Саяси элита



бет1/3
Дата15.10.2023
өлшемі1,52 Mb.
#115397
  1   2   3
Байланысты:
Жалғасова Аружан призентация

Саяси элита

Орындаған:Жалғасова Аружан

Жоспар

Саяси элита

  • •Саяси элиталарды, олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардыңқызығушылық білдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылархақында жауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз меңіреуліктіңорнына қалыптасқан саяси болмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі әлеуметтік жік – саяси элитаның ортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі тарихи кезеңніңөзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарын іздестіругебайланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөлін негіздеу бұл күндері айрықшазәрулікке айналып отыр. Біздіңше, ең алдымен қазақстандық саяси элитаның қалыптасуыбастауларына үңілу орынды болып табылар еді. Саяси элитаның табиғатын байыптай қарастыруүшін олардың халықтың саяси өміріндегі рөлі, ұлттың “Бұл өмірдің мәні неде?”, “Біз кімбіз?”, “Қайда бара жатырмыз?” деген сауалдарға жауап іздестіруі мен мәнділігі үрдістерінқалыптастырудағы орны басты өлшемдер бола алады. Ұлтты топтастыру өзін-өзі сол замандағысаяси мұраттар талабына сәйкестендіру рөлін XX ғасыр басындағы қазақтың ұлттықинтеллигенциясы мінсіз орындады: өтіп жатқан саяси процестердің мән-маңызын бұқарағатүсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру олардыңбасты міндеттеріне айналды.Бұқаралық саяси ұйым арқылы халықтың саяси мүдделерін білдіругеболатындығын жіті сезініп, “Алаш” қозғалысының ұйытқы тобын құрды, оның құрамынаБөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов, Қыдырбаев, Тұрмұхаметов, Жизанов енді. Қалыптасқан саясижағдайлар ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлттық интеллигенциясының өз идеяларынрәсімдеуге ұмтылысының өзі соны саяси ұйымның пайда болуына қажетті алғышарттар жасады. Бүкіл ресейлік саяси өмірге Бөкейхановтың, Шоқаевтың, Қаратаевтың, Досмұхамедовтердің, Төгісовтың, Байтұрсыновтың белсене араласуы жаңа дәуірдің саяси элитасын қалыптастыруғанегіз қалады. Бірінші және екінші мемлекеттік Думаға Қазақстаннан Әлихан Бөкейханов, АхметБірімжанов, Бақыткерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев және т.б. белгілі тұлғалар депутат болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет