Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс – Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды.
Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге):
Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге):
Платон б.з.б. 427-347 Әкімдер;
Қорғаушылар;
Өндірушілер
Әкімдерді фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер өмірге керекті қаржылар тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді:
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді:
Аристократия
Тимократия
Олигархия
Демократия
Тираиня.
Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл- естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері- адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.