ИСТОН ДАВИД (1917 жж.) – канадалық саясаткер, 1981 жылдан бастап
Калифорния университетінің саяси ғылымының профессоры. 1968-1969
жылдары Америка саяси ғылымдар ассоциациясының президенті.
Саясаттануда ең бірінші болып жүйелік әдіс қолданған. Истонның үш томдық –
“Саяси жүйе” (1953), “Саяси жүйелерді зерттеу әдіс-тәсілдері”, “Саяси өмірді
зерттеу жолдарының талдануы” (1965) атты еңбектерінде саяси өмірді жүйелі
талдауды ұсынады. Истон бірінші кітабында саяси ғылымда жалпыға бірдей
теорияның қажеттілігін дәлелдесе, екіншісінде теорияның концептуальдық
жүйесін, негізгі түсініктер мен категорияларды зерттеп бірқатар теориялық
пікірлер ұсынады. Үшінші кітабында ол өзінің концепциясын тәжірибе негізіне
қалай пайдаланылатындығын жазады. Бұдан өзге Истон ғылыми түсініктерді
әрүрлі жағдайларда қолдану мақсатында оларды жан-жақты талдайды. Ол
қоғамда тіршілік процестерін бөлшектеп көрсетіп, саяси өмірді жүйе ретінде
қарастырады. Истон мынадай сұраққа жауап берді: “Күнбе-күн дағдарысқа
ұшырап отыруына қарамастан әрбір жүйе қалай сақталып қалып отыр?”.
Истонның саяси талдау әдісі көптеген жетістіктерге ие болды. Ол саяси
жүйені элементтерінің жай ғана байланысы деп қарамай, өзгеріп отыратын
қозғалмалы субстанция деп қарастырған. Ол саяси жүйенің элементтері өзара
қарым-қатынаста болады, қоғамда құндылықтарды бөлу заңдылығы
қалыптасады. Сол себептен қоғам мүшелері арасында саяси тартыстарды
жүйелік заңдылықтар шеңберінде анықтау қажет деп тұжырымдайды.