Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Б. Констан жаңа уақыт адамының еркіндігі туралы



бет14/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

18. Б. Констан жаңа уақыт адамының еркіндігі туралы
Констан Бенжамен (1767- 1830) - "Конституциялық саясат курсы" еңбегінің авторы. Бұл жинаққа мемлекет туралы либералдық көзқарастарын жүйелі түрде жинақтады. Бірақ "Курс" автор қайтыс болған соң ғана жарық көрді. Констан Бенжамен ілімінің негізгі қағидасы - жеке адамның еркіндігі мәселесі. Жаңа заман мен антикалық кезеңнің адамдарының еркіндігін салыстырады. Жаңа кеpең адамының еркіндігі: жеке тәуелсіздік, өзінің жекелігі, мемлекетті басқаруға ықпал ету құқы. Тәжірибе жүзінде Бенжамен Констан бірінші кезекке адамның қаржылық және рухани автономдығын, оның заңмен сенімді қорғалуын қояды. Мінеки, осы құндылықтарға мемлекеттің мақсаты мен құрылымы бағынуы керек. Саяси өмірді ұйымдастыруда мемлекет институттары жеке адамның еркіндігі, жеке тұлғаның құқы негізінде құрылуы керек. Адамдар тек еркін болғанда өмірде өздерін ерекше және ақылды көрсете алады. Констан Бенжамен конституциялық монархияны қолдады. Биліктің үш тармағынан тәуелсіз болғандықтан конституциялық монархия олардың бірлігін, дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ете алады деген сенімде болды.
19. Аристотель мемелекет мәні мен формалары туралы
Аристотель (б.э.д. 384–322 жж.) аралығында өмір сүрген антикалық дәуірдің көрнекті ғалымы. Аристотельдің саяси-құқықтық тақырыпта жазылған бірнеше еңбектері бар: «Саясат», «Афина саясаты», «Этика», «Риторика». Аристотель саясат туралы ғылымды барынша жанжақты дамытуға тырысты. Саясатты ол этикамен тығыз байланыстырды. Аристотельдің пікірінше, саясаткердің адамгершілік қасиеттері басты назарда болуы керек.Аристотель де Платон сияқты мемлекет жайлы ой қозғағанда, мемлекеттік мүддені барлық басқа құндылықтардың бәрінен жоғары қойды.Аристотель үшін мемлекет – табиғи дамудың жемісі.Мемлекеттің пайда болуын ол отбасылық жағдаймен,яғни отбасының пайда болуымен салыстырады. Жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік дамуы полистерден (қала мемлекеттер) басталады. Жеке тұлғаның саяси өмірге араласуы және қалыптасуы осы полистердегі саяси жағдайға тікелей байланысты деп түсіндіреді.Платонмен салыстырғанда Аристотель жеке меншікке ерекше көңіл бөлді. Өйткені, меншік иесі болу адамның табиғатынан және өзіне деген махаббатынан шығады деп көрсетеді. Қоғамдағы барлық теңсіздіктер меншікке байланысты дей отырып, Аристотель өз пікіріне қарамақайшы пікір айтады. Қоғамдағы саяси-әлеуметтік қайшылықтар осы мүлік теңсіздігіне және қоғамдағы орта таптың орны мен рөліне байланысты дейді.Аристотельдің ойынша, мемлекеттің басты мақсаты –орта тапты қалыптастыру және сол орта тап мемлекеттегі саяси-әлеуметтік тұрақтылық кепілі болады.Мемлекеттің басқару формасына келгенде Аристотель оны «дұрыс», яғни көпшілікке пайда, жақсылық әкелетін түрін: монархия, аристократия, полития және сонымен қатар «бұрыс» басқару – тирания, олигархия және демократияны көрсетеді.Аристотель идеалды-озық мемлекет ретінде политияны ұсынады. Полития оның пікірінше, басқарудың ең жақсы элементтері, яғни аристократия, олигархия және демократиядан тұрады. Аристотельдің бұл тұжырымында үлкен мән бар, өйткені ол аристократтардан қашанда ізгілік есіп тұратынын, олигархтар қоғамда жұмыс орнын қалыптастырушылар, ал демократия халықпен санасу деп тұжырымдайды. Бірақ Аристотель де Платон сияқты демократиялық басқару формасына қарсы болды. Себебі, егер демократия қадағалаусыз болса, онда ол қоғамды тығырыққа апаратын жол деп көретеді. Жалпы мемлекетті басқаруда, байлық жинауда және билікті жүзеге асыруда орташа болу керек, яғни орта тапқа арқа сүйеу керек деп ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет