82
аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-дың
мемлекеттік шекарасын
күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
келiссӛздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы
шешiмдер қабылдау;
ҚР-дың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен
қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен ӛзара iс-қимылды
жүзеге асыру;
Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген ӛзге
де қызметтердi орындау.
Үкiмет ӛзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы
конституциялық заңда белгiленген нысандарда
Республика Президентiнiң
алдында жауапты.
ҚР-дың премьер-министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық
етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi
бағыттары жӛнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi ӛз
құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар ӛздерiне бағынышты
мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн
премьер-министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы
үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жӛнiндегi есептерiн тыңдауға
хақылы.
Үкiмет
мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар
оны қызметтен босату
жӛнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР
Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы
үшiн ӛз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар
Үкiмет қаулылары мен премьер-министрдiң ӛкiмдерiн шығарады, олардың iске
асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен ӛкiмдер Конституцияға,
заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.
Жаңадан құрылған Үкiмет ӛз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы
Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын
қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер
Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен
бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын
бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол
заң жобаларының
жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады.
Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын
министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар
қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң ӛкiлеттiк мерзiмi
шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып,
қызметке кiрiскен ҚР
Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған ӛтiнiш беру арқылы ӛз
ӛкiлеттiгiн доғарады.
ҚР-дың Конституциясында (70-бап) және ҚР-дың Үкiметi туралы
констиуциялық заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi ӛкiлеттi
83
мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер
Үкiмет, оның кез келген мүшесi ӛздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi
орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне
ӛз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ,
61-бап, 7-тармақ) кӛзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк
бiлдiретiн болса, Үкiмет ӛзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне
мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР
Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не
оның тиiстi мүшесiнiң ӛкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-
министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы
немесе оны қызметiнен
босатуы бүкiл Үкiметтiң ӛкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ
президент ӛз бастамасымен де Үкiметтiң ӛкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм
қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет
жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет
мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: