Саясаттану



Pdf көрінісі
бет18/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
егемендік.
Мемлекеттің егемендігін, 
тәуелсіздігін басқа мемлекеттер де ресми түрде мойындауға тиісті. 
Мемлекеттің негізгі ұстанымдары:
1. Заңдар мен нұсқаулар қабылдау құқығының болуы. 
2. Мемлекеттің өз азаматтарын қорғауы үшін ашық және бірден
-
бір күш 
қолдану құқығының болуы. Себебі қоғамда күш қолдануға мемлекеттің ғана 
құқығы бар. Мысалы, қылмыс жасаушыларды өз еркінен айыру құқығы. Оны 
орындауға қажетті мемлекеттің арнаулы қарулы күштері болады. Бірақ күш 
қолдану тек заң арқылы жүргізілуі тиіс.
3. Жалпылық. Мемлекет өз аумағындағы (территориясындағы) адамдардың 
барлығын қамтиды. Осы мемлекеттің азаматы болмаса да (мысалы, әртүрлі 
себептермен басқа мемлекеттерден келгендер) мемлекеттің шекаралық 
шеңберінде болғаннан кейін оларға қамқорлық жасалуы тиіс. Бұл жөнінде 1930 
жылы Гаагада (Нидерланды) мемлекетсіздікке (апатридизмге) қарсы 
халықаралық заң қабылданды. Бұл заңға сәйкес мемлекет территориясындағы 
жеке адам мемлекет қамқорлығынан тыс қалмауы тиіс. 
4.
Салық 
-
қоғамды басқару жұмысына жұмсалатын қор (бюджет) 
қалыптастыру үшін қажет қаржы. 
Территориясы мен этникалық
(
ұлттық) құрамына байланысты мемлекет 
әртүрлі құрылымға бөлінеді. «
Мемлекет құрылымы»
дегеніміз мемлекеттің 
ұлттық
-
территориялық ұйымдастырылуын көрсететін ұғым. Көп жағдайда

орталық билік пен жергілікті әкімдіктің өзара қатынасын белгілейді.Мысалы, 
мемлекет территорясының ұлттық
-
автономиялық бөліктерін белгілеу (округ,
республика, штат), әкімдік
-
басқару аймақтарын бекіту (аудан, облыс,
департамент, өлке).
Мемлекттік құрылымның негізгі үш түрі кездеседі: унитарлық (біртұтас), 
федерация және конфедерация. 
Унитарлық
мемлекеттің белгілері: 
-
мемлекет ішінде автономия құрылымы болмайды;
-
орталық саяси билік біртұтас болады; 
-
бір конституцияға негізделген.
Унитарлық мемлекеттерге, мысалы Жапония, Франция, Италия, 
Грекия, Польша, Финляндия, Қазақстан т.б. жатады. Бірақ Қазақстан 
көпэтносты мемлекет болғандықтан «не себепті ол унитарлы мемлекет 
болады?»
-
деген сұрақ туындайды. Бұның нақты жауабы: Қазақстанның 
территориясында барлығы бір аумақта тұратын, бір жерде шоғырланған ұлт 
өкілдері жоқ, мемлекеттің негізін құрайтын жергілікті Қазақ халқы болып 
табылады. Мемлекетімізде барлық этнос өкілдері бір
-
бірімен аралас өмір сүріп 
жатыр
,
сондықтан Қазақстанда ұлттық автономия құруға ешқандай негіз жоқ.


62
Федерация
(федеративтік мемлекет) деп автономиялары бар 
мемлекетті атайды. 
Федерацияның негізгі белгілері:
-
мемлект территориясында ұлттық немесе территориялық автономияның 
болуы; 
-
мемлекеттегі саяси билік және басқа да өкімет органдары екі деңгейде
-
қалыптасады;
-
мемлекеттің конституциясы екі деңгейлі болады.
Мысалы, Ресей, Қытай, Үндістан және т.б. Ресейде жиырмаға жуық 
республика бар (Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Тува 
т.с.с.) Саяси билік екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік президент, парламент 
және әрбір республиканың өз алдына президенттері мен парламенттері бар. 
Конституциясы екі жүйелі: бүкілресейлік және әрбір республиканың өз 
конституциясы бар.
Федерация тек ғана ұлттық ерекшеліктер негізінде қалыптаспайды. 
Дүние жүзіндегі федарацияның көп бөлігі жер (территория) арқылы орныққан. 
Мысалы, АҚШ, ГФР, Австрия және т.б. АҚШ
-
да штаттар, Германияда 
«жерлер». Ал федерациялық құрылым негізі

ұлт немесе жер аймағы ғана 
емес; федерацияның негізгі белгісі 

егемендік дәрежесі. Егер автономияның, 
федерация субъектісінің белгілі мөлшерде (Конституция арқылы белгіленген) 
егемендігі болмаса, онда мемлекттің федерация аталуы да жалған болып 
шығады.
Конфедерация дегеніміз
-
тәуеліз мемлекеттер одағы.
Конфедерацияның
негізгі белгілері:
-
конфедерацияда бәріне ортақ мемлекеттік билік болмайды;
-
одаққа қосылған мемлекттер ортақ мақсаттарын бірігіп жүзеге асырады;
-
конфедерация құрамындағы барлық мемлекеттеге ортақ мекемелері болады; 
-
конфедерация құрамындағы мемлекеттердің өз әскері, ұлттық валютасы 
болады.
Конфедерация құрамындағы тәуелсіз мемлекеттер өздеріне ортақ 
мүдделерін бірігіп шешуі үшін арнаулы мекемелер құрады. Мысалы, қорғаныс, 
сауда, транспорт салаларындағы және т.с.с.ортақ мекемелері.
Қәзіргі кезде конфедерация таза күйінде кездеспейді. Өткен уақыттарда 
конфедерация мемлекеттер арасында көбірек орын алды. Мысалы, 1847 жылға 
дейін Швейцария конфедерациясы, ал 1815
-186
7 жылдары конфедерация 
Германияда болды.
Кәзіргі кезеңде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) 
конфедерацияға айналу мүмкіндігі болған еді, бірақ бұл мемлекеттер арасында 
осы күнге дейін бәріне ортақ мекеме құрылған жоқ.
Еуропалық Одақты конфедерация қатарына жатқызуға болар еді, бірақ 
бұл одақтағы мемлекеттердің өзара қатынасы федерацияға ұқсап келеді 
(еуропалық ортақ саяси билігі парламенті бар, мемлекеттер бірлестігінде ортақ
валюта (евро) пайда болды).
Әйтсе де Еуропалық Одақты толығымен федерацияға жатқызуға 
болмайды. Бұл Одақтың құрамындағы мемлекеттердің мәртебесі (статусы) 


63
автономиялық дәрежеде емес, олар тәуелсіз мемлекеттер болып табылады. 
Қорыта келгенде, Жалпыевропалық Одақты адамзат тарихының жаңа заманғы 
мемлекеттік құрылыстың бастауы деп есептеуге болады. Мемлекеттердің 
дамуына саяси өмірдің жалпы бағыты тұрғысынан қарағанда, мемлекеттік 
басқаруда мәңгі өзгеріссіз ешнәрсе жоқ екенін дүниежүзілік саяси практика 
дәлелдеп отыр. 
Мемлекеттік басқару түрі
дегеніміз 

саяси билік кімнің, қандай 
ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым. Қазіргі 
кезеңде мемлекеттік басқарудың үш түрі бар: монархия, конституциялық 
монархия және республика. Мемлекеттік басқарудың осы түрлеріне жоғарыда 
талдау жасалынып, мысалдар арқылы көрсетілді.
Қазіргі кезеңдегі дүниежүзіндегі мемлекеттік басқарудың негізгі бағыты

республикалық мемлекет түріне өту.Сол себептен мемлекеттік басарудың 
осы түріне кеңінен тоқталамыз. Республиканың өзінің бірнеше түрлері бар. 
Қазіргі кезеңде дүниежүзінде көп қолдау тапқан және ең көп орын алатыны 
демократиялық республикалар. Олардың өзі үлкен үш топқа бөлінеді: 
президенттік республика, президенттік
-
парламенттік республика және 
парламенттік республика. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет