148
1)
Жоғарғы державалар (супердержавалар) – халықаралық жүйеге және оның
барлығы мүшелеріне сан және сапа жағынан ықпал етуге мүмкіндік беретін
барлық ресурстарды (адами, экономикалық, дипломатиялық, жағырапиялық
және әскери) иемденген мемлекеттер. Бұлар халықаралық саясатта жаһандық
“күш орталықтары” мысалы, “қырғи-қабақ соғыс” дәуіріндегі АҚШ пен КСРО.
2)
Ұлы державалар - әлемдік дамуға елеулі ықпал ететін, алайда халықаралық
қатынастарға
үстемдік
жасамайтын
мемлекеттер.
Олардың
нақты
мүмкіндіктері, өздерінің ролі белгілі бір аймақпен, мемлекетаралық
қатынастардың жекелеген саласымен шектеледі. Жаһандану жүйесінің
қалыптастыру мәселелерін шешу оларға байланысты емес. Бұндай мемлекеттер
аймақтық “күш орталықтары”, “квазижоғарғы державалар” болуы мүмкін,
қазіргі жағдайдағы – Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Жапония.
3)
Орта державалар – жақын маңайға берік ықпал ететін Қазақстан және
Еуропа мен Азияның біраз елдері.
4)
Кіші мемлекеттер – халықаралық қатынастарға бәсең ықпал ететін, алайда
өзінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға жеткілікті құралдарды
иемденген Нидерланды, Дания, Швеция, Австрия және тағы басқалары;
5)
Шағын мемлекеттер – сапа деңгейі ретіндегі жер аумағының көлемі
бойынша шағын, халқының саны 1 миллион адамнан аспайтын Лихтенштейн,
Сан-Марино, Люксембург, Андорра және т.б.
2.
Типтік (дәстүрлі) емес қатысушылар. Қазіргі уақыттағы экологиялық
проблемаларының өзектілігімен, ғылыми-техникалық прогресс әсерімен,
коммуникацияның дамуымен мемлекеттік емес (трансұлттық, типтік емес)
халықаралық қатынастардың қатысушылары әлемдік аренада іс-әрекет
жасаушылар; “екінші әлем” терминімен (Дж.Розенау) аталатын бұл
халықаралық ұйымдар, (трансұлттық корпорациялар, өзге де қоғамдық күштер
мен қозғалыстар) қазіргі кезде зор маңызға ие болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: