Саясаттың қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттесуі Саясат деген менің ойымша биліктің бір көрінісі деуге болады . Оны елеп – ескермеуге болмайды , немқұрайлылықпен қарауғада болмайды .Саясаттану негізгі ғылыми түрде : қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Саясаттың күші орасан зор , ол бір мемлекетің , биліктің тұрақты орнап тұруына ықпалын тигізеді жіне саясатсыз болмайды деуге болады . Жалпы үлкендерден естіуім бойынша , саясатпен ойнамау керек дейді . Осы арқылы бұрыннан бері саясаттың қандай күшке ие екендігін түсініп келеміз . Қазіргі таңда саясаттану деген пән арқылы сасатқа деген түсінігіміз көбейеді деп ойлаймын . Жалпы саясат пен қоғамның байланысы өте көп . Мысалы мен оның қоғамның салаларымен байланысын айтсақ . Философиямен , экономикамен , құқықтық ғылымдармен, тарихпен байланысты . Саясаттанудың философиямен байланысы. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдеп , саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді . Яғни , философияның заңдары мен категориялары , тұжырымдары мен дәлелдемелерін пайдалану саясатты дұрыс түйсінуге мүмкіндік жасайды . Ал экономикамен байланысын айтсақ .Ол саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыруы үшін күресетініне көз жеткізеді . Басқаша айтар болсақ , кез-келген саясимүдделердің негізі – адамның материалдық , экономикалық құндылықтар мен артықшылықтар үшін күресінен туындайды . Құқықтық ғылымдармен байланысы. Ол саяси шешімдерді даярлап іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді , құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың байланысар жерлерін қарастырады . Саясат әрқашанда адамның құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды . Сонымен қатар, құқықтардың сақталуы да , оның жаңа түрлері мен заңнамалық базасының туындатылуы да саясат арқылы жүзеге асырылады . Саясаттанудан басқа , саясаттанумен байланысты пәндерде бар . Мысалы әлеметтану пәні , мәдениеттанутпәніменде байланысы бар деп ойлаймын . Әлеуметтанумен байланысы . Ол әлеуметтік ортаның саяси салаға әсерін зерттейді , адамдардың саяси салаға араласуын қарастырады . Қоғам мүшелерінің әлеуметтік жіктелуі , стратификациялық ерекшеліктері де саясаттың жемісі мен мақсаты .Мәдениеттанумен байланысады. Бұл ретте белгілі бір қоғамды саяси тұрғыдан зерттеу үшін ондағы дәстүрлі мәдениет ерекшеліктерін, өзге өркениеттердің ықпалын, ассимиляциялық және сегрегациялық ерекшеліктерін қарастырмай зерттеу мүмкін емес . Онымен қоса тарихпен де өз байланысы бар . Тарих болса жүйелі , дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді . Түрлі тарихи дамудағы саяси процестер, саяси оқиғалар тек тарих ғылымының қойнауында ғана сақталып қалады . Оны білу арқылы саясатты салыстырмалы түрде зерттей аламыз . Саясаттану нақты , немесе , жаратылыстану ғылымдарымен де байланысты . Жалпы қоғамдық ғылымдарға бұл әдістерді енгізу туралы алғаш рет сөз қозғаған француз ғалымы О.Конт болатын . Мәселен , саясаттану бұл ретте : Математикамен байланысты . Себебі қазіргі кезде сауалнама, контент - анализ әдістерін математикалық есептеулер мен заңдылықтарға сүйене отырып жүргізу керек . Жалпы саясат және саясаттану пәні саясатты ғана емес , саяси қоғамда жүріп жатқан үрдістерді толығымен қамтып отырады . Осыны айта келе саясатқа араласпасаңда , біле жүрген жөн шығар .