Саяси ғылымдарының докторы, профессор


ЕКІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет41/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59
Байланысты:
treatise15701

 
ЕКІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ПАРЛАМЕНТІ
: 1999-2004 жылдар 
Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес 1999 жылғы 
қыркүйектегі және 2002 жылғы қазандағы сайлауларда Сенат құрамының 
жартысы қайта сайланды. Қазақстан Республикасының бес облысы 
таратылуына байланысты екінші сайланған Сенат депутаттары 14 облыстан 
және Алматы мен Астана қалаларынан сайланды. Таратылған облыстардан 
сайланған депутаттар ӛкілеттік мерзімі біткенге дейін жұмыстарын 
жалғастырды, сондықтан 1999 жылғы желтоқсанға дейін Сенатта 44 депутат 
жұмыс істеді. 
2003 жылы Сенатта 39 депутат болды. Олардың үшеуі әйел. Барлық 
депутаттардың жоғары білімі бар, соның ішінде заңгер – 9, экономист – 6, 
инженер – 11, ауылшаруашылығы маманы – 7, педагог, саясаттанушы, 
журналист – 6.
4 академик, 6 ғылым докторы, 3 профессор, 3 ғылым кандидаты Сенат 
депутаты болды. Палата депутаттары кӛпшілігінің заң шығару, дипломатиялық 
қызмет тәжірибелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы, 
ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелеріндегі, ӛндірістік, әлеуметтік-мәдени 
және кәсіпкерлік салалардағы басшылық қызметтің тәжірибелері бар.
Кӛптеген сенаторлар бұрын Жоғарғы кеңестің және бірінші сайланған 
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайланған.
Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының 
тӛрағасы болып Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ (2004 жылғы 10 наурызда депутаттық 
ӛкілеттігі аяқталғанға дейін жұмыс істеді) және Нұртай ӘБІҚАЕВ (2004 жылғы 
10 наурыздан бастап) сайланды.
1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық ӛзгерістерге сәйкес 
алғаш рет Орталық Азия ӛңірінде аралас схема бойынша Қазақстан 
Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау ӛтті, бұл саяси партияларға тең 
ӛкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін 
берді. 
Осындай жаңалықтардың нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік үлгідегі 
саяси партиялар құру процесін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен 
және баламалы түрде ӛтуімен ерекшеленді. Сайлауға 10 саяси партия қатысты. 
Мажоритарлық бір мандатты округтерде 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау 
барысында сол кезеңде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған кандидаттар 
саны – орташа есеппен бір орынға сегіз адам тіркелді. 
Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты 
округтер бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша 
партиялардан 10 депутат сайланды. Олар жеті пайыздық барьерді еңсерген тӛрт 


76 
партияның – «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік
партияның 
ӛкілдері болды.
Сайланған 77 депутаттың 8-і – әйел, 74-і – жоғары білімді, 30-ға жуығы екі 
жоғары оқу орындарын бітірген адамдар болды. Депутаттар арасында бір 
академик, жеті доктор және әртүрлі мамандықтары бар жиырма ғылым 
кандидаты болды.
Депутаттық корпустың басым кӛпшілігі инженерлер – 30, заңгерлер – 22, 
экономистер – 16, педагогикалық білімі барлар – 14, ауылшаруашылығы 
ғалымдары мен мамандары – 8, журналист, дәрігер, тарихшы, менеджер, әскери 
қызметші, халықаралық қатынастар маманы және т.б.
Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 
тӛрағасы болып Жармахан Айтбайұлы ТҰЯҚБАЙ сайланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет