Полиция — қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу, мемлекет пәрменін орындату, халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қорғау міндеттері жүктелген мекемелер мен лауазымдардың және әскерилендірілген жасақтардың жиынтық атауы.
Парламентаризм - парламенттің өкілетті және заңшығарушы орган ретіндегі басым рөлін мойындайтын, заңшығарушы және атқарушы билік қызметтері толық нақтыланған мемлекеттік билік жүйесі.
1.1) Билік институттары
Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б.
1.1) Билік институттары
Сайлау — сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға адам таңдау науқаны. Азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны болып табылады. Демократиялық қоғамда сайлау мынадай міндет атқарады: мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырады; саяси элита мен жетекшілерді іріктейді; үкімет пен басқарушы саяси партияның саясатын бағалайды; мемлекеттің қызметіне қоғамның бақылау жасауына мүмкіндік береді; саяси жанжалдың алдын алады.