141
көпшіліктің қалауы негізінде шешім қабылдау принципіне негізделген. Алайда,
дауыстарды “иә” және “жоқ” сипатындағы механикалық санақ, қарапайым
есептеу принципіне ғана негізделген дауыс беру жүйесінде көпшілік үстемдігі
әміршілдігі сақталады. Сол себепті адамзат бүгін де демократияның
келешектегі әдістері мен деңгейі әлі де пісіп-жетілген жоқ, сондықтан
демократияның болашақ үлгісін ойлап табу керек деп есептейді. Көпшілік
қалауы принципі қазірдің өзінде өзара саяси қарсылықты күшейтіп,
мемлекетті
күйзеліске жеткізу жағдайы көп кездеседі. Көпшілік принципінің ең басты
кемшілігі - азшылық пікірін түгелдей жоққа шығару болып саналады.
Көпшілік үстемдігі – демократияның негізгі шарты екені анық, бірақ бұл
әділдік принципінің бұрмалануы. Сол себептен, консенсустің міндеті –
азаматтардың ортақ мақсат үшін өз ойын ашық білдіретін әртүрлі пікірлерді,
ұсыныстарды, идеяларды жинақтау.
Консенсустың нәтижелі болуы азшылықықа ешқандай қысым
жасалмауына, озбырлық күш қолданбауға тікелей байланысты.Себебі
көпшіліктің өзінің де қателесуі мүмкін, ал азшылықтың айқын саяси шешім
ұсынуы мүмкін. Мысалы, Кеңес өкіметі тұсындағы «халық жаулары» атанған
қазақ зиялыларының жалпы халық саны бойынша алғанда азшылықты
білдіргені тарихтан белгілі. Бірақ азшылық болғанның өзінде КСРО бойынша
олардың саны 10 миллионнан асқан еді.
Тағы бір мысал: БҰҰ-ның бүкіл қызметіне (осы ұйым құрылғаннан бастап)
талдау жасалғанда, Бас Ассамблеяның көптеген резолюцияларының
тиімсіздігіне себеп болған олардың жалпы көпшіліктің шешімімен
қабылдануынан екені анықталды.Себебі көпшілік принциппен қабылданған
шешімнің барлық кезде нәтижелі бола бермейтіндігін өмірдің өзі дәлелдеп
отыр. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымында тіпті бір ғана мемлекет мүддесіне
қарсы қабылданған шешім ақыр соңында ұтымды болып шықпайтыны белгілі.
Қазіргі таңда БҰҰ-ның көптеген мүшелері осы замандық жағдайларда
саяси тиімді шешімдерді қабылдауға апаратын бірегей жол—ол консенсус әдісі
деген
тоқтамға келді, статистикалық деректер де осыны көрсетеді. Мысалы, Бас
Ассамблеяның 13-ші сессиясында консенсус әдісімен барлық 112
резолюцияның 39-ы (35%) қабылданса, ал 40-шы сессияда 259 резолюцияның
184-і (70%) осы жолмен қабылданды.
Консенсустік пікір тепе-тең мүмкіндіктер әдісі болып табылады.
Сонымен ортақ қоғамдық пікір консенсус арқылы қоғамның барлық
мүшелерінің пікірлерінен қалыптасады. Кез-келген мәселені шешу барысында
көзқарастардың барлығы да ескерілуі, талқылануы қажет.
Консенсус барлық басқа тәсілдер алдында әлеуметтік-саяси қарама-
қайшылықтар мен дауларды тиімді шешуге мүмкіндік беретін практикалық
қолданыстағы талассыз амал болып саналады. Ол осы заман үшін бір жағынан,
мүдделердің жіктелуіне, екінші жағынан, әртүрлі әлеуметтік топтар
мүдделерінің үйлесуімен сипатталады. Консенсус қоғамдық пікірдің саяси
процестерге тікелей ықпал етуін бейімдеп қана қоймайды, қоғамдық пікірдің
өзін қалыптастырады.
142
Консенсус тарихи эволюцияға ие. Егер орта ғасырларда феодалдық
мемлекетті ішкі тартыстар әлсіретіп, оларды тоқтататын тек ғана абсолюттік
жоғарғы өкімет болса, ХХ ғасырда қоғамдық өзара қақтығысты реттейтін
көпшілік мүддесі, көпшілік принципі арқылы қалыптасатын халық билігі
орнады. Қазіргі саяси шешімдердің негізі болатын жеке адамның құқық теңдігі.
Тіпті олардың тасасында белгілі бір бөліктің, мейлі аз болсын, немесе толық
құқықты меңгерген нақты азаматтардың шоғыры тұрсын, бірде-бір шынайы
адамгершілік көзделген мүдде жалғандықпен жойылып жіберілмейтін жүйені
құру.
Қорыта
келгенде, саяси шиеленістер – адамзат қоғамында заңды, міндетті
түрде орын алатын саяси құбылыс, әлеуметтік өзара әрекет үлгісі ретінде
сипатталады, сондықтан шиеленістер кездейсоқ оқиға болып саналмайды.
Саяси шиеленістер -
әлеуметтендіру жолдарының бірі, қоғамның
бақылауындағы болуы қажет саяси құбылыс. Әлеуметтік шиеленіс әлеуметтік
прогресстің басты қозғаушы күштерінің бірі ретінде анықталып, барлық
уақытта жұп түрінде өмір сүреді: шиеленіс – келісім, шиеленіс – тұрақтылық,
шиеленіс – тәртіп, шиеленіс – тыныштық, шиеленіс – консенсус.
Әртүрлі саяси пікірлер әлеуметтік жүйенің тоқырауының алдын алып,
жаңалықтарға (реформаларға) жол ашады. Осы себептен консенсус (келісім)
қоғамның
қалыпты жағдайы, ал шиеленіс – уақытша жағдайы болып саналады.
Тұтастай алғанда, әлеуметтік шиеленіс концепциясын жақтайтындар
үшін шиеленістерді антагонистік емес қарама-қайшылықтар тұрғысында
қарастырудың, оларды реттеу мүмкіндігі бар екеніне сенімді болудың маңызы
өте жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: