Саясаттану



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата31.01.2017
өлшемі15,5 Mb.
#3091
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Әл-Фараби  саясат  жөнінде  өз  кезеңіндегі  терең  ойлар  айтқан  ойшыл. 
Оның ілімі бойынша қоғамның құрылымы әлемнің құрылымына сәйкес келеді. 
Әл-Фарабидің саяси идеялары рахымды және рахымсыз қалаларды салыстыру 
арқылы  беріледі  (Ежелгі  Грек  тарихы  бойынша  «қала»  деген  түсінік 
«мемлекет»  орнына  қолданды).  «Рахымды  қалада»  билеуші  мен  оның 
тұрғындарының  дүние  және  бақыт  жөнінде  шынайы  түсінігі  бар.  «Рахымсыз, 
күнәға батқан қалада» ондай ұғым жоқ. 
Бұл қалалар сипаты мұраларға қатысы жағынан да өзгеше. Бақытсыз және 
опасыз  қалада  тұрғындар  сезім  мен қиялға  негізделген  әрекетке  сүйенетін 
рахатты  жоғары  бағалайды,  ал  қайырымды  қалада  басқару  заң  күшіне,  игі 
тәжірибеге негізделеді. 
Әл-Фараби  мынадай  адамгершілік  қасиеттерді  атап  көрсетеді:   
шындықты  сүю,  игіліктілік,  мінез  парасаттылығы.  Тұтас  алғанда,  Әл-Фараби  
Платонның  философ-билеуші  идеясын  қолдайды.  Ол  ғалымдарды  қоғамның  
жүрегі деп санайды. 
Әл-Фарабидің  «Адам  еңбектің  арқасында  жануарлық  жағдайдан 
құтылатын  қабілеті  бар  бірден-бір  тіршілік  иесі,  оның  қалыпты  жағдайы 
санасына  сәйкес  және  өзін-өзі  жаңғыртуға  тиіс»  деген  ойлары  аса  бағалы 
пікірлер болып табылады.
Ұлы  ойшыл  бабамыз  Әл-Фарабидің  бай  мұрасы  қазақ  халқының  саяси 
санасын  жетілдіріп,  сан  ғасырлар  бойы  ғылымның,  оның  ішінде  саяси 
білімдердің дамуына игі әсерін тигізді.
Есімі  орта  ғасырлардан біздің  заманымызға жеткен  ақын,  философ,  қоғам 
қайраткері  – Жүсіп Баласағұн.  Жүсіп  Хас  Хаджиб  (1021  –  1077)  Шу 
алқабындағы Баласағұн қаласының тұрғыны болған. Ақынның «Құтадғу білік» 
(«Құтты  білім»)  атты  поэмасы  –  ортағасырлық  қазақ  даласындағы  әртүрлі 
тарихи, саяси және қоғамдық мәселелер туралы мол мағлұмат, құнды деректер 
беретін  шығарма.  Бұл  ұзақ  уақыт  толастамаған  қырғын  соғыстар  кезеңі  болса 
да, түркі тайпаларынан кейінгі қазақ ұлтына этникалық негіз болған қыпшақтар 
бірлестігі  қалыптаса  бастады.  Ол  кезде  қазақ  жеріндегі  ғалымдар  кең  тараған 
парсы, араб тілдерінде жазатын еді. Бірақ солардың арасынан Жүсіп Баласағұн 
өз ана тілі түркі тіліне жанашырлық білдіріп, оны сақтап қалуды мақсат етіп өз 
шығармаларын ескі түркі тілінде жазды. 
Ойшыл  саяси  мәселелерге  де  айрықша  көңіл  бөлген.  Мысалы,  мемлекетті 
орталықтандыру  және  басқару,  қоғамда  әділ  заңдардың,  еркіндік  пен 

13
бостандықтың  болуын  қалайды.  «Құтадғу  білік»  -  халықтың  салт-санасы, 
өмірдің  мән-мағынасы,  адам  тағдыры,  әдет-ғұрпы  жөніндегі  көзқарастар 
жинақталған құнды шығарма.
ХІ ғасырда өмір сүрген, сол кездегі қазақ мәдениетіне және саяси тарихына 
белгілі  мөлшерде  үлес  қосушы  ақын,  ойшылдардың  ішінен  Махмуд
Қашғаридің  есімін  ерекше  атауға  болады.  Ол  алғашқы  білімді  Қашқар 
қаласында  алады,  содан  кейін  Бұхар  қаласында  өзінің  білімін  жетілдіреді. 
М.Қашғари – түркі халқының фольклоршысы, Ж.Баласағұн сияқты ол да түркі 
тілін  дамыту  арқылы  орталықтандырылған  мемлекет  орнату  мәселесін  алға 
қояды. М.Қашғари түркілер мекендеген жерлерді, түркі тілдес тайпаларды көп 
аралап,  түрік  тіліндегі  ән,  аңыз,  жұмбақтар  мен  түрік  әдет-ғұрыптарын  көп 
жылдар  бойы  зерттеп,  1074  жылы  өзінің  «Диуани  лұғат  –  ат  –  түрік»  («Түрік 
тілдер сөздігі») атты негізгі еңбегін кең көлемді жинақ ретінде шығарады.
М.Қашғари  осы  шығармасында  төмендегідей  сөздерді  жазған:  «Мен 
түріктердің барлық жерлерін араладым. Көп уақыт іздену, зерттеулерден кейін 
осы кітапты ең таза, ең әшекейлі түрік тілінде жаздым».
Махмуд Қашғаридің бұл еңбегі тек ғана сөздік емес, бұл толық мәнінде –
ғылыми  энциклопедия.  Сол  кездегі  Қазақстан  жеріндегі  Түрік  қағанаттары 
тарихының  барлық  салаларын,  соның  ішінде  саяси  мәселелерді  де  жан-жақты 
қамтиды.
Келесі  елеулі  мәдени-тарихи  ескерткіш  –  Түркістан  қаласынан  шыққан 
сопы  ақын  Қожа Ахмет Яссауидың  (1166  жылы  қайтыс  болды)  «Диуани 
хикмет»  («Ақыл  кітабы»)  атты  өлеңдер  жинағы.  Қыпшақ  диалектісінде 
жазылған  Яссауидің бұл  өлеңдері өз  кезінде  сахарадағы көшпенділер арасына 
кеңінен  тарады.  Ислам  дінін  халыққа  таратушы  Арыстан  Бабаның  баласы 
Ахмет Яссауиге мұсылмандықты белсенді насихаттағаны, халық алдындағы зор 
беделі, кіршіксіз сенімі үшін түрік мұсылмандары оны пайғамбарға теңеген.
Ахмет  Яссауи  ақын  ретінде  өзінің  өлеңдерінде  ислам  дінінің 
тағылымдарын  тарату  арқылы  түрік  халықтары  арасында  саяси-әлеуметтік 
ынтымақтастығының күшеюіне зор үлесін қосты.
Ислам  дінінің  түрік  халықтарын  біріктірудегі  ролін  түсінген  Шыңғыс  хан 
қазақ  даласындағы  дін  қызметкерлері  қожаларды  ақсүйек  тобына  жатқызған 
болатын.  Ал  Әмір  Темірдің  Қожа  Ахмет  Яссауиге  арналған  кесене  тұрғызуы 
оның  тек  ақын,  ғұлама  ғана  емес,  белгілі  мемлекет  қайраткері  болғанын 
білдіреді. 
Ортағасырлық қазақ жерінде, дегенмен,  жазудың таралуы төмен болды. 
Сол себепті көшпенді халықтардың саяси-қоғамдық көзқарастары рационалдық 
ұғымдар  негізінде  емес,  көркем  бейнелер,  өнер  түрлері  арқылы  қалыптасты. 
Қазақ  халқының  дүниетанымындағы  ең  маңызды  орын  алатыны  – фольклор
Ол  қазақ  халқының  барлық  мәдени-әлеуметтік  мәселелерін  қамтиды.  Бұл 
туралы Ш.  Уәлиханов  «Қазақтың ауыз әдебиетінде халық  өміріндегі  маңызды 
оқиғалардың бірде-біреуі қалыс қалмаған» деп атап көрсетеді. Қазақ фольклоры 
әртүрлі  жанрларды  құрайды,  олар:  мақал-мәтелдер,  ертегілер,  жырлар, 
дастандар және т.б.

14
Қазақтың    мақал-мәтелдерін  тарихи-әлеуметтік,  саяси-құқықтық  мол 
тәжірбиені, адамдардың қоғамдағы бір-біріне қатынасын, діни, наным сенімге, 
билікке  көзқарасын  таңқаларлық  тапқырлыкпен,  шешендікпен,  нақтылықпен 
сүреттейді.  Сондықтан  қазақ  мақал-мәтелдері  халықтың  ғасырлар  бойы 
жинақтаған  өмір  тәжірбиесі  негізінде  туындаған  аса  құнды  рухани,  саяси-
әлеуметтік тұжырымдары болып саналады.
Ауыз  әдебиетінің  өзіндік  ерекшеліктерімен  белгілі  жанры  – ертегілер
Әрине,  ертегілер  дүниенің  қияли  фантастикалық  бейнесіне,  аңыздарға 
негізделеді.  Бірақ  ертегілер  тек  ғана  қиял  немесе  аңыздар  емес,  онда  адам 
өмірінің  нақты  салалары  сөз  болып,  оларға  талдау  жасалып,  өзіндік  баға 
беріледі.  Мысалы:  «Тазша  бала»  немесе  «Алдаркөсе»  ертегілерінде  қазақ 
қауымындағы  мүлік  теңсіздігі,  таптық  қатынастар,  әлеуметтік  әділеттік 
мәселелері қызғылықты әдеби бейнелер арқылы берілген.
Сондықтан  тарихи  –  саяси  ғылыми  зерттеулерде  қазақтың  мақал-
мәтелдеріне,  ертегілеріне  көп  қөңіл  бөлінген.  XIX    ғасырдың  өзінде  бұларды 
жинақтап  жүйге  келтірген  және  ғылыми  талдау  жасаған  көрнекті  орыс 
ғалымдарды  М.  Терентьев,  Н.  Пантусов,  А.  Васильев,  Н.  Гордеков,  В. 
Катаринский және басқалары болса, қазақ зиялыларының ішінен Ш. Уәлиханов 
пен А. Құнанбаевтың алатын орны ерекше. 
ХХ ғасырдың бас кезінде Кеңес өкіметіне дейінгі уақытта да қазақ халық 
ауыз  әдебиеті  туралы  мақалалар  баспасөзде,  тарихи,  қоғамдық-саяси 
баспаларда  тұрақты  орын  алды.  Ал  кеңестік  кезеңде,  XX  ғасырдың  30–50 
жылдары Ө. Тұрманжановтың үш жинағы және басқа да көптеген авторлардың 
кітаптары жарық көрді.
Қазақ фольклорының маңызды саласының бірі - батырлар жыры. Қазақ 
хандығы қалыптасуынан бастап өз  тәуелсіздігін қорғауда сыртқы жауларымен 
ұзаққа созылған қантөгіс соғыстарды басынан өткізді.
Осы  соғыстарда  халқы  үшін  қан  төккен  көптеген  батырлар  туралы 
әртүрлі  әңгіме,  аңыздар  тарады.  Батырлар  жырында  халықтың  болашаққа, 
бейбіт  өмірге  үміті,  еркіндікке  талпынысы,  ізгі  мақсаттарға  жетудегі  ойы, 
арманы  баяндалады.  Кейбір  жағдайда  батырлар  образы  шындыққа  сәйкес 
келмейтін  ойдан  шығарылған  кейіпкерлер  болып  саналуы  да  мүмкін.  Бұл 
біржақты  пікір,  себебі  батырлар  жырындағы  қиял,  ой-арман  шындықтың  өзін 
айғақты  көрсету  жолы,  оқиға,  құбылысты  сезім  арқылы  танып-білу.Қазақ 
эпосының  мәнін  Ш.  Уәлиханов:  «Тарихтағы  халықтың  поэтикалық  рухының 
орны  өте  жоғары,  біріншіден,  ежелгі  дастандардағы  жыраулардың  батырлар 
ерлігін  баяндауы  өте  дәл,  таңғажайып  есте  сақтау  қаблетін  білдіреді; 
екеншіден,  жыраулар  әртүрлі  уақытта  өмір  сүргенімен  халықтың  жадындағы 
елеулі  оқиғаларды  біртұтас  мәңгі  сақтап  қалды;  үшіншіден,  бұл  эпостар 
халықтың  салт-дәстүрінің,  өнерінің,  адамгершілік  заңдарының  жиынтығы; 
өткен  тарих  және  саяси  өмір  туралы  тұтас  білімді  белгілі  деректермен 
толықтыруға мүмкіндік жасайды» деп түсіндірді. Қазақтың батырлар жырында 
ерте  замандағы  халықтың  тағдырын  шешуші  елеулі  оқиғалар  туралы  өмір 
шындығы  көрсетілген.  Халқымыздың  ғасырлар  бойы  жалғасып  келе  жатқан 

15
өшпес  мұрасы,  баға  жетпес  құндылығы:  «Қобаланды  батыр»,  «Алпамыс 
батыр», «Ертарғын батыр» және т.б.
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ өмірін, қоғам тарихын көркем бейнелеудің 
ерекше  түрі  ақын-жырау  поэзиясы  болды.  Ән  мен  өлеңнен  құралатын 
жыраулық өнердің шығуының өзіндік мәдени, саяси-әлеуметтік себептері бар. 
Көшпенді  халық  арасындағы  сауатты  хаттанушылар  санының  аз  болуы, 
баспасөз,  баспахана  өндірісінің  болмауы  бұл  өнер  түрінің  қалыптасуы  мен 
дамуына өз әсерін тигізді.
Қазақ  кауымы  арасында  шиеленісті  саяси-әлеуметтік  мәселелер 
көтерілмесе  де  көрші  елдермен  өзара  қатынастарда  салт-дәстүрге,  ел 
шекарасына,  ел басқаруға, билікке  байланысты жаңа,  тосын көзқарастар  орын 
алды. Сондықтан ақын-жыраулар үшін күнделікті өмірде кездесетін мәселелер, 
өз хандығындағы немесе көрші мемлекеттердегі кездесетін елеулі оқиғалардың 
бәрі  өзекті  тақырыпқа  айналды.  Жыраулардың  өнер  құралы  ретінде  ән  мен 
жырды  пайдалануының  өзі  кездейсоқ  емес.  Негізінен  сауатсыз  көшпенді 
халықтың ой-сезіміне қара сөзге қарағанда шешендіктің, тапқырлықтың өнегесі 
болатын өлең сөздің және ән сазының тигізер әсері жоғары болды.
Елге танымал ақын, жырау болу өте күрделі де қиын қызмет түрі. Себебі 
белгілі бір оқиғаны толық, нақты баяндау, бірнеше сағат, тіпті кейбір жағдайда 
бірнеше күн бойы тоқтаусыз жырлау, халыққа өнеге болар сөз табу, болашақты 
болжау  -  ақын,  жырауға  табиғат  сыйлаған  ерекше  қасиеттер.  Сондықтан 
ақынды  қарапайым  халық  ғана  емес,  ел  басқарушылары,  тіпті  хандар  да 
сыйлаған, құрметтеген. Көп жағдайда ел басқарушылар ақындармен достасқан, 
жауласпаған,  өз  қалауынша  қасына  алып,  саяси,  әлеуметтік  мәселелерге 
ақылшы,  кеңесші  қызметіне  пайдаланған.  Ал  ақын-жыраудың  ең  маңызды 
міндеті - халық пен билік арасын байланыстырушы қызметі болды.
Қорыта  айтқанда,  уақыт  өте  келе  қазақ  қауымындағы  ақын-жыраулар 
тобы халықтың дәстүрлі мәдениетін дамытушы ғана  емес, билік иелерінің ой-
санасына, саяси көзқарастарына ықпал етуші рухани күшке айналды.
Ақын-жыраулар  тобының  алдыңғы,  аға  буынына  Қазтуған,  Асан  Қайғы 
(XV ғ), Досманбет (XVI ғ), Шалкиіз (1456-1560 ж.) жатса, ал кейінгі буынына 
елге  есімі  кеңінен  танылған,  халық  алдында  зор  беделге  ие  болған  жыраулар 
Ақтамберді  (1675-1768  ж.),  Тәтіқара  (XVIII  ғ.),  Бұқар  (1668-1781  ж.),  Шал  -
ақын (1748-1819 ж.) және т.б. жатады.
Осы  аталған  қазақ    халқының  өнер  иелерінің  бәріне  ортақ  жанр  –
ақындық өнер.  Сол  кездегі  олардың  өлең  –  жырындағы  айтылған  идеялары 
бүкіл әлемдік саяси және  әлеуметтік теориялардағы кейбір тұжырымдарға өте 
ұқсас және солармен үндес келеді. Мысалы, Досманбет жырау сол кездің өзінде 
адамның өмірге келуінен бастап өзара тең құқықты екені туралы ой қозғайды. 
Ақынның  пікірінше,  адамға  теңдік  жаратылысынан  берілген  қасиет,  адам 
өмірге  келгенде  бір-бірінен  атағымен,  даңқымен,  билігімен  ерекшеленбейді. 
Досманбет  жыраудың  бұл  идеялары  батыс  ғалымдары  Т.  Гоббс  пен  Дж. 
Локктың  «табиғи  құқық»  қағидаларымен сәйкес  келеді.  Бұл  мәселелерді  ақын 
«Тәңірінің  өзі  берген  күнінде  Ханұлынан  артық  еді  несібем»  -  деп  жырға 
қосқан.

16
Қазақ  жыраулық  өнерінің  көш  бастаушыларының  бірі,  өз  заманындағы 
билік  үшін  болған  күрестердің  ешбірінен  тысқары  қалмаған  ақын  Шалкиіз 
Тіленшіұлы болатын. Ол әлеуметтік теңдік ғана емес, адамдардың бәрінде тең 
мүмкіндік  болуын  қалады.  Бірақ  ақын  мемлекеттік  заң  алдындағы  биліктен, 
адамдардың Тәңір алдындағы, Тәңір үкімі алдындағы теңдігін жоғары санайды. 
Содықтан ол: «Тәңірі өзіне бермесе,
                                              Менменсіп жүрген ержігіт
                                              Кісіден тартып жарымас»
- деген пікір айтады.
    Бұл  тұста  Шалкиіз  жырау  ойларының  Джон  Локктың  адамның 
жасампаздық  қасиетін  жүзеге  асырудағы  теңдік  принципінің  сақталуын 
ұсынатын либералистік идеяларымен үндес екенін атап өту қажет.
Әлемнің  әртүрлі  түкпіріндегі,  әртүрлі  уақытта  айтылған  осы  саяси 
пікірлердің  өзара  сәйкес  келуі  кездейсоқтық  құбылыс  емес,  себебі 
жалпыадамзат  болмысының,  тарихының,  мәдениетінің  жалпы,  әмбебап 
заңдылықтары барлық этностар, халықтар үшін бірдей, тұтас. Сондықтан қазақ 
халқының  мәдениеті  де  өзіндік  ерекшеліктеріне  қарамастан  осы  жалпы 
заңдылық  негізінде  дамыған,  қазақ  даласындағы  саяси  білімдер  соның  бір 
бөлшегі  болып табылады.
Досманбет пен Шалкиіз жыраулардан кейінгі кезеңде  қазақ халқының 
тарихы  мен  саяси  өмірі  елеулі  өзгерістерден  өтті.  Бұл  өзгерістер  жаңа  буын 
ақын-жырауларының қоғамдық-саяси ойларын уақыт талабына сәйкес бағытта 
қалыптастыруына  себеп  болды.  Мемлекет  билігі  тарапынан  феодалдық  –
патриархалдық  қазақ  қоғамына  дәстүрлі  адат  және  мұсылмандық  шариғат 
құқықтарын  бейімдеу  мақсатындағы  әртүрлі  саяси  бағыттағы  іс-шаралар 
енгізіле бастады. Қазақтың дәстүрлі адат құқығы нақты жазба түрде бекітілмей 
халықтың  ой-санасында:  ар-ұят,  әділеттік,  үлкенге  құрмет  және  тағы  басқа 
адамгершілік  заңдарымен  қатар  қолданылды.  Ал  ел  билігі  қазақтың 
адамгершілік,  ата-баба  заңдары  бойынша  белгілі  тұлғалардың,  билердің 
қолында болды.
Қазақ  қоғамындағы  жазба  түрдегі  заңдардың  қабылдануына  дейінгі 
қолданылған  дәстүрлік  адат  құқығының  алатын  орны  өте  маңызды.  Осы  заң 
ережелері негізінде мемлекеттегі барлық саяси-әлеуметтік қатынастар реттеліп 
келді.  Адат  заңын  бұзбауға  қоғамның  барлық  мүшесі  бірдей  міндетті,  ал 
қылмыскер,  заң  бүзушының  бәрі  міндетті  түрде  жазаналады.  Қылмыскерге 
қатысты билер қабылдаған үкім, рулық қауымның тікелей қолдауымен міндеті 
түрде, ашық, сол жерде, сол уақытта орындалуы тиіс болды.
Қазақ  елінің  Ресей  империясына  қосылғанға  дейінгі  аралықта  қызмет 
атқарған  билер  институты  көшпелі  халықтың  саяси  өміріне  тән  ең  тиімді 
құқықтық  тәртіп  сақтаушы  билік  түрі  болып  табылады.  Бұл  билік  түрінің 
тиімділігі  сондай:    қазақ  жерінде  түрменің,  тәртіп  сақшыларының  (мысалы, 
полицияның),  әртүрлі  мемлекеттік  кеңселердің  қажеттілігінің  болмауы,  себебі 
барлық әлеуметтік мәселе нақты, тез уақытта шешелетін еді.
Қазақ билерінің өзі әртүрлі дәрежеде болды, олар:  ата би немесе  төбе 
би  (ең  жоғарғы  билік  денгейі),  төтенше,  жеке,  қалау,  аға  және  ең  төменгі 

17
деңгейі  –  бала  би  болып  бөлінді.  Олардың жеке  өз  құқықтары  мен  міндеттері 
белгіленді,  ал  ең  маңызды  саяси-әлеуметтік,  құқықтық  мәселелерді  билер 
бірігіп, толық келісім арқылы шешті.
Билерде жер дауы, жесір дауы, барымта және тағы басқа күрделі саяси-
әлеуметтік мәселелерді шешу міндеті тұрды. Бірақ қазақ билері тек ғана тәртіп 
сақшылары  емес,  халық  тәрбиешісі  қызметін  де  атқарды.  Белгілі  бір  даулы 
шиенелісті  ауыл,  ру  болып  талқыға  салып,  сол  жиын  туралы  пікірлерді, 
әнгімені  барша  халық,  тіпті  жас  балаларға  дейін  еститін,  білетін.  Бұл  өз 
кезегінде тәртіп бұзудың, қылмыс жасаудың, келеңсіз оқиғылардың алдын алу 
немесе  ескерту  болатын.  Ар  - ұжданы  таза,  өмір  тәжірбиесі  мол,  шешендік 
өнерді  меңгерген,  ата  -  баба  заңын,  салт-дәстүрін  сақтай  білетін,  білімді, 
ақылды  тұлғаны  ғана  халық  би  санайтын,  кұрметтейтін.  Халық  билердің 
шешендігін, тапқырлығын және әділеттілігін өте жоғары бағалады.
Қазақ  халқы  «билердің  биі»,  халық  даналары  деп  Төле,  Қазбек  және 
Әйтеке биді ерекше бағалап мақтаныш тұтты.
XVII-XVIII  ғасырларда,  Тәуке  хан  тұсында  қазақ  халқының  өзіндік 
ұлттық санасының кемелденуіне осы дана, үш Ұлы бидің тигізген рухани әсері 
теңдесіз  жоғары  болды.  Қазақ  қоғамының  болашағын  қалыптастырған  «Жеті 
жарғыны» да дүниеге әкелген осы Төле би, Қазбек би және Айтеке би болатын. 
Дәстүрлік  адат  құқықтары,  «Қасымханның  қасқа  жолы»,  «Есімханның  ескі 
жолы»  негізінде  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  жағдайға  байланысты 
түзетулер еңгізіліп «Жеті жарғы» жарыққа шықты.
Әлемнің өзге халықтарына ұқсас Қазақ еліндегі саяси ойлардың дамуы 
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық  өзгерістермен тікелей байланысты. Қазақ 
қоғамындағы  сан  алуан,  күрделі  өзгерістер  XVIIІ  ғасырдағы  Қазақстанның 
Ресейге  қосылуынан  басталды.  Халықтың  еркіндікке,  әділеттілікке  қол  созуы, 
оның мұң-мұқтажы, болашаққа арманы - өнер иелерінің творчествосына, саяси 
көзқарастарына  үлкен  әсер  ететіні  белгілі.  Исатай  мен  Махамбет  бастаған 
халық  көтерілісінен  кейін  ақын  Махамбет  Өтемісұлының  (1804-1846) 
өлендерінен айқын саяси  ұстанымы байқалады.  Ол билік иелерінің, сұлтандар 
мен  ханның  әділетсіз  саясаты  халықты  тонау  екенін  ашық  айтты.  Ақын  қазақ 
қоғамындағы кертартпа саяси күштерге қарсы шығып, халықты өз мүдделерін 
қорғау үшін батыл, ашық күреске шақырды. М. Өтемісұлы мемлекет билігінің 
патшалық басқару түріне қарсы шығып қазақ ақындарының алғашқысы болып 
еркіндік демократиялық бағыттағы пікірлер ұсынды. Ол биліктің көзі, тұтқасы 
халық екеніне сенеді, сондықтан ақын: 
                                «Айтып, айтпай, немене,
                                   Халық қозғалса,
                                   Хан тұра алмайды тағында»
 деп  жырлайды.  Осы  және  басқа  да  өлендерінен  халықтың  ұрпақтан-ұрпаққа 
келе  жатқан  қазақ  қоғамындағы  саяси  ойларды  Махамбет  Өтемісұлы  өз 
творчествосында толық қабылдай отырып болашақ үшін одан әрі дамытты.
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  қазақ  даласындағы  саяси  идеология 
ретінде  ағартушылық  кең  өріс  алды.  Қазақтың  ойшыл    ғалымы  демократ-
ағартушы  Ш.Уәлиханов  (1835-1865)  қазақ  халқының  әлемдегі  өркениетті 

18
елдер  қатарына  қосылуы  үшін  қажетті  саяси-әлеуметтік,  мәдени  қызметтер 
атқарды.  Шоқан  саяхатшы,  этнограф  ғалым  ретінде  Орта  Азияның,  Қазақ 
елінің,  Батыс  Қытайдың  тарихы  мен  мәдениетіне  ғылыми  зерттеулер  жүргізе 
отырып, саяси - әлеуметтік, құқықтық мәселелерді іс жүзінде шешу жолдарын 
қарастырды,  әсіресе  қазақ  халқын  патша  шенеуіктері  мен  жергілікті  билік 
иелерінің  зорлық-  зомбылығынан  қорғау  мәселесін  жария  етті.  Ол  қоғамдағы 
үстем  тап  өкілдерінің  саяси  көзқарастары  халықтың  ізгі  мақсаттарына  әсер 
ететінін  атап  көрсетеді.  Сол  себепті  Шоқан  Уәлиханов  бұхара  халықтың 
демократиялық  құқығы  мен  бостандығын  дамыту  жолында  елеулі  қызметтер 
атқарды.  Экономикалық,  әлеуметтік,  саяси  реформаларға  үлкен  мән  беріп 
революциялық  өзгерістерге  қарсы  пікір  білдірді.  Ағартушы-ғалым  сот 
реформасы  туралы өзінің  прогрессивтік саяси- әлеуметтік идеяларын  ұсынды. 
«Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде: «Біздің заманымызда халыққа 
етене  жақын,  ең  маңызды,  оның  мұқтажына  тікелей  қатысты  реформа--
экономикалық  және  әлеуметтік  реформа.  Ал  саяси  реформалар  экономикалык 
істерді  жүзеге  асыратын  құрал  ретінде  көрінбек,  өйткені  әрбір  жеке  адам 
баласы  қауымдасып  өзінің  түпкі  мақсаты  әл-ауқатын  жақсартуға  тырысады. 
Прогресс  дегеніміз  де  осыған  сай  келеді»-  деген  қорытынды  жасайды  (Ш. 
Уәлиханов. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1995.127- бет ).
Өзінің  осы  шығармасында  Шоқан  Ресей  патша  өкіметінің  саясатындағы 
отарлық мақсатты сол кездің өзінде айқын түсініп, қазақ қоғамындағы ертеден 
қалыптасқан  билер  сотының  сақталуын  талап  етті.  Дәстүрлі  билер  қызметінің 
ашықтығын,  жариялығын,  демократиялық  принциптерін  жоғары  бағалайды. 
Шоқан  Шыңғыс  хан  заманынан  енген  ереже  бойынша  қазақ  қоғамының  «ақ 
сүйек»  және  «қара  халық»  болып  жіктелуіне  қарсы  шығып,  қоғамда  бұл 
бөлінудің болуы бір-біріне қайшы мүдделердің шығуын көрсетеді деп есептеді. 
Осы және басқа әлеуметтік жіктеулерден әртүрлі дау-жанжал, саяси-әлеуметтік 
шиеленістер  туатынын  дәлелдей  келе,  қазақ  халқын  бірлікке  шақырды. 
Ғалымның  пікірінше,  тұлғаның  адамгершілік  қасиеттерін  дамыту  үшін  ең 
алдымен оларға  еркіндік  берілуі қажет. Ал еркіндікті  дұрыс пайдалануы үшін 
халыққа жалпы білім, әсіресе саяси сауаттылық қажет.                
Абай  Құнанбаевтың  (1845-1904)  басты  философиялық,  этикалық 
шығармасы  «Қара  сөздерінің»  идеялық  мазмұнын  талдау  арқылы  ойшылдың 
саяси  көзқарастарына  айқын  баға  беруге  болады.  Ол  қазақ  қоғамындағы 
мәдени-әлеуметтік  құндылықтарға,  атап  айтқанда,  білімге,  сенімге  және 
адамгершілік  қасиеттеріне  айырықша  көңіл  бөлді.  Осы  құндылықтардың 
жоғары  дамуы  үшін  қазақ  халқы  өзге  елдердің  ең  жоғарғы,  пайдалы 
құндылықтарын  үйреніп,  қабылдауы  қерек  деп  есептеді.  Бұл  мақсатқа  жету 
күшті  биліктің  көмегінсіз  жүзеге  аспайды,  себебі  тұрақты  саяси  билік  ғана 
халықтың өзіндік санасын көтеріп бірлікке, татулыққа бастай алады.
Абай  билік  иелерінің  өктемшіл,  әміршіл  психологиясы  мен  билікқұмар 
білімсіз, ақылсыз байлар тобын өз өлендерінде:                          
                               «Бас-басына би болған өңкей қиқым,
                       Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын».
-деп қатты сынға алады.

19
        Абайдың  ойынша,  қазақ  қоғамында  күшті  билік  қалыптастырудың 
өзіндік кедергілері мен қиындықтарды бар, олар: қазақ халқының еркіндігінің, 
тәуелсіздігінің  болмауы;  қазақтың  салт  дәстүріне  сәйкес  қалыптасқан 
мемлекеттік басқарудың жойылуы. Ойшыл қазақтың кемеңгер хандары Қасым, 
Есім  және  Тәуке  қалаған  ата-баба  заңдарының  құндылығына,  өзіндік 
артықшылығына жоғары баға береді. Абайдың ойынша, қазақ халқы үшін жаңа 
әлеуметтік  жағдайларды  ескере  отырып  дәстүрлі  билер  сотын  сақтап  қалу 
қажет. 
Ол  үшін  қорғаушылар  институтын  қалыптастыру  –  билердің  әділ,  таза 
сайлау  арқылы  сайлануы  немесе  халық  ішіндегі  әділ,  беделді  азаматтардың 
тағайындалуы тиісті. 
    Абай  творчествосында  басқа  да  көптеген  ерекше  саяси,  әлеуметтік 
ойлар кездеседі, олар: адам дүниетанымы, тұлғаның әлеуметтенуі, өз халқының 
ерекше қасиеттері және т. б. мәселелер.
Ойшыл    тұлғаның  әлеуметтік  мәнін  анықтайтын  негізгі  екі  қасиетті 
көрсетеді:  адамның  ақыл-ойы  және  еңбек  қызметі.  Осы  екі  қасиет  адамның 
басқа тіршілік иелерінен өзгешілігін, артықшылығын айқындайды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет