Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Қазақстан Республикасының сот жҥйесі



Pdf көрінісі
бет49/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
Байланысты:
treatise15701

 
Қазақстан Республикасының сот жҥйесі 
Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және 
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін 
қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, ӛзге де нормативтiк 
құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз 
етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, 
лауазымды және ӛзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және 
заңдарында кӛзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан 
келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-
қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. 
Қазақстан Республикасының сот жүйесін – Жоғарғы Сот және жергілікті 
соттар – облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар 
құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және тӛтенше соттарды 
құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды 
дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде 
жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары 
мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен ӛзге де нормативтік-
құқықтық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын 
қарастырып кӛрелік. 
Аудандық (қалалық) соттар – соттар жүйесінің негізгі буыны – сот 
әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі 
блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды 
қоспағанда), қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша 
Президент құрады. Мұндай соттар тӛрағадан және аудандық судьялардан 
тұрады. Аудандық (калалық) сот ӛзге соттардың жүргізуіне жататын істерден 
басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды. 
Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен 
Алматының қалалық соттары) – орта буын соттарын
Президент құрады. Бұл 
буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты 
соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары 
тұрған сот ретінде әрекет етеді. 
Қаралып отырған соттар сот тӛрағасынан, алқалар тӛрағаларынан және 
тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты – сот 
жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы сот азаматтық, қылмыстық және жалпы 
сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын ӛзге де істер жӛніндегі жоғары сот 
органы болып табылады. Заңда кӛзделген іс жүргізу нысандарында ӛзінен 
тӛмен тұратын соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Нормативтік 
қаулылар алу жолымен оларға сот практикасының мәселелері бойынша 
түсініктемелер беріп отырады. Жоғарғы сот тӛрағадан, алқа тӛрағаларынан 
және тұрақты судьялардан тұрады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан 
Республикасы Жоғарғы сотының тӛрағасын, алқалардың тӛрағаларын және 
Жоғарғы соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы сот кеңесінің 


86 
кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат 
сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың, алқаларының 
тӛрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың 
судьяларын Жоғарғы 
сот 
кеңесінің кепілдемесі 
бойынша 
Президент 
тағайындайды. Басқа соттардың тӛрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік 
алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша 
Президент қызметке тағайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет