•Қазақ елі былтырғы жылдың соңында өз тәуелсіздік ғасырыныңбестен бірін толтырған еді. Бұл мерзім адам өміріменесептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақытемес. Бірақ осы бір қысқа мерзімге қарамастан, тәуелсіздіктіңалғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саясиқиыншылықтарды еңсере білген Қазақ елі әлем мойындағанмемлекеттер қатарына қосылды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлықинституттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік саладажаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзінееріксіз аударды.
Елбасы Н. Назарбаев
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанжолы» кітабының ағылшыншанұсқасының алғы сөзіндеАнглияның 1979-1990 жылдарыүкіметін басқарған және кезінде«Темір Леди» атанған Маргарет Тэтчер де тәуелсіздіктің алғашқыжылдарындағы Қазақстанның көшбасшылық рөл атқарғандығын мойындап, соған оң баға бер
• Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап айрықша ерекшелігі бар өзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, арандататын пікірлердің ығы мен ырқына жығылмай, әліптің соңын баға сабырмен, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлестіре, жан- жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба алу және шеше білу даралығымен бірден әлем назарын аударды. Елбасы өзінің қол жеткізсем-ау деген саяси және ұлттық биік мақсаттарын әрдайым есінен шығармаумен бірге, оған жету үшін де жалаң ұран көтеріп, жақсы атақ алуға қызықпады. Қандай мәселеде болсын қолдан келетін нақты мүмкіндік терді ғана түгел пайдаланып, эволюциялық жолмен тұрақты ілгері жылжи бергенді дұрыс санады. Дамудың қазақстандық жолын іздестірді, өзіндік бағытты таңдады. Сол қазақстандық даму жолынан өзге даму жолдарының ешқайсысын да, тіпті бірде-бірін жоққа шығарған емес, керісінше, өзге даму жолдарының қажеттісін алып та, пайдалана білді.• Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің бетбұрысты кезеңдерінде Мемлекет басшысы ретінде, әсіресе, экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау мәселесіндегі біліксіздікке қатаң қарсы тұра білді. Ешкімнің ойына келмеген және де бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ өміршең маңызы бар шешімдерді батыл қабылдап жатты. Елбасының өз кезінде: «Кейде адамдарды еркінен тыс қазір барғысы келмейтін, бірақ объективті түрде баруға тиіс жаққа жетелеуге тура келді», – деп айтқанын осы күндері еске ала отырып, яғни билік үшін күрестегі батылдық пен билік басындағы батылдықтың екеуі екі басқа екендігін өз ісімен дәлелдей білгендігі ерексіз сүйсіндіреді. Тәуелсіз ҚазақстанҚазір тәуелсіз Қазақ елінің тарихы жасалды. Бірақ оны қазақ е
Тәуелсіз Қазақстан
Қазір тәуелсіз Қазақ елінің тарихы жасалды. Бірақ оны қазақ елінің Көшбасшысы бола алған Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы бүкілхалық тық сайлаудан кейін қолға алған басшылық қызметінсіз көзге елестету мүмкін де емес. Өйткені, тәуелсіздік қарсаңындағы және тәуелсіздіктің сан қырлы соқпақты жылдарындағы оның тізгінін ұстаған Мемлекет басшысы, оның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарған қызметінсіз тәуелсіз ел тарихының парақтарын жазып шығу мүмкін де емес. Өйткені, бұл тарихта тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын көтерген, бар-жоғын түгендеп, іргесін кеңейткен, оны әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдырған, онымен санасуға мәжбүр еткен Қазақстан Республикасының Президенті, оның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы, қабылдаған тарихи шешімдері, ұстанған саясаты, саяси қызметі, өзіндік дара жолы жатыр.
Қорытынды
• Өзіміздің ел тәуелсіздігінің тарихы және Елбасының ел егемендігіндегі рөлі жөніндегі оймызды қорыта айтқанда, аз ғана уақытта Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен елімізде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылғандығын бөле-жара атап көрсету қажет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Елбасы белгілеген және батыл жүргізген бағыт өзін өзі ақтады және алдағы уақытта да өміршең болатындығын дәлелдеп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген бұл саясаты мен бағыты қазіргі уақытта «Қазақстанның даму жолы» ретінде дүниежүзі қоғамдастығынан мойындалды. Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін ақиқат есебінде тарих алдымызға тартып отыр.