Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Тақырыпты пысықтау сҧрақтары



Pdf көрінісі
бет14/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Тақырыпты пысықтау сҧрақтары:
1.
Биліктің атрибуттары 
2.
Биліктің негіздері мен ресурстары
3.
Биліктің психологиялық негіздері 
5-дәріс. Саяси және мемлекеттік билік 
Саяси билік ұғымы 
Мемлекеттік билік және оның ерекшеліктері 
 
Билiк
– қазақ халқының дәстүрлі санасында 
«ел басқару», «ӛкім ету» 
сӛздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде 
де ол 
«ӛкімет»
атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, 
саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-
құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ беделдің, дәстүрдің, зорлықтың 
жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-
әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.
 
Саяси және мемлекеттік билік. Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік 
биліктен де кеңірек. Саяси билік
 
– ол мемлекеттік биліктің құрамын 
қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар: қоғамда ресми 
қабылданған саяси топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, сайлау 
жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде парламентті қалыптастыратын 
кӛппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал кейбір елдерде екіпартиялық жүйе 
(АҚШ, Англия) орныққан. 
Саяси билік адамзат тарихында ежелгі заманнан бар. Мысалы, қазақ 
даласы тарихындағы ақсақалдар, ақсүйектер, билер кеңесі болса, ал славян 
халықтарында X-XIV ғасырларда вече, рада болды. Бұл саяси билік ӛзі тікелей 
билік етпегенімен, әулеттің кӛптеген ӛкілдерінің ішінен кім хан, кім князь 
болуын ұйғарып отырды. Бұл қазіргі демократия тәртібіндегі саяси партиялар 
мен әртүрлі қоғамдық топтарға ұқсайды. 
Ал мемлекеттік билік
 
– саяси биліктің ұйғарған уәкілділігін іске асыратын 
жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент 
қалыптастырады, яғни мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы 
мемлекеттік билікке қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Саяси билікте 
ондай ӛкілеттік болмайды. Мысалы, саяси партия саяси биліктің құрамында 
болғанымен, саяси партиядан қоғам мүшелері тәуелсіз, партияға бағынатындар 
әрбір партияның ӛз мүшелері ғана. 
Саяси биліктің негізгі мақсаты – мемлекеттік билікті қалыптастыру. 
Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы сатысы болып табылады. 
Мемлекеттік билік саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік қоғамның 
мүддесінен туындайды. Саяси билік, негізінен, қоғамның, халықтың қалауына 


22 
байланысты қалыптасатын тарихи процесс. Мемлекеттік биліктің заңды болуы 
оның легитимділігімен, халықтың мойындауымен анықталады. 
«Элита» термині француздың 
«еlite» 
деген сӛзінен шыққан, яғни 
сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан 
бастап ол сӛзбен жоғары сапалы тауарларды атады. XX ғасырдан бастап 
саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары 
адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. 
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және 
олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бӛлу идеясы ӛте ертеден бастау 
алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға 
(билеуші элитаға) және тӛменгі (қарапайым) адамдарға бӛлді. Платон билеуші-
философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда 
элиталық теорияны кӛзқарастар жүйесі ретінде XX ғасырдың басында 
италиялық ғалымдар Гаэтано Моска, Вильфредо Парето, неміс ғалымы Роберт 
Михельс және т.б. қалыптастырды. 
Гаэтано Моска 
(1854-1941) элита теориясын «Саяси ғылым негіздері» 
(1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен 
басқарылушыларға бӛлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери 
ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет, оның 
ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады. 
«Элита» терминін ғылыми айналымға енгізген – 
Вильфредо Парето 
(1848-
1923). "Жалпы социология жӛніндегі трактатында" (1916) «элиталардың 
айналымы» теориясын жасады. Ғалымның ойынша, элита билік басына 
алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Идеялары жүзеге асқан 
сайын, элитаның маңызы мен беделі азайып, ықпалы баяулайды. Осындай сын 
сағатында олардың орнына жаңа идеямен қаруланған басқа элита билік басына 
келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни бір элита екіншіні 
алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады дейді. 
В. Паретоның ойынша, билеуші элита оңайлықпен берісе қоймайды. 
Сондықтан тандаулылардың (элитаның) алмасуы күш, тӛңкеріс және 
революция арқылы жүзеге асыуы да мүмкін. Жалпы алғанда, бұл қоғам үшін 
пайдалы. Олар қалай болғанда да (күшпен не бейбіт жолмен болсын) қоғамның 
дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады. 
Роберт Михельс 
(1876-1936) «Заманауи демократия жағдайындағы саяси 
партияның әлеуметтануы» (1911) деген еңбегінде «олигархияның темірдей 
заңы» деген түсінікті ғылыми айналысқа ендірді. Оның ойынша, бұқара 
халықтың ӛзін-ӛзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. 
Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына 
ие болды. Сӛйтіп, кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты 
пайда болады. Ол кӛпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым 
мүшелеріне ӛздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті ӛз қолдарынан 
шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық шеңбер пайда болады. 
Мұнда байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың 


23 
егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. «Олигархияның темірдей заңы» осы 
дейді Роберт Михельс. 
Саяси элита - бұл қоғамды басқаруда билеуші қызметін атқаратын және 
мемлекеттік билікті қолына шоғырландырған, маңызды саяси шешімдер 
қабылдауға қатысатын кәсіби әлеуметтік топ. Қоғамның саяси элитасының 
құрамына биліктік функиияны және уәкілдік құқты иеленген лауазымды 
саясаткерлер, стратегиялық мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге 
асыруға қатынасуға кәсіби дайындығы бар жоғары мемлекеттік қызметкерлер 
кіреді.
Саяси элитаның құрылымы: жоғары, орташа және тӛменгі деп үш деңгейге 
бӛлінеді. Жоғарғы саяси элита ӛзіне жетекші саяси басшыларды, сонымен қатар 
заң шығарушы, атқарушы және сот билік тармақтарында жоғарғы қызмет 
орындарында отырғандарды (президенттің тікелей тӛңірегіндегілер мен премьер-
министр, оның орынбасарлары және жетекші министрлер, парламент спикері, 
депутаттық, фракциялардың жетекшілерін) қамтыған. 
Орташа саяси элита кӛптеп саналатын сайланған лауазымды адамдардан; 
әкімдерден, парламенттік депутаттардан, саяси партиялар мен қоғамдық 
қозғалыстар кӛшбасшыларынан, сонымен қатар кәсіподақтардың басшыларынан 
қалыптасады.
Саяси элитаның тӛменгі жігін жергілікті жердегі саяси кайраткерлер - 
басшылар, жергілікті билік органдарының депутаттары және аймақтық, деңгейдегі 
партия қайраткерлері қалыптастырады.
Саяси элитаға, сонымен бірге, әкімшілік, экономикалық, әскери, 
полициялық, идеологиялық-ақпараттық, рухани-мәдени және ғылыми 
мамандандырылған кіші әлеуметтік топтар да жатады. 
Әкімшілік 
элита 

билеуші 
элитаның 
бӛлігі, 
министрліктер, 
департаменттер және мемлекеттік басқарудың басқа да органдарының 
мемлекеттік қызметшілері. 
Экономикалық немесе бизнес элита - бұл меншік ресурстарының негізінде 
билік құрылымына ӛзінің қатынасуын іске асыратын билеуші элитаның бӛлігі. 
Экономикалық элитаға ӛз қолдарында материалдық және қаржы ресурстарын 
шоғырландырған: ірі корпорациялар, банктердің иелері және олардың 
менеджерлері, бизнесмендер және т.б. адамдар кіреді.
Әскери және полициялық элита - билеуші элитаның маңызды бӛлігі. Олар 
қоғам ӛмірінде, саяси үрдістерде үлкен рӛл атқарады, әскери, полициялық 
элитаны кӛбінесе саясаттың шешуші құралы ретінде пайдаланады. Әскери және 
полициялық элитаның құрамына елдің жоғары әскери басшылары, генералитет, 
ішкі істер министрлігінің басшылары, мемлекеттік қауіпсіздік, арнайы қызмет 
және т.б. басшылары кіреді.
Рухани-мәдени элита - бұл рухани билікті алып жүрушілер. Ол аса беделді 
әрі ықпалды ӛнер, оқу-ағарту, әдебиет қайраткерлерінен және басқа да 
шығармашылық интеллигенция ӛкілдерінен тұрады.
Ғылыми элитаның қоғамның қоғамдық-саяси ӛмірінде маңызды позициясы 
бар. Ол интеллектуальды элитаның аса дарынды бӛлігінен тұрады. Оның рӛлі - 


24 
ғылым мен техниканың дамуына, ғылым мен техникалық прогреске және т.б. 
ықпал жасау деңгейімен анықталады. Осы элиталық топтар ішкі жағынан 
біртектес, жеңілдікті, бүкіл қоғамның ӛкілдігіне ұмтылатын саяси үстем етуші 
топты құрай отырып, бәрі бір-бірімен ӛзара тығыз байланыста әрекет етеді. 
Осыған орай әрбір қоғамдағы саяси элитаның ӛз ерекшеліктері болатынын 
айтуымыз керек. Элитаның қандай болуы ең алдымен қоғамның сипатына, 
оның әл-ауқатының мӛлшеріне, мүшелерінің білім деңгейіне, тарихи салт-
дәстүріне, мәдениетіне және т.б. байланысты. Ӛз кезегінде саяси элитаның 
сипаты қоғамның қалпына және оның динамикасына мейлінше үлкен ықпал 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет