Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Н. Макиавеллидің билеуші еңбегі



бет13/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

17. Н. Макиавеллидің билеуші еңбегі
Қайта өрлеу заманының көрнекті өкілдерінің бірі –итальяндық ғалым Николло Макиавелли (1469–1527 жж.).Николло Макиавелли саяси ойлар тарихында көптеген еңбек жазып қалдырған. Соның ішіндегі ең маңыздылары: «Патша», «Тит Ливийдің алғашқы он кітабы туралы ой толғаныстар», «Флоренция тарихы»және «Әскери өнер».Ғалымның қарастырған мәселелерінің ішіндегі бастысы
деп мыналарды айтуға болады:
1. Саяси ғылымды қоғамтану ғылымдарының ішінде дербес ғылым деп қарастыруы. Мемлекет пен құқық, тұлға мен мемлекет, шіркеу мен адамдардың ара қатынастарын зерттей келе, олардың қалай пайда болғанынына ерекше көңіл бөледі, сонымен қатар, ол мемлекеттегі билік тің ауысу мәселесіне, эволюциялық дамуына, басқарудың формаларына ерекше ден қояды. Саясатты билік үшін талас деп түсінген Н. Макиавелли қоғамдағы саяси өмірді реалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысып бақты. Олантикалық ойшылдар ізімен саяси ғылымның теологиядан арасын ажыратып, қоғамдағы саяси үрдістер табиғи қалыпты жағдай деп түсіндірді.
2. Н. Макиавелли мемлекеттің пайда болуын қоғамдағы саяси ұйым ретінде қарастырды. Жалпы ол саяси ойлар тарихында алғаш рет қолданысқа «мемлекет» ұғымы ендірілді.Сондай-ақ, антикалық ойшылдар дәстүрімен ол мемлекетті басқарудың алты үлгісін жасайды,үшеуі «формасы жағынан халыққа жағымды» (монархия,аристократия, демократия), үшеуі «жағымсыз» (тирания,олигархия, охлократия). Сонымен бірге ол мемлекет басшыларының ауысуы қоғамда ешбір діни нанымсенімдерге байланысты емес деп түсіндірді. Макиавеллидің пікірінше, басқарудың ең озық үлгісі аралас басқаруи(монархия, аристократия, демократия осылардың әр
қайсысы қоғамдағы тұрақтылықты ұстап тұруға мүдделі болуы керек).
3. Жеке тұлғаға саналы, ерікті, өз құқығы үшін күресуге мүмкіндігі бар белсенді деп қарады. Тұлғаның жеке белсенділігі қоғаммен тікелей байланысты деп түсіндірді. Қоғам неғұрлым тұрақты, гармониялы түрде дамыса, тұлға да соншалықты белсенді болмақ. Ол адамның жеке
мүмкіндігіне ерекше көңіл бөледі. Адам неғұрлым қорғансыз болса, оның солғұрлым өмірге құмарлығы, өмір үшін арпалысы күшейе түседі, нәтижесінде мемлекет пен діннің, адамгершілік қатынастардың дамуына алып келеді деп түсіндіреді.
4. Саясат пен құқықтан моральдың ара-жігін ажыратып берді. Саясат пен құқық христиандық догмалық және моральдық ұстанымдарға еш уақытта бағынбайды. Ол өмірдегі тәжірибе мен практикаға, соның ішінде, күшке байланысты деп түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет