Саясаттану



Pdf көрінісі
бет90/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Неореализм  (“құрылымдық  реализм”,  “структурализм”  (К.Уолц, 
Р.Гилпин,  Б.Базан,  Д.Грейко)  бір  жағынан  ұлы  державалардың  өзара  іс-
қимылының  нәтижесінде  біріккен  халықаралық  жүйе  құрылымын  талдау 
барысында  пайдаланылатын  “саяси  реализмнің”  басты  ұғымының  маңызын 
жоғары  бағалайды.  Ал,  екінші  жағынан,  “неореализм”  белгілі  бір  дәрежеде 
“модернизммен”  (халықаралық  процестерді  зерттеу  әдістемесі)  және 
“трансұлтшылдықпен”  (жекелеген  мемлекеттерді  жаһандану  жүйесінің 
элементтері ретінде тану) жақындасады. 
Халықаралық  қатынастарды  ғылыми  зерттеудегі  жаңалық  болып  нақты 
деректер негізінде модельдер құру, халықаралық саясаттың нақты мәселелерін 
зерттеуден тұтас ішкі өзара байланыстағы әлемдік қауымдастық, халықаралық 
тәртіп  проблемаларын  талдауға,  халықаралық  қатынастарды  әлемдік  даму 
процестерінің  құрамдас  бөлігі  ретінде  түсінуге  өту  саналады. Бұны 
“тәртіптелген  өзгерістер”,  “әлемдік  дамуға  бағытталған”,  “орнықты  даму” 
концепцияларының пайда болуы айғақтайды.
Халықаралық қатынастар проблемасында жоғарыда аталған бағыттармен 
қатар  әлемдік,  халықаралық  және  ішкі  саясат  болып  жіктелуі  саяси  ғылымда 
маңызды орын алады. 
Ең  алдымен,    халықаралық  қатынастар  проблемасын  талдаудан 
бастайтын болсақ - ол мемлекеттің территориялық шекара аумағынан шығатын
билік  қатынастары  (билікті,  байлықты,  ықпалды  бөлу  және  бекіту)  бойынша 


146
өзара іс-қимыл жиынтығы. Бұл ретте бұл қатынастар мемлекетпен бір мезгілде 
туындайды.  Мемлекетке  дейінгі  орын  алған  тайпааралық  қатынастар  (жерді 
ортақ мекендеу, біріккен аңшылық кәсіп, материалдық құндылықтардың өзара 
алмасуы)  тұрғысында  өзінің  және  өзге  аумақтың  егемендігін  сақтауды  және 
қандай  да  бір  саяси  ұйымның  билік  үстемдігін  көздеген  жоқ.  Сондықтан 
мемлекеттер  арасындағы  байланыстар  ағылшын  философы  және  заңгері 
Д.Бентам  (1748-1832)  енгізген  “халықаралық  қатынастар”  ұғымымен 
сипатталатын болды. Алайда, уақыт өте келе бұл ұғымының мазмұны ұлғайды; 
қазіргі  кезде  мемлекеттік  іс-қимылдар,  аумақтық  құрылымдар  шеңберінен 
шығатын,  мемлекеттер  арасындағы  саяси,  экономикалық,  дипломатиялық, 
әскери,  мәдени  және  де  өзге  байланыстар  жиынтығын,  халықаралық  көлемде 
(әлем халықтары арасында) негізгі әлеуметтік, экономикалық және мемлекеттік 
қызметті бейнелейтін қоғамдық қатынастардың айрықша түрі деп анықталды. 
Халықаралық қатынастар түрлері  мынадай: 
1)  қоғамдық  өмір  салалары  мен  қатынастардың  мазмұны  бойынша  –  саяси, 
экономикалық, әскери-стратегиялық, мәдени, идеологиялық, дипломатиялық
2)  өзара  іс-қимылға  қатысушылар  бойынша  –  мемлекетаралық,  әртүрлі 
халықаралық  ұйымдардың,  трансұлттық  корпорациялардың  (ТНК)  және 
басқаларының арасындағы қатынас
3)  қатынастар  сипаты  бойынша-- құқықтық  реттеу  сипатынан  туындайтын 
мемлекетаралық  қатынастар,  іс  жүзіндегі  мемлекеттің  ішкі  құзырына  кіретін, 
алайда  халықаралық-құқықтық  реттеу  (халықаралық  жеке құқық)  саласына 
жататын мемлекеттік емес сипаттағы мемлекетаралық қатынастар. 
4) Халықаралық қатынастар ынталылық дәрежесіне қарай --қалыпты – қалыпты 
емес, сенімді – алауыздық, ынтымақтастық – шиеленістік болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет