Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Тақырыпты пысықтау сҧрақтары



Pdf көрінісі
бет27/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Тақырыпты пысықтау сҧрақтары: 
1. Делигитимділік деген не? 
2. Түрлі-түсті тӛңкерістер деген не және қандай елдерде болды? 
3. «Араб кӛктемі» нені білдіреді? 
 
13-дәріс. Билік бӛлінісі 
 
Билік бӛліну теориясының негізін салушылар
 Билік бӛлінісі теориясының мәні
Ӛкілдік ету принциптері мен билік бӛлінісі
 
Билік бӛлінісі – біріншіден, мемлекеттік биліктің бір орталыққа немесе бір 
билеушінің қолына шектен тыс шоғырланып кетпеуі үшін бір-бірінен тәуелсіз, 
бірін бірі тежеп және бақылап отыратын биліктің тармақтарына бӛлінуі тиіс 
дейтін 
саяси-құқықтық 
теория, 
екіншіден, 
мемлекеттік 
билікті 
ұйымдастырудың конституциялық қағидасы. Яғни, мемлекеттегі билік бір-
бірінен тәуелсіз, бірін-бірі тепе-теңдік пен тежемелік принципімен ұстайтын үш 
тармаққа бӛлінеді – атқарушы, заң шығарушы және сот билігі. Саяси ілімдер 
тарихында билік бӛлінісі туралы кӛзқарастар антикалық дәуірден бастау алады. 
Мысалы, Аристотель мемлекеттік құрылымның кез келген түрінің негізі үш 
бӛліктен тұрады дейді: біріншісі – мемлекеттің ісін қарастыратын заң 
шығарушы-кеңесші орган; екіншісі – қызметтік, яғни, мемлекеттік қызметтер 
және олардың орнын ауыстыру әдіс-тәсілдері; үшінші – сот немесе саяси 
шешімдердің дұрыс орындалуын бақылаушылар.
Биліктің тармақтарға бӛлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы саналады. 
Бұл қағиданы алғаш рет ағылшын ойшылы Джон Локк (1632-1704) пен француз 
ағартушысы Шарль Луи Монтескье (1689-1755) ұсынған болатын. Джон Локк 


50 
екі тармақты билікті – мемлекеттік билікті заң шығару және атқару биліктеріне 
ғана бӛлуді ұсынса, Ш.Л. Монтескье оның идеясын дамытып, қазіргі 
қолданыстағы үш тармақты – заң шығарушы, атқарушы және сот билігі 
тармақтарына бӛлуді ұсынды. Қағиданың басты талабы – саяси бостандықты 
бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, 
мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін 
мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық ӛздерінің ӛкілдерін сайлайтын, 
қоғамды басқару мен дамытуды заңдар қабылдау арқылы жүзеге асыру), 
атқарушылық (биліктің ӛкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен 
оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын), сот 
биліктері (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде 
жазалаудың кепілі болып табылатын) деп бӛлу қажет. Осы әрбір билік түрлері 
дербес және бір-бірін тежей отырып, ӛз функцияларын органдардың ерекше 
жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс. Бұлардың 
әрқайсысы ӛз ӛкілеттігі аясында бір-бірінен тәуелсіз болуы керек. 
Монтескьенің пікірінше, биліктің бір адамның немесе бір органның қолында 
шоғырлануы жеке тұлға еркіндігін шектеп, қиянатқа апарады. Халықтың 
басқаруға қатысуы ӛз ӛкілдерін сайлаумен шектелуі тиіс. Қазіргі кезде билік 
бӛлінісі 
– 
саяси 
ӛмірдің 
түрі 
ретіндегі 
құқықтық 
мемлекет 
пен демократияның аса маңызды элементтерінің бірі.
Конституцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң 
шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық 
шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты 
тежемелік жүйесінде президент ерекше рӛл ойнайды, ол заң шығарушыға 
қатысты вето құқығын иеленеді; атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта 
болып президент ӛкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, 
атқарушы 
органдардың 
жауапты 
қызметкерлеріне 
заңшығарушылық 
құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу 
табылады; сот билігі үшін конституцияда кӛрініс тапқан құқықшектеуші 
құралдар: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот 
алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы және т.б.
Заң шығарушы билік
(парламент) заң шығарумен, оны бекіту, ӛзгерту 
немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, 
үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны 
қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық 
келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын 
айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар 
(конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды. 
Атқарушы билікке
үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы 
ӛкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің 
бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға 
негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы 
билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бӛлігіне айналған 
және қоғамдық ӛмірде зор рӛл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды 


51 
(бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал 
әкімшілік шешімдерді жүзеге асырады. 
Сот билігі 
адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан 
сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық 
жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе ӛкілетті мекемелер 
қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Ӛз 
жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік 
органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол 
шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, 
айыпкердің ӛзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге 
құқығы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет