Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері


Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын



бет3/5
Дата02.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#54486
1   2   3   4   5
Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын,
Екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.

Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атанды. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—) болды

  • Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атанды. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—) болды

Жаңа замандағы саяси ой
Макиавелли жаңа заман үшін саяси ғылымның негізгі терминдерінің бірі стато (мемлекет) деген сөзді енгізді. Мемлекет пен саясатты «адамның көзі» деп қарап, оның өзгеріп отыратындығын көрсетеді, халық пен аристократтардың арасындағы күрес деп қарастырады.
Мартин Лютер-Адамның еркі, нанымы, жаны, ішкі дүниесі мемлекеттің ықпалынан, заңынан тысқары тұрады деді. Мемлекет туралы тұжырымдамасында ол князь-монарх билікті сонда ғана ақылмен пайдаланады, егер ол билікті кеңшілік деп түсінбей, оны құдай жүктеген міндет деп қараса дейді. Христиандық билеуші халықтың қызметшісі болуы керек. Лютер Алманияда демократиялық өзгерістер жасаудан аулақ, бірақ монархқа бағыну керек, үкіметке қарсы шықпау керек дейді.
Томас Мюнцердің -Белсенді революциялық қимыл жасайтын адам болды, өз ғасырынан озып кетті. Таптық айырмашылық жоқ, жеке меншік жоқ, қоғамның мүшелеріне кедергі тудыратын мемлекеттік билігі жоқ қоғамдық құрылысты қалады.
Томас Мор -Еңбек міндетті болу керек. Мемлекет пен лауазымды адамдардың басты міндеттері өндірісті және игіліктерді бөлуді ұйымдастыру дейді. Лауазымды адамдар халық қызметшісі болуы қажет. Мемлекет басында сайланып қойылатын князь болуы шарт және ол президенттің рөлін атқаруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет