Саяси элита және саяси топ бастаушылық "Элита"



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі1,29 Mb.
#126542
  1   2   3   4

САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ ТОП БАСТАУШЫЛЫҚ

"Элита"

  • француздың "elite" деген сөзінен шыққан, сүрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді.
  • . XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады.
  • XX ғ. бастап саясатгану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.

Элита туралы теориялар

  • Гаэтано Моска (1854—1941) , еңбегі"Саяси ғылым негіздері" (1896), онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді;
  • үш қасиет:әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.

Элита туралы теориялар

  • Валъфредо Парето (1848-1923). "Жалпыға бірдей социология трактаты" (1916). Ол "элиталардың айналу" теориясын жасады;
  • Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны үсынуының арқасында келеді;
  • Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды;
  • Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді.

Элита туралы теориялар

  • Роберт Михелъс (1876—1936) "Саяси партиялар, демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк" (1911) деген еңбегінде "олигархияның темірдей заңын" шығарды;
  • Бүқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруга және басқаруға қабілеті жетпейді;
  • Кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады.

Элита туралы теориялар

  • Райт Миллс (1916-1962) "Билеуші элита" атты еңбегінде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасын аталдау жасайды;
  • Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды;
  • Оның ойынша, қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикатық және әскери институттар;
  • Соған карай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар қүрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет