165
толықтыруға тиіс. Вебердің пікірінше, ХХ ғасырда қоғам мен мемлекет
арасындағы қатынас мәселесін шешетін тек ғана жеке басшы, себебі әлем
көлемінде бұл кезең демократияландырудың басталған кезеңі.
М.Вебер көсемдер (лидер), саяси биліктің типологиясы, әлеуметтік
жіктелу проблемаларын зерттеуде өте маңызды тұжырымдамалар жасады.
Мысалы, әлеуметтік таптық жіктелу проблемасын алатын болсақ, ол маркстік
таптар теориясынан тіпті өзгеше. Маркс қоғам мүшелерін өндірістік қатынастар
негізінде таптарға бөлетін болса, Вебердің таптық жіктеуіндегі негізгі белгілер:
байлығы мен табыс мөлшері, білім дәрежесі, таптық сезімі (яғни, белгілі бір
тапқа жататынын сезінуі). Бұнда таптық жіктелу тек ғана өндірістік
қатынастарға байланысты емес, құндылық бағдарының өзгешеліктері де
ескерілетін жеке адамның әлеуметтік бағасына негізделеді. Сонымен,
К.Маркстің тұжырымдамасы бойынша, ХІХ-ХХ ғасырларда дәстүрге айналған
таптық жіктеу (байлар, жұмысшылар мен шаруалар, зиялылардың әлеуметтік
тобы) ғылымда қайта қаралды.Оны Маркстен кейінгі бірінші болып жаңадан
тұжырымдаған Макс Вебер болды.Әлеуметтік таптық жіктеу мәселесі бойынша
М.Вебердің және бір маңызды тұжырымдамасы - қоғамдағы орташа таптың
орны туралы болатын. Марксистік теория бойынша орта тапты ескі қоғамдық
құрылыспен бірге жойылып бара жатқан тап деп оған мән бермесе, М.Вебер
«орташа тапқа», «орташа топқа» айрықша назар аударады. Шын мәнінде,
экономикалық жағынан дамыған елдерде орташа тап азаматтық қоғамның тірегі
және елдің саяси тұрақтылығының әлеуметтік негізі болып табылады деген
идеясы қазіргі кездегі бүкіл әлемдік саяси өмірде үлкен қолдау тауып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: