Саясаттану



Pdf көрінісі
бет36/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52
Марксизм
дегеніміз 
қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм 
және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы 
идеология. 
Бұл идеологияға негіз болған жоғарыда айтылған неміс ойшылы, ғалымы 
К.Маркстың(1818
-1883)
идеясы. Оның идеясы бойынша, «таптық қоғамда 
әділеттік жоқ, байлар, капиталистер, фермерлер 
-
қарапайым жұмысшыларға, 
шаруаларға қанаушылық жасайды, олардың еңбегін толық төлемейді, соның 
арқасында өздері байиды. Бұл жағдай әлеуметтік экономика саласында орын 
алса, ал саяси салада әділеттілік, демократия жоқ. Билік басында 
отырғандардың бәрі байлар. Халықтық сайлауға қалай бақылау қойылса да 



109
бәрі бір билікке байлар ғана келеді. Соңында қоғам олигархиядан шыға 
алмайды». 
«Осындай әділетсіз жағдайдан жұмысшыларды, шаруаларды, жалпы 
қарапайым еңбекшілерді құтқару, оларға саяси және әлеуметтік теңдік алып 
беру үшін, социалистік революция арқылы биліктің басындағы олигархтарды 
жойып, қоғамды буржуазиялық мемлекеттен босатып, жеке меншікті құртып, 
меншіктің мемлекеттік ғана түрін қалыптастырып, социализм, содан кейін 
коммунизм орнату керек
.
Осындай қоғамда ғана жан
-
жақты дамыған, еркін 
адам қалыптастыруға мүмкіншілік туады» 
-
деп есептеді К.Маркс. 
Маркстік идеяны іске асыру үшін, яғни, бұл идеяны идеологияға 
айналдыру үшін орасан зор белсенділікпен күрес жүргізген саяси топ 
-
Ресейдегі 
1898 жылы ұйымдастырылған Ресей социал
-
демократиялық жұмысшылар 
партиясы (РСДЖП) еді. 1917 жылғы қазан айында В.И.Лениннің басқаруымен 
осы партия революция арқылы билікке келіп, бүкіл Кеңес Одағында марксистік 
(коммунистік) идеологияны орнатты. Бірақ күшпен енгізілген идеология 70 
жыл бойы өз мақсатына жете алмады, себебі экономика саласындағы жеке 
меншік жойылғаннан кейін қоғам тоқырауға ұшырады. Бұл саяси оқиға 
идеологияның бәрі бірдей сәтті бола бермейтінін дәлелдейтін бұкіл әлемдік 
тарихи сабақ болып саналады. 
К.Маркстің ең үлкен қателігі 

«капитализмнің өзін
-
өзі дамытуға 
мүмкіншілігі жоқ» 
-
деген қағидасы болатын. 
Бұған қарсы Еуропаның батыс елдерінде, соның ішінде әсіресе 
Германияда ХХ ғасырдың басында марксизмді қайта қарап, оған өзгерістер 
енгізу мақсатымен реформистік идеялар ұсынылды. Бұл идеялар саяси ғылымда 
реформизм болып аталады. 
Реформизм 
дегеніміз 
-
эволюциялық даму, 
реформалар және әлеуметтік
-
саяси модернизация арқылы қоғамдағы 
тұрақтылықты сақтау идеологиясы. 
Реформизм идеологиясы үш бағытқа бөлінеді, олар: эволюция, реформа 
және модернизация. Осы үш бағыттың арнайы аталуының өзі 

революция 
идеясына қарсылық білдіру үшін қажет болды. 
Реформистік идеологияның негізін қалаушы 
-
неміс саяси қайраткері 
Эдуард Бернштейн
(
1850-1932
). Бұл саясатшы реформизм туралы идеяларын 
“Социализмнің алғы шарттары және социал
-
демократияның мақсаты” деген 
еңбегінде ұсынады. Э.Бернштейннің реформизм идеологиясына келу жолы 
қиын да күрделі болатын. Ол өзі саясат жолын марксизмнен бастаған еді. 
Марксшыл Ф.Энгельстің серігі болып, екеуі Германияда 1869 жылы құрылған 
социал
-
демократиялық жұмысшылар партиясының жетекшілер құрамында 
болды. Марксистік идеяларды таратқаны үшін Э.Бернштейн өз елінен жер 
аударылып біраз жылдар Швейцария, Англияда тұрады. Әсіресе Англияда 
болған уақытында Э.Бернштейн либерализм идеологиясымен терең танысады. 
Соның әсерінен саясатшының марксистік көзқарасы күрт өзгеріп, жоқшылық 
мәселелерді шешудің басқа да жолдары бар екенін байқады. Э.Бернштейн 
өзінің кейінгі жаңа көзқарасында кедейлердің, жұмысшылар мен шаруалардың 
әлеуметтік жағдайын тек революция, социализм жолы арқылы ғана емес, оны 
реформалар арқылы да шешуге болатынын дәлелдейді. «Таптық, саяси теңдік 


110
орнату жолы міндетті түрде капитализмді құлату емес, себебі капитализмнің 
реформалар арқылы кедейшілікпен күресуге мүмкіншіліктері толығымен бар, 
кедейлердің жағдайын жақсартам деп байларды құртып жіберу 

ол да 
әділетсіздіктің бір түрі» деп қорытындылайды. Ол «дұрысы буржуазиялық 
тапқа қарсы күресу емес, қоғамдағы кедейшілікті азайту үшін күресуі керек» 
-
деген қағиданы таратты. Яғни, Э.Бернштейн марксистік идеологиядан бас 
тартып реформизм идеологиясын берік ұстаным етті. 
Э.Бернштейн өз еліне, Германияға қайтып келгеннен кейін, Германия 
социал
-
демократиялық жұмысшылар партиясы (ГСДЖ) ыдырап, үш топқа 
бөлініп кетті. Э.Бернштейн енді тек ғана реформизм көзқарасын қолдайтын 
топтың жетекшісі болды. Кейін осы реформистік идеяға сүйенген социал
-
демократиялық партиялар Еуропа елдеріндегі реформизм идеологиясының 
дамытушысы, халыққа таратушысы болды.
Сонымен, біз әлемде кең тараған идеологиялардың негізгі түрлерін 
қарастырдық. Идеология қоғам өміріндегі зор қозғаушы күш екені ақиқат. 
Сондықтан идеологияны тудыратын себептерге аса мұқияттылықпен қарап, 
идеологияны таңдай білу жоғары білімді, аса жауапкершілікті қажет етеді. 
Негізінен жалпықоғамдық идеологияның көзі халық болуға тиіс екенін есте 
ұстау керек. 
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
Әрбір мемлекеттің болашақты бағдар ететін идеологиясының болуы 
айқын. Себебі мемлекеттің саясаты, оның даму жолдары идеологияға 
негізделеді. Идеологияның қызметі 

мемлекеттілікке демеуші, саяси 
құрылыстың қорғаушысы болу, ал идеологиясыз мемлекет болуы мүмкін емес. 
Бірақ кеңес өкіметі кезінде, әсіресе 1980шы жылдардан бастап, 
“идеология” деген сөздің өзі кейбір азаматтардың бойында жиереніш туғызып 
халық арасында оны салқын қабылдау күшейді. 
Бұның себебі қазір түсінікті де, кеңестік жағдайда өз идеясын бүкіл 
халыққа күштеп міндеттеген қоғам емес, тіпті мемлекет те емес, ол 
демократияға негізделмеген биліктегі адамдардың шағын ғана тобы 

коммунистік партия болатын. Бұл марксистік
-
лениндік деп аталған идеология 
қоғамдағы әртүрлілікке, көппікірлікке қатаң тиым салды. Әрбір азамат тек ғана 
бір идеологияны мойындауға мәжбүр болды. Қоғамда идеологиялық 
шоғырлану жүйесі орнатылды. Осындай жағдайда Кеңес Одағы азаматтарының 
«біз идеологияға тойдық ғой” деп айтулары әбден түсінікті болатын.
Осы тұрғыдан қоғамда деидеологизация, яғни идеологиясыздандыру 
туралы ұсыныстар көбейді. Яғни, идеологиясыз мемлекет, идеологиясыз қоғам 
құру қажет деген түсінік қалыптасты. 
Саяси ғылымда деидеологизация (идеологиясыздандыру) өзекті 
теориялық проблема, бірақ бұл қоғамды немесе мемлекетті идеологиядан 
арылту деген түсінік емес. Бұл жөніндегі саяси ғылымның ақиқат ұстанымы 
мына анықтамадан білінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет