Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Тақырыпты пысықтау сҧрақтары



Pdf көрінісі
бет24/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Байланысты:
treatise15701

 
Тақырыпты пысықтау сҧрақтары:
 
4.
Лобби дегеніміз не? 
5.
Сыбайлас жемқорлық ұғымын қалай түсінесіз? 
11-дәріс.
Легитимділік 
Саяси биліктің ұғымы
Билік легитимділігінің жіктелуі
Орталық және жергілікті мемлекеттік билік 
Саяси биліктің легитимділігі – халықтың келісіміне негізделген 
әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимділік 
дегеніміз – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның 
заңдылығы мен шешімдерін растауы. 
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін 
халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және кӛпшіліктің еркіне қарай 


44 
орындалуы және мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге 
асырылуы керек. 
Немістің кӛрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимділіктің 
мінсіз түрлері ретінде оның үш үлгісін кӛрсеткен: 
1) әдет-ғұрыптық легитимділік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың 
санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді; 
2) харизматикалық легитимділік. 
Ӛзінің 
ерекше 
батырлығымен, 
адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен кӛзге түскен адамды 
басшы ету; 
3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимділігі. Саяси билік қазіргі саяси 
құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына 
негізделеді. 
Саяси биліктің легалдылығы – басқару түрінің заңдық негізі, яғни оның 
құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде 
билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар 
мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал тұрғындардың басым кӛпшілігінің 
қолдауымен жүзеге асқан революциялық тӛңкерістен кейінгі жағдайда билік 
легитимді, бірақ легальды емес. 
Биліктік іс-әрекеттің ӛзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды 
тұстарының бірі – легитимділік туралы мәселе. «Легитимділік» термині (
лат.
 
Legitimus
– заңды) ӛмір сүріп отырған билікті ӛзінің бағыныштыларының, 
сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды. 
«Легитимділік» терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде 
революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-
әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789–1794 ж. революциялар нәтижесінде 
биліктен аластатылған Франциядағы Бурбондар династиясының идеяларын 
заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды 
ұсынған еді. Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы 
түпкілікті ӛзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында билік ӛкілеттіктерін 
кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың заңдылық дәрежесі күмән 
тудырғанда ерекше ӛткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, 
оны заңсыз жаулап алу және басып алушының ӛз еркін тану тенденциясы пайда 
болады. Қандай билік болмасын ӛзінің заңды екендігін қорғайды. 
«Билік легитимділігі» ұғымын француз революциясы мен оның салдары 
ерекше ӛзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым қарапайым 
формада саяси ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Адамзат 
биліктік катынастардың, билік құру мен бағынудың туындаған кезінен бастап 
неге біреулері билік құрып, үстемдік етеді, ал басқалары оларға бағынып, қол 
астында болуы тиіс және билік, оның акциялары бағынушылар үшін 
қаншалықты қажетті деген сауалдарға жауап іздеумен келеді. 
Легитимділік туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте ӛте күшті 
қару болды. Ӛйткені биліктің ауысуы, биліктік кұрылымдардағы түпкілікті 
ӛзгерістер ӛздерімен бірге белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікті ала келді
осының салдары ұзаққа созылған қанды соғыстарға себеп болғандықтан, 


45 
қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді 
заңдастырудың әртүрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір 
қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып, жасақтады. Бұл –
монархиялық 
режим 
жағдайында 
биліктің 
мұраға 
қалатындығы, 
республикаларда биліктің сайлануы туралы заң. 
Орта ғасырларда Еуропада зайырлы элита мен діндарлар арасында билік 
үшін бәсекелестік күрес орын алды. Бұл күресте шіркеу ұзақ уақыт бойы 
зайырлы биліктің легитимділігін тану кұқығын сақтап қалды, яғни шіркеудің 
беделі мемлекеттік биліктің заңды екендігін тануда шешуші мәнге ие болды. 
Легитимация – ең алдымен, осы биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар 
үшін игілікті екендігін идеологиялық және құқықтық тұрғыдан негіздеу. 
Легитимация тек биліктік құрылымдарға, билік субъектісіне ғана емес, сондай-
ақ олардың акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Билік 
легитимациясы биліктік ықпал ету кеңістігіне, оның шегіне, шекарасына 
байланысты. Осы ассоциативті кеңістіктің ішінде билік қажетті деп танылып, 
ал оның шешімдері орындалуға міндетті деп саналады. 
Билік ӛзінің ықпал ету кеңістігін игеру үшін биліктік ықпал ету күшіне ие 
болуы керек. Бұл күш билік құрушы субъектінің билік ресурстарын: адамдарды 
басқару ӛнері ретіндегі саясатты; саясаттың нақтылық дәрежесін; күш пен 
құралдардың қажетті арсеналдарын пайдалана білу кабілеттілігін; әдістердің 
ыңғайлығы мен тиімділігін және т.б. қаншалықты игергендігіне тәуелді. 
Биліктік ыкпал ету кеңістігі бір мезгілде ассоциацияның соңғы ажырамас 
құрылымдық элементі, оның атомы индивид, бағынушы болып табылатын 
құрылымданған және ассоциативті кеңістік болып табылады. Демократиялық 
қоғамда бұл азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан да 
демократиялық қоғамда билік легитимациясы оның құқығын қорғайтын заң 
шеңберінде жүруі қажет. 
Билік легитимациясы – азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, билікті 
мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны 
қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен 
іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыратын 
идеологиялық, саяси, құқықтық іс-әрекет болып табылады. Билік 
легитимділігін тану – бұқаралық сананың феномені, сондықган билікті 
заңдастыру үшін пайдаланылатын бірқатар идеологиялық қағидалар бар: 
1.
Биліктің киелілігі. Биліктің, билік құрушы субъектінің қасиетті, киелі 
екендігі мен оларды мифологияландыру. Билік құрушыларға харизматикалық 
қасиеттерді таңу. 
2.
Биліктің халықтық сипаты: (билеуші бізге туыс, ол біздің арамыздан 
шыққан, біздің қажеттіліктеріміз бен мұңымызды жақсы біледі). Легитимация – 
биліктің тұрақты, үздіксіз іс-әрекеті, оның ӛзіне деген қамқорлығы. 
Оппозициялық күштер билікті, оның шешімдері мен акцияларын заңсыз деп 
тану жолында әрекет етеді. 
Оппозиция билік қабылдаған заңдардың легитимділігін, билік ӛкілеттігінің 
кеңеюіне қол жеткізетін биліктік құрылымдардағы ӛзгерістерді, олардың 


46 
Конституцияға сәйкестігін, олардың қажеттілігін жоққа шығарады, билік пен 
оны қолдаушылар ұсынған аргументтердің дұрыстығын сынға алады. 
Легитимация да, делегитимация да – билік пен оппозиция арасындағы 
бәсекелестікте пайдаланылатын күрестің әлеуметтік формасы. Бірақ мұндай 
күрестің кандайы болмасын Конституция шеңберінде жүзеге асуы керек. 
Билікке келгеннен кейін билік құрушы субъект ӛз әрекетін легитимдендіру 
үшін әртүрлі формалар мен тәсілдерді іздестіреді. Ол референдумдар ӛткізіп, 
ӛзінің іс-әрекетінде олардың шешіміне сүйенеді, Конституцияға ӛзгерістер 
енгізеді, ӛз ӛкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізуге тырысады, билік 
құрылымдарын жетілдіреді, заңдар шығарады, ӛзінің әлеуметтік базасын 
кеңейту және оппозицияны оқшауландыру, оның әлеуметтік ықпалын әлсірету 
мақсатында әрқилы әлеуметтік шаралар ӛткізеді. Оппозиция биліктің әрекетін 
мұқият бақылап, олардың легитимділігін жоққа шығарады, конституциялық 
нормалардың, қабылданған зандардың қатаң сақталуын талап етеді. Мұның 
барлығы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің дамуына септігін 
тигізеді, нарықтық қатынастар жүйесіне сай келетін қоғамның саяси 
құрылымын қалыптастырады. Легитимділік туралы мәселенің сыртқы 
аспектілері де бар. Билік біріктірген ассоциативтік қауымдастық субъект-
субъектілік қатынастардың мейлінше кең жүйесінде субъект ретінде кӛрінуі 
мүмкін. Оның «сыртқы саяси іс-әрекеті» осы кең жүйеде қабылданған 
нормаларға сай келуі, басқа субъектілердің мүдделеріне, құқықтарына нұқсан 
келтірмеуі қажет. Басқа ассоциативтік қауымдастықтардың мүдделерін бұзатын 
билік құрушы субъект, оның әрекеттері, акциялары заңды деп танылмауы да 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет