Саяси ғылымдарының докторы, профессор


-дәріс. «Саяси билік» пәнінің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
treatise15701

 
1-дәріс. «Саяси билік» пәнінің мақсаты мен міндеттері
 
Билік әлеуметтік құбылыс ретінде
«Билік» ұғымының анықтамасы 
Биліктің табиғатын түсіндіруші ғылыми тұжырымдамалар 
 
Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Адамзат тарихында 
билік ұғымы бір адамның екінші адамға үстемдік етуі, бағындыруы деп 
түсіндіріліп келді. Ал қазіргі таңда бұл ұғымды жан-жақты зерттейтін 
кратология ғылымы қалыптасты. Ол саясатпен тығыз байланысты және 
саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсінуге 
мүмкіндік береді. Себебі саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік 
үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың кӛрнекті ойшылы Ибн-Халдун 
(1332-1406): «Адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі – билік үшін 
күреседі», – деген екен. 
Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері Бертран 
Рассел (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда 
негізгі ұғым билік деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы 
Талкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, 
саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы 
басқа тақырыптардың бәрі билікке қатысты. 
Саясаттануда билік, биліктің туындауымен байланысты қоғамдық 
қатынастар, биліктің негізі, шығу кӛзі, қызмет етуі мен заңдылығы басты 
мәселе болып табылады. Билік туралы мәселені қарастырғанда, ең бастысы, 
оның негізінде жатқан қатынастардың әмбебаптық сипатын ескере кеткеніміз 
жӛн. Әлемде үстемдік құрып тұрған жалпыға бірдей ӛзара тәуелділік 
элементтері – тәуелділік, үстемдік және бағынушылық осы қатынастардың ӛзегі 
болып табылады. Ӛзара тәуелділік табиғатта әмбебаптық сипатқа ие және онда 
белгілі бір иерархияны қалыптастырады.
Ӛзара тәуелділік тірі жәндіктер ассоциациясының ішінде басқа мазмұнға 
ие болады. Болмыстың түпкілікті сипаттамасы бола отырып, бай-бағландардың 
тіршілік етуі үшін қажетті сипат ала отырып, ӛзара тәуелділік 
ассоциациялардың ішінде иерархиялық байланыс жасай отырып, олардың 
гендік құрылымы мен инстинктінде тұғырланады. 
Бұған аралардың ұясы, құмырсқалардың, термиттердің колониясы, т.б. 
мысал бола алады. Мұнда иерархия биологиялық түрлердің табиғи негізінде, 
олардың гендерінде болады. Особьтардың күресі, олардың жеке қасиеттері 
шешуші рӛл атқаратын жоғары ұйымдасқан хайуандардың үйіріндегі 
иерархияның
 
қалыптасуы 
барынша 
ашық 
және 
мейлінше 
аз консервативтік сипатқа ие. Адамдар қауымдастығына келер болсақ, тайпалар 
отбасындағы адамдардың ең алғашқы бірлестіктері болып табылады, олардың 
ішінде әрекет бірлігін дағдыландыратын және осы қауымдастықтың 



тұтастығын сақтайтын ұйымдастырушы элемент ретіндегі биліктің қалыптасуы 
мен қызмет етуінің бастауы жатыр. 
Адамзаттың арғы тектерінің қауымдық тобында биліктің қалыптасуы және 
қызмет етуі қарапайым психофизиологиялық негіздегі тұлғалардың шынайы 
мінез-құлықтарынан келіп шықты. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда адамзаттың 
арғы тегі 
біртекті
болды. 
Еңбек бӛлінісі, айырбастың дамуы адамдар қауымдастығының әлеуметтік 
жіктелуіне алып келді, яғни қажеттіліктерді қанағаттандыруда, тұрмыс 
салтында әр алуандылық, мүліктік теңсіздік қалыптасты, әртүрлі кәсіптер, 
сословиелер, таптар пайда болды. Адамдар ассоциациясы этномәдени, 
әлеуметтік, жыныстық, жас ерекшеліктік, кәсіби және басқа да негіздерге ие 
бола бастады. Осындай жағдайларда биліктің қалыптасуы мен қызмет етуі
үстемдік ету мен бағынудың әлеуметтік иерархиясының жүзеге асуы, адамдар 
мүдделерінің түйісу процесінің іске асуы тым күрделене түседі де арнайы білім 
мен дағдыларды талап ететін ерекше әлеуметтік функция – элитарлық әрекетке 
айналады. 
Бұдан қоғамның саяси мәдениеті қалыптасып, дамиды, оны игеру мен 
қолдану, әлеуметтік құбылыс ретінде биліктің пайда болуы мен қызмет етуі 
орын алады. Жалпы, биліктің қажеттілігі мен үстемдік ету, бағыну 
қатынастарының табиғилығы айқын болғанымен, нақты жағдайда, субъект-
субъектілік қатынастар жүйесінде үстемдік ету мен бағынудың қалыптасуы
қызмет етуі мен дамуы шынайы түрде қандай деген сауал кадр сыртында қала 
береді. Билік құрудың осы мәдениетінің ерекшеліктерін ашу саясаттанудың 
ғылым ретіндегі ӛзгешелігін, оның пәндік мазмұнын кӛрсетеді. Сондықтан 
саясаттануды билік туралы ғылым деп қысқаша атауымызға болады. 
Сонымен, 
билік
дегеніміз не? Бұл ұғымға қызығушылық ерте замандардан 
басталған. Биліктің ӛз құпиясы бар. Адамзат ӛз дамуының ӛне бойында ӛзінің 
ойшыл ӛкілдерімен оның мәнін ашуға талпынды. Неге адамдар басқа адамдарға 
бағынады? Америкалық демократияның атасы Т. Джефферсон айтқандай, бір 
адамдар ат сияқты ер-тоқыммен, ал енді біреулері шпоралы саптама етікпен 
туылмайды (шпора – салт атты адамның етігінің ӛкшесіне қағылатын темірден 
жасалған кӛмекші құрал, аттың үстінде отырып тебініп қалғанда, жануардың 
екі бүйірінен нұқып қалу үшін қажет). Яғни адамдар дүниеге келгенде бірдей, 
ешкім тумысынан бастық немесе бағынышты емес. Бірақ осылай болса да, 
біреулер билік құрады, ал басқалары осы билікті мойындайды және оған 
мүлтіксіз бағынады. 
Билік құрылымын зерттеушілер бұл ұғымды анықтауда әртүрлі тәсілдерді 
қолданып, түрлі кӛзқарастарды ұстанады. Билік – билік құру объектісін 
басқарудағы ерекше іс-әрекеттерді жүзеге асыратын субъект. Себебі биліктің 
әсері қоғамның барлық құрылымдық элементтеріне бойлай отырып, жүзеге 
асатындықтан, қоғамдық ӛмірдегі ӛз кӛрінісінің кӛптүрлілігімен сипатталады. 
Бұл: 

еріктің, 
бастаманың, 
жігердің 
кӛрінуі, 
субъект-субъектілік 
қатынастардың белсенді элементі; 


10 

мақсатты жасақтау, бағыныштылардың тіршілік әрекеттерінің мәнді 
аспектілерін бағдарламалау; 

шешімдер қабылдау, оларды жүзеге асыру тетіктерін анықтау; 

жеке мүдделерді түйістіру мен ескеру; 

жалпы мүдделердің жеке мүдделерден басымдығын мойындау және осы 
басымдықтарды қамтамасыз ету үшін биліктік ықпал ету нормалары мен 
құралдарын қолдану; 

биліктік ықпал етудің әлеуметтік мәнін мойындаумен байланысты билік 
субъектісінің ерекше психикалық жағдайы, т.б. 
Осы аталған бағалау пікірінің барлығы билік мәніне тереңдей енуге 
талаптану болып табылады. Әлеуметтік ӛмірде билік ӛзін кӛпаспектілі және 
кӛпӛлшемді құбылыс ретінде кӛрсетеді. Билік құрушы субъект ӛз 
акцияларында, әрекеттерінде ӛз «Менінің» шегінен шығып кетеді. Оған 
объектіге ықпал етуге ұмтылу, онда ӛзінің субъектілігін, яғни ӛзінің әлеуметтік 
ықпалы мен мәнін жүзеге асыру тән. Бұқаралық санада қалыптасқан жалпы 
түсінік бойынша билік тәртіп үшін керек, ол – қоғамдағы тәртіпті сақтаудың 
қаруы, құралы. Бұл формуланың кӛзге кӛрініп тұрған қарабайырлығына 
қарамастан мұнда билік қажеттілігін мойындау мен билік құрудың мақсаты 
кӛрсетілген. 
Биліктің маңызды қырлары: 

адамдарды 
нақты 
іс-әрекетке 
ояту 
қабілеті, 
үстемдік 
етуші субъект мүдделері мен мақсаттары негізінде әрекеттер жасату; 

адамдардың билікке тиімсіз іс-әрекеттерінің алдын алу қабілеті; 

нақты күштердің үстемдігін кӛрінбеген жағдайдың ӛзінде жүзеге асыру 
мүмкіндігі; 

тұтастығы, барлық жерде мәжбүрлеу түрінде ӛмір сүру қабілеті. Мұндай 
мәжбүрлеу жеке үстемдік ретінде қабылданбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет