархия  – қайырымдылықтың,  аристократия  –  ақылдың, 
демократия – еркіндіктің белгісі болып саналады).
Әль  –  Фараби  Платонның  мемлекет  туралы  ілімін,  Аристотельдің 
этикалық  ілімін  негізге  алып  легитимді  билік  ол  қайырымды  қала  (мемлекет) 
деген қорытынды жасайды. Оның ойынша, қайырымды қала басшысы барлық 
ізгі қасиеттердің (білім, даналық, батылдық, ар-ұят) иесі болып табылады.
Ибн-Халдун – мұсылмандық Шығысқа аты әйгілі ғалым. Оның биліктің 
легитимділігі туралы ойларында елбасының билік сипаты өз халқының билікті 
адамгершілік    тұрғысынан  мойындауына  байланысты  екеніне  ерекше  көңіл 
бөледі.  Өзінің  «Муккадина» атты  трактатында халықтың  қалауындағы  билік -
халифат билігі, себебі халифат -  әділеттілікке, сенімге, мұсылман құқықтарына 
негізделген халықтың «өз» билігі деп түсіндіреді.
Томас  Гоббс  биліктің  легитимділігі  туралы  ойларын  қысқа  түрде: 
«ешкімнен ештеңені тартып алуға болмайды, егер ол нәрсе сол адамдікі болса» 
деп баяндайды. Өзінің «Левиафан» атты  еңбегінде қоғамдағы анықтаушы негіз 
адамға  жаратылысынан  берілетін  «табиғи  құқығы»,  ал  өкімет  адамның  осы 
құқығын  мүлтіксіз  қорғауы  қажет  екенін  көрсетеді. Оның  пікірінше,  адам 
табиғаты,  жаратылысы  кезкелген  мемлекеттік  биліктен  жоғары,  сондықтан 
ашық қоғамдағы билік құрушылар өз азаматтары. Сондықтан легитимді өкімет 
– халық өклеттілігі  орнаған билік түрі.
Н.Макиавелли  «Тақсыр» атты  еңбегінде  «халық  қалауы қандай  өкімет, 
қандай  өкіметті  легитимді  санауға  болады:  қатаң,  қатыгез  билік  пе,  әлде 
адамгершілік  ұстанымын  сақтап  барлық  тәртіп  бұзушылыққа  төзімді  өкімет 
пе?»  деген сұрақтар қойды. Автордың пікірінше, бұл аталған билік түрлерінің 
ешқайсысы  легитимді  емес.  Себебі  халық  қалауы  бойынша  легитимді  өкімет 
деп  тану  мемлекетті  адамгершілік,  әділеттілік  заңына  ғана  сүйеніп  басқару
жолы.  Н.Макиавелли  адамгершілік тұрғысынан көрінуі  үшін   қылмыскерлерді 
жазасыз  қалдыратын  билікті  қатты  сынайды.Себебі  тәртіп  бұзушылар  саны 


52
күрт өсіп халық арасындағы берекесіздікке, мемлекеттің құлдырауына жеткізсе, 
автордың  ойынша,  бұл  өкіметтің  өзі  қылмыскер.  Н.Макиавеллидің  пікірінше, 
ең  маңызды  саяси  мәселе  -  мемлекеттің  беріктілігі,  біртұтастығы  және 
қоғамның  игілігі  болуы  тиіс,  сондықтан  осы  мақсаттардың  орындалуы  үшін 
барлық  саяси  әдіс,  құрал  қолданылуы  қажет.  Міне,  Макиавеллидің  осы 
пікірлері  негізінде,  жоғарыда  атап  көрсеткеніміздей  «макиавеллизм»  термині 
қалыптасты. Ал бұл қағидадан саясат пен адамгершілік (этика) бір-біріне қарсы 
немесе  бірінен-бірі  жоғары    деген  қортынды  шықпайды.  Н.  Макиавеллидің 
түсінігінше,  аталған  әдіс,  құрал  мемлекетті  сақтау,  қоғамдағы  тұрақтылықты 
орнату  үшін  қолданылатын  мемлекеттік  саяси  іс-қимыл,  қызмет  түрі. 
Сондықтан  Н.Макиавелли  мемлекеттік  заңдылық  пен  толық  жариялылық 
негізінде  мемлекеттік  жазалау,  күш  қолдану  әдістері,  құралдары - саяси 
қажеттілік  деп санады.
Ш.Монтескье    биліктің  легитимді  болуының  нақты  шарты  ретінде 
мемлекеттегі  құқық  мәртебесінің  жоғары  болуын  жүзеге  асыруды  ұсынды.
Оның  ойынша,  саяси  билікті  жеке  басының  мүддесіне  пайдалану    адамның 
табиғи  жаратылысынан  берілген  қасиет.  Сондықтан  билік  иелерін,  мемлекет 
қызметкерлерін  заң  арқылы  тежеп  ұстау  қажет.  Билікті  бақылаушы,  әділетті 
атқарушы  саяси  күш  табыла  ма?  –  деген  сұрақ  туындайды.  Бұл  сұрақтың 
жауабын  Ш.  Монтескье  саяси  білімдердің  ұлы  жетістігі  болып  саналатын 
мемлекет  билігін  бөлу  теориясында  берді.  Бұл  теорияның  бастауы  болып 
ежелден  қалыптасқан  Аристотельдің,  Цицероннның  ,  Аквинскийдің  және 
Локктың  мемлекетті  аралас  басқару  түрі  туралы  идеялары  саналады.  Билікті 
бөлу  теориясында  билік  заңшығарушы,  атқарушы  және  сот  билігі  болып 
бөлінеді,  нәтижесінде  биліктің  осы  түрлері  бір-бірін  өзара  тежеп  бақылауда  
ұстайды.
Дж.  Локк  өкіметтің  легитимді  болуын  мемлекеттегі  тепе-теңдік 
принципінің сақталуымен түсіндірді, бұл билік пен құқықтың бір-біріне сәйкес 
келуі. Оның ойынша, өкіметтің легитимді болуы адамдардың өз еркімен табиғи 
құқықтарынан бас тартуы арқылы қоғамдық келісімге келуіне байланысты. Ал 
қоғамдық  келісім  негізінде  құрылған  мемлекет  өз  кезегінде  адамның  табиғи 
құқығын  қорғайды; ал  тұлға  мемлекеттен  жоғары  тұрса  ол  қоғамда  легитимді 
өкімет құру мүмкіндігі толық жеткілікті. 
Хайек  Фридрих  фон  Август  австриялық  экономист  және  саясаттанушы, 
философ.  Оның  пікірінше,  өкімет  билігінің  легитимді  болуы  тоталитаризмде 
мүмкін  емес,  себебі  бұл  саяси  режимде  өкімет  қоғамды  бір  ғана    бағдарлама 
негізінде  басқарады,  ал  осы  жағдайда  әрбір  жеке  адамның  белсенділігі 
төмендеп  өз  қаблетін  іске  асыруға  ешқандай  мүмкіндік  берілмейді.  Бұл  жеке 
адамның  ішкі  наразылығын  күшейтіп,  қоғамда  конформизмнің  орнығуына 
әкеледі. Тоталитаризм қоғамдағы моралдық құндылықтардың төмендеуіне және 
экономиканың күйреуіне соқтырады. 
Немістің  көрнекті  ғалымы  Макс  Вебер  легитимді  үстемдіктің  (саяси 
биліктің) үш түрін айқындайды: дәстүрлік, харизматикалық, ашық (жария). 
Біріншісі,  дәстүрлік үстемдік.  Бұл  билік  киелі  дәстүрге  (сенімге) 
негізделеді.  Сонау  ерте  заманнан  бастап  халықтың  санасына    сіңген,  әбден 


53
бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, халық 
хандықты,  патшалықты  дәстүрлі  түрде  мойындаған.  Қоғамдағы  әртүрлі 
дағдарыстар  үшін  нақтылы  ханды,  патшаны  ғана  кінәлағанмен,  ал  патшалық, 
хандық оған кінәлі деп есептелмеген. 
Легитимді үстемдіктің екінші түрі – харизматикалық. Харизма – ерекше 
дарынды,  ақылды,  батыр  және  басқа  да  үлгілі  қасиеттері  бар  адам.  Ондай 
адамның  билік  жүргізуін  қоғам  толық  мойындайды.  Халық  тек  ғана  сол 
басшыға  бағынып,  соған  ғана  сеніп,  оны  көсем  дәрежесіне  көтеруге  дейін 
барады. 
М.Вебердің  ойынша,  құқықтық  мемлекет  негізделетін  легитимді 
үстемдіктің  үшінші  түрі-- ашық,  жария үстемдік.  Қоғамға  үстемдік  етуші  
адам  емес,  заң  болуы  тиісті;  ал  ашық,  жариялылық  билік  демократиялық 
талаптарға  сәйкес  келетіні  белгілі.  Демократиялық  жағдайда  мемлекеттік 
биліктің легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет:
-  билік  халықтың  қалауы  бойынша  қалыптасуы  және  көпшіліктің еркіне 
қарай орнатылуы. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде 
белгілі  бір  мезгілге  халық  сайлайды    және  оның  жұмысын  бақылап  отыруға 
мүмкіндіктің болуы тиіс
- мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы 
керек. 
Сонымен,  легитимді  билік  туралы  ойшылдардың,  саясаттанушы 
ғалымдардың тұжырымдамаларын қорытындыласақ, барлық мемлекеттік билік 
саяси билік болып табылады, бірақ барлық саяси билік мемлекеттік билік бола 
алмайды.  Поляк  саясаттанушысы  Ежи  Вятр  атап  көрсеткендей,  саяси  билік  –  
әлеуметтік  топтар  арасындағы  қатынастардың  түрі,  ал  мемлекеттік  билік 
арнайы мекемелер арқылы жүзеге асырылатын билік түрі. 
Саяси және мемлекеттік биліктің ара қатынасы билікті бөлу ұсынымына 
сәйкес болуы қажет. Әсіресе мемлекеттік биліктің легитимді болуына  бірінші 
кепілдеме  -  шын  мәніндегі  халық  қолдайтын  конституция.  Мысалы,  бұрынғы 
кеңестік кезеңде мемлекеттік билік саяси биліктің қалыптасуына тыйым салып, 
саяси  жүйенің  барлық  құрылымын  мемлекеттендірудің  негізі  болды.  Саяси 
ұйымдар  мен  саяси  партиялардың  өздігінше  дамуына  жол  берілмеді.  Билік 
түгелдей  бір  орталыққа  топтастырылды,  әлеуметтік  бастамалар  көтеру, 
шешімдер  қабылдау,  халықтың  шынайы  еркін  білдіретін  қозғалыстар 
қудаланды  және  бәрі  де  қатал  орталықтандырылды.  Бұл  жетпіс  жыл  бойы 
қуатты  мемлекеттердің  бірі  болған  Кеңес  Одағының  тоқырауға  ұшырауының 
негізгі себебі болды. 
Кейбір  саясаттанушылар  “биліктің  ешқандай  да  түрі  керек  емес,  қоғам 
өзімен-өзі  биліксіз  өмір  сүре  береді”  деген  де  пікірлер  айтады.  Бұл  анархизм 
идеологиясы.  Бұл  жолдың  да  болашағы  жоқ,  себебі  бұл  қағидалар  қоғамды 
ретсіздікке, жаппай тәртіпсіздікке соқтыру мүмкін. 
Сондықтан  алдыңғы  қатарлы  дамыған  елдерде  биліктің  орталықтануы 
мен  шоғырлануынан  саналы  түрде  бас  тартып,  барлық  азаматтардың  өкімет 
шешімдерін  қабылдауға  араласуына,  билікке  қатысуын  қалайды.  Содан  да 
болар,  қоғамның  қарқынды  дамуына  жағдай  жасалып,  халықтың  тұрмыс-


54
тіршілігі  жайлы  саналатын  қазіргі  өркениетті  елдер  деп  аталып  жүрген 
мемлекеттердегі  демократиялық  республика,  конституциялық  монархия  және 
т.б. биліктің түрлері легитимді деп саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет