Саясаттану



Pdf көрінісі
бет39/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Бақылау сұрақтары 
1.
Адам 

саясаттың субъектісі мен объектісі
.
2.
Адамның саяси субъекттілігі немен сипатталады? 
3.
Саяси социализация дегеніміз не? 
4.
Саяси белсенділікті жоғарылатудың алғышарттары
.
5.
Әлеуметтік стратификация (әлеуметтендіру) деген ұғымның мәні мен 
авторы? 
6.
Қоғамның әлеуметтік құрамындағы орта таптың ролі
.
7.
Тұлғаның қоғамдық
-
саяси өмірге белсене араласуының маңызы неде? 
8.
Ұлттық саясаттың негізгі бағыттарына не жатады? 
9.
Саяси элита туралы теориялар
.


123
Х тарау
САЯСИ ПРОЦЕСС: ШЕШІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТ
1
. Саяси процесс 

саяси жүйені дамытушы күш
«Саяси процесс»
(соңғы кездері «саяси үрдіс» деп те айтылып жүр), 
әлеуметтану мен саясаттану ғылымдарында өте жиі қолданылатын ұғым. Бірақ 
бұл ұғымның мәні, саяси өмірде алатын орны, тарихи қалыптасқан түрлері, 
құрылымы туралы зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Ал, саяси процестің жалпыға 
бірдей түсінік үлгісін жасаудың өзі әрі маңызды да, іс жүзінде бағалы екені 
даусыз. 
Саяси процесті танып
-
білу үшін оны құрайтын бөліктерді анық айыра 
білу ғана емес, олардың өзара байланысын, бірігуін, бір
-
біріне ауысатын 
кездерін, тағы да басқа тәртіптерін анықтай білу қажет. Сонымен қатар саяси 
процесс қандай жағдайда өтеді, сипаттары қандай (ынтымақтастықта ма,
жанжалды ма, қарама
-
қарсы күресте ме? ) екенін анықтаудың мәні зор. Осы 
процеске қатынасушылар туралы толық деректер (әлеуметтік, саяси және 
құқықтық жағдай, қоғамда алатын орны, жүргізу тәртібі, белгілі дәрежесі, 
құндылық мөлшері) болуы қажет. 
Осы оқу құралының YІІ тарауында баяндалғандай қоғамның саяси өмірін 
үйлестіруші және біріктіруші саяси жүйе болып табылады. Қоғамның 
әлеуметтік топтары мен жеке адамдардың өмірінің, әлеуметтік, саяси тұрақты 
дамуы саяси жүйенің орнықты, нәтижелі қызмет атқаруымен тікелей 
байланысты. Саяси процесс саяси жүйені әрдайым жаңартып, өзгертіп 
отыратын саяси құбылыстар. Саяси ғылымның тұжырымдамасы бойынша, 
саяси процесс
дегеніміз 
-
саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші 
жағдайға ауысып өзгеруі мен қозғалысы. Саяси процестің бүкіл қызметі 
қоғамның саяси жүйесімен тікелей байланыста болады. Саяси процесс 
күнделікті өзгерістерден басталып, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі 
өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. 
Саяси процестің жіктелуін саяси жүйенің даму барысындағы төрт 
кезеңмен белгілеуге болады: 
1) 
Саяси процестің легитимдігі.
Қоғамның саяси жүйесі жаңарған кезде 
саяси процесс екі бағытта өтеді. Біріншісі, билік жүйесінің толық өзгертілуі, 
екіншісі, саяси
-
құқықтық құрылымдардың жаңарған жағдайға бейімделуі. Егер
халық жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Ол 
саяси жүйе өзін
-
өзі дамыту дәрежесіне жетеді.
2) 
Саяси процестің жаңаруы.
Жеңіске жеткен саяси жүйе, біріншіден, 
ескі жүйенің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта іске қосады, екіншіден, 
элементтерді жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Нәтижесінде жаңа саяси 
қатынастар мен институттар құрылады, саяси ережелер мен тәртіптер, 
нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары
қызметтері бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді. Саяси 
процестердің әдіс
-
тәсілдері де жаңарады.


124
3) 
Саяси басқару шешімдерін қабылдау және оны жүзеге асыру.
Қоғамдағы әртүрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің 
қажеттіктері, мақсаттары сан қилы; кейбір жағдайда олар өзара қарама
-
қарсы 
келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық 
қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде анықтап, 
асқындырмай реттеп, халықтың талап
-
тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, 
қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай 
жасауы керек. Бұл өте маңызды саяси мәселе. Демократиялық мемлекеттерде 
биліктің әр тармағының (орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына 
бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші топтары және т.б. ақыл
-
кеңес беретін 
құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми
-
талдау жұмыстарын жүргізіп, ең 
дұрыс, ұтымды шешімдер қабылдауға жәрдемдеседі.
Бұндай шешім қабылдаушы саяси ел басқарушылары мен оны 
орындаушылардың арасында өзара тығыз байланыс болуы керек. Бұрынғы 
Кеңес өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары қабылдайтын. Олар 
ештеңеге жауап бермейтін. Жауапты партаппараттың айтқанын орындап, 
солардың бұйрық, нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік 
органдардың, мекемелердің жауапты қызметкерлері болды. Осының 
нәтижесінде ақылға сыйымсыз жағдай туындады: шешімді қабылдаушылар 
ештеңеге жауап бермейтіндер, ал жауап берушілер оны қабылдауға 
қатыспайтындар еді. Бұның бәрі қандай нәтижеге әкелетінін өмірдің өзі 
көрсетті. 
4) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет