Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Биліктің объектісі мен субъектісі



Pdf көрінісі
бет12/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Биліктің объектісі мен субъектісі 
Билік құрылымы дегеніміз – оның құрамы мен қозғаушы күші: биліктің 
субъектісі, объектісі, құралдары (ресурстары) мен белгіленген мақсатқа жету 
үшін осының барлығын қозғалысқа келтіруші процестер.
Әлеуметтік немесе ұлттық қауымдастықта таптар, жеке адам немесе топтар, 
мемлекет, үкімет, т.б. саяси биліктің субъектісі болып табылады.
Биліктің объектілері – жеке адамдар, олардың бірлестіктері, топтар мен 
қауымдастықтар, таптар, қоғам, яғни жоғарыда тұрған саяси субъектінің іс-
әрекеті бағытталатын адамдар мен органдар.
Билік қатынасының мәні субъект нұсқау береді де объектіге билікті 
орындауды міндеттейді, яғни бағынуды талап етеді.
Саяси билікке тән сипат – егемендікке ие болу. Оның әртүрлі саяси бағыт 
ұстанған субъектілер арасында бӛлініске түсуі мүмкін емес. Егер елде 
партиялық парламент пен коалициялық (үкімет) жұмыс жасайтын болса, онда 
билік келісім (консенсус), ымырласу (компромис) негізінде жүзеге асырылады. 
Алайда олар бұл ретте бір ғана бағыт ұстануы керек. Екінші бір сипаты – оның 
заңға сәйкестігі (заңдылығы).
Билік жариялы, ашық, транспарентті және заңға сәйкес болуы керек, сонда
тұғыры берік билік орнайды. Егер жариялы болғанымен, басқа сапалары 
сақталмаса, деспотия, тирания, автократия орнайды. Заңды билік – әділ билік. 
Халық қолданып отырған тәртіпке сенеді. Жария биліктің дағдарысқа 
ұшырайтын кездері де кездеседі, алайда ол әлеуметтік жүйе ауысқан кезде
пайда болады. Ӛткен жүзжылдықтың 80-90 жылдарында КСРО мен Еуропаның 
бірқатар елдеріндегі ықпалды топтар ӛздерінің үкіметтеріне сенімсіздік білдірді 
және оны қолдаудан бас тартты. Осы елдердің саяси режимдері заңды, 
мемлекеттік басқаруды ӛзгертуге, экономиканы қайта құруға дәрменсіз 
екендіктерін байқатты. Коммунистік саяси режимдер күйреді.
Билікті жҥзеге асыру әдістері 
Билікті жүзеге асыру жолдары әртүрлі болып келеді. Дәстүрлі биліктің 
тәсілдері сендіру мен мәжбүрлеу болып табылады. Адамзат дамуының 
тарихында бұл екі әдіс алма-кезек қолданылып келеді. Сендіру адамның ерік-
жігері мен санасына идеологиялық құралдар арқылы белсенді ықпал ету 
арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар әлеуметтік, психологиялық құралдар да 
барынша қолданылады.
Қазіргі таңда моральдық тұрғыдан ықпал ету, материалдық ынталандыру 
арқылы мемлекеттік органдар адамдардың жеке мүдделеріне ықпал етіп, 
нәтижесінде оларды биліктің еркіне бағындырады. Билік әдістері – саяси 
билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, 
алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады. 
Платонның идеалды мемлекет жӛніндегі кӛзқарасы


19 
Платон 
 
антикалық Грекия саяси ілімінің танымал ӛкілдерінің бірі, б.д.д. 
427-347 жылдар аралығында ӛмір сүрген. Сократтың шәкірті. Оның 
«Сократтың апологиясы», «Пратогор», «Критон» атты еңбектері Сократ 
ықпалымен жазылған. Жалпы, Платон шығармашылығын екі кезеңге бӛлуімізге 
болады. Бірі – Сократ ықпалындағы кезең, екіншісі – ӛзіндік даму кезеңі. 
Бірінші кезеңінде рационализм тән болса, екінші кезеңде жазылған 
«Мемлекет», «Саясаткер», «Софист», «Парменид» шығармалары идеялар 
басымдығына негізделген. Платон мемлекетті басқару түрлерін заңды және 
заңсыз деп те жіктеген: 
№ 
Заңды басқару түрі 
Заңсыз басқару түрі 

Монархия патша билігі 
Тирония 

Аристократиялық басқару 
Олигархия 

Демократия 
Демократия 
Платон
пікірі бойынша, «Идеалдық қоғамның» негізгі принципі – 
қоғамның әр алуан топтар арасындағы еңбектің үшке бӛлінуі: басшы-
философтар, жауынгерлер және ӛндіру саласындағы жұмыскерлер. Оның 
ойынша, осы аталған топтардың әрқайсы ӛз жұмысымен айналысуы керек, 
басқаша айтқанда, басқа жұмысқа араласпай, ӛз саласында еңбек етуі қажет, тек 
осылай ғана полистің жалпы қажеттілігін қамтамасыз ету мүмкін. 
Аристотельдің билік жӛніндегі кӛзқарасы 
Аристотель – 
б.з.д. 384-322 жылдар аралығында ӛмір сүрген кӛрнекті грек 
ойшылы. Аристотельдің шығармалары: «Политика», «Афинская политика», 
«Этика», т.б. Аристотель саясат туралы ғылымды жан-жақты қалыптастыруға 
ұмтылды. Аристотель мемлекетті басқаруды бірнеше түрге жіктеген. 
Мемлекетті басқарушылар санына байланысты:
№ Басқарушылар саны 
Мемлекетті басқару түрі 

Бір адамның басқаруы 
Монархия 

Таңдаулы азшылықтың басқаруы 
Аристократия 

Кӛпшіліктің басқаруы 
Демократия 
Аристотель мемлекетті басқарудың ең жақсы түрі –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет