Саяси ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет26/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Түрлі-түсті төңкерістер
– билікті күш қолданбай құлатудың 
технологиясы саналады. Түрлі-түсті аталу себебі – әр елдегі билікке қарсы 
шығушылар белгілі бір ашық түсті (сары, қызғылт, ал қызыл, кӛгілдір, ақ, ашық 
жасыл) бостандық үшін күрестің символы етіп таңдауы. Осындай 
тӛңкерістердің нәтижесінде постсоциалистік лагерь елдердің кӛбісінде (КСРО, 
Шығыс Еуропа, араб әлемі) саяси режимдер ауысты. Олардың хроникасын 
ретімен айтсақ мынадай: 
1989 жыл - Чехословакиядағы барқыт революция; 
2000 жыл - Югославиядағы бульдозерлік революция; 
2003 жыл - Грузияда «раушан тӛңкерісі» - 
«вардебис революция»;
2004 жыл - Украинадағы қызғылт революция; 
2005 жыл - Қырғызстандағы мақпал революция; 
2005 жыл - Ӛзбекстанда түрлі-түсті тӛңкеріс жасауға талпыныс жасалды; 
2005 жыл - Ливандағы кедр революциясы; 
2006 жыл - Белоруссияда василек (кӛктікен гүл - егін арасында ӛсетін 
ашық кӛк гүлді арамшӛптердің бір түрі)
 
революциясын жасауға талпыныс 
жасалды; 
2008 жыл - Арменияда түрлі-түсті тӛңкеріс жасауға талпыныс жасалды
2009 жыл - Молдавияда түрлі-түсті тӛңкеріс; 
2010 жыл - Қырғызстанда екінші тӛңкеріс - Қауын революциясы - (Халық 
тӛңкерісі). 
2014 жыл – Евромайдан - Украинада туындаған жаңа тӛңкеріс Еуроодақ 
пен Кеден Одағының қайсына қосыламыз деген саяси даудан туындады.
«Араб көктемі»
- араб әлемінде 2010 жылдың аяғында бастау алған 
демонстрациялар мен бүліктердің 
(бір топ адамның мемлекеттік тӛңкеріс жасау 
мақсатымен еткен әрекеті) толқыны. 
2010 жылы 18 желтоқсанда Тунисте 
Мохаммед Буазизи елдегі коррупция мен алым-салықтардың ауырлығына 
наразылық ретінде ӛзін-ӛзі ӛртеп жіберді. Оның жанқиярлық әрекеті тунистік 
халықтың жаппай бас кӛтеруіне ықпал етіп, аяғы тӛңкеріске ұласты. Қысқа 
мерзім ішінде халық наразылықтары кӛрші араб елдеріне жайылып, 2011 жылы 
кӛктемде Алжир, Иордания, Египет, Йемен елдерінде тӛңкеріс болды.
«Араб кӛктемінің» кең етек жаюына әсер еткен факторлар:
араб 
елдерінің кӛбінде билеушілер 30-40 жыл бойы ауыспай ұзағынан отыруы
сыбайлас жемқорлықтан мемлекеттік аппараттың іріп-шіруі, экономиканың 
құлдырауы, халықтың әлеуметтік хал-ахуалы тӛмендеп кетуі. Әсіресе, 
мұсылмандар жұма күні мешітке жұма намазына жаппай жиналатын күн 
болғандықтан, діни ғибадаттан кейін күшті ұйымдасқан шерулер мен қарсылық 
акциялары кӛп орын алған. 


49 
«Араб кӛктемінің» нәтижесінде халық толқуынан тӛрт елдің билігі 
құлады:
Тунис президенті 2011 жылғы 14 қаңтарда Зин әл-Абидин Бен Али бас 
сауғалап Сауд Аравиясына қашты. Египетте 2011 жылғы қаңтардың ортасынан 
бастап 18 күнге созылған халықтың қарсылық акцияларынан соң 2011 жылғы 
11 ақпанда 30 жыл ел президенті болған Хосни Мубарак отставкаға кетті.
Ливиялық лидер Муаммар Каддафи 2011 жылы 23 тамызда билігінен 
айырылып, сол жылы 20 қазанда ӛзі дүниеге келген Сирт қаласында Ұлттық 
ӛтпелі кеңестің сарбаздары қолынан қаза тапты. Йемен президенті Али Абдалла 
Салех 2012 жылы 27 ақпанда ӛзінің билігінен айырылды. Сонымен қатар, Оман, 
Марокко, Иордания, Судан, Мавритания, Джибути, Ливан, Батыс Сахара
Кувейт, Сауд Аравиясында билікке қатты қарсылық кӛрсеткен халық 
толқулары болды. Иордания, Кувейт, Сауд Аравиясы сияқты кейбір 
экономикасы күшті, бай араб елдері халыққа қаржылай кӛмек беру, қомақты 
ӛтемақылар тӛлеу арқылы бұқара араб наразылығының бетін қайтарды. «Араб 
кӛктемінің» зардаптары әлі күнге дейін жойылған жоқ, араб елдері дағдарыс 
пен азамат соғысы жағдайын бастан ӛткеруде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет