Саяси ғылымдарының докторы, профессор


ТӚРТІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет43/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
Байланысты:
treatise15701

ТӚРТІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ПАРЛАМЕНТІ:
2007-2011 жылдар 
Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген ӛзгерістер мен 
толықтыруларға сәйкес тӛртінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы 
Парламентінің 
Мәжілісіне
сайлау 2007 жылғы тамызда болып ӛтті. 
Парламент сенатында Президент тағайындайтын депутаттар санының 15-і
адамға дейін ұлғаюын кӛздейтін ӛзгерістер мен толықтыруларды ескере 
отырып, мемлекет басшысы 2007 жылғы 28 тамызда қосымша 8 сенаторды 
тағайындады. 


78 
Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 парламентшіден тұрады.
Олардың 98 депутаты біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жалпыға 
бірдей, тең және тӛте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 
партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы 
Ассамблеясынан сайланды. 
Жеті саяси партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамызда ӛткен сайлауда
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы ғана 7 
пайыздық
кедергіні 
еңсерді, оның қатарындағы депутаттар Парламент 
М
әжілісіндегі барлық 98 
орынды иеленді. Палатадағы 9 орын 2007 жылғы 20 тамызда 
Қазақстан Халқы 
Ассамблеясынан
сайланған депутаттарға берілді. 
Мәжілістің құрамына ӛткен сайланымдағы депутаттық корпустың
39 депутаты, мемлекеттік басқару органдарынан – 24 адам, жергілікті 
мемлекеттік басқару органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан –
8 адам, білім, ғылым және мәдениет саласынан – 8 адам және басқа салалардан 
9 адам кірді. 
Палатада білімі бойынша әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны 
едәуір, олар – 42 депутат, заңгерлер – 34, педагогтар – 23, олардың бірқатары 
басқа мамандық бойынша екінші жоғары білім алған. 21 депутаттың 
экономикалық білімі бар, ауылшаруашылығы мамандары – 9. 
Бұдан басқа, депутаттық корпуста дәрігерлер, халықаралық қатынастар 
мамандары, журналистер, мәдениет және ӛнер қайраткерлері мен басқа да 
мамандықтың иелері бар. 
Мәжілісте 15 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты бар,
35 парламентші екі жоғары білім алған. 
Палатада түрлі ұлттар ӛкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың 
құрамына 82 қазақ, 17 орыс, 2 неміс және бір-бірден белорус, балқар, кәріс, 
украин, ӛзбек және ұйғыр кірді. 
Әйелдердің саны екі еседен астам артты, олар – 17 депутат. 
Тӛртінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орташа жасы – 52 
жас, бұл үшінші сайланымға қарағанда бір жасқа тӛмен. Жас шамасы бойынша 
ең кӛп топты 50 мен 59 жас аралығындағы депутаттар құрайды, олардың саны – 
44, 
одан кейінгі орында 40 пен 50 жас аралығындағылар –
36 депутат, 60 жастан асқан депутаттар – 23 адам және ең аз топ 30 бен 40 жас 
аралығындағылар – 4 депутат. 
Тӛртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 
тӛрағасы болып Аслан Есболайұлы Мусин сайланды. Ӛкілеттігін 2008 жылғы 
қазанда тоқтатты. 
2008 жылғы қазанда тӛртінші сайланған Қазақстан Республикасы 
Парламенті Мәжілісінің Тӛрағасы
болып Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов 
сайланды. 
Тӛртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Мәжілісі
ӛз 
қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы 
Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті


79 
Мәжілісі
депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлық 
шығаруына байланысты 2011 жылғы 16 қарашада тоқтатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет