Саяси жүйе билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйелердің жіктелуіӨңдеу Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:
1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;
2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;
3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;
4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлықбасқару белең алады;
5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.
Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар.
Қоғамның саяси жүйесі Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саясиинституттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.
Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын барлық мекемелер.
Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.
Сонымен, саяси жүйенiң шешетiн мәселелерiне мыналарды жатқызуға болады:
1. Бұл қоғамды саяси басқару мәселесi қоғам дамуының нақты бағдары мен мақсаты тек саяси деңгейде жасалып, анықталып әртүрлi әлеуметтiк күштердiң мүдделерiнiң ықтималды келiсiмi iске асырылады. Бұл мәселенiң шешiлуi қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қоғамдық теңдiк, әдiлеттiлiк, еркiндiк сияқты басым түсiнiгiн қалыптастырып, қорғауға ықпал етедi.
2. Қоғамдағы саяси жетекшiлiк мәселесiн шешудi iске асыра отырып, саяси жүйе индивидтер мен топтардың мүдделерiн бiлдiру, ескерту және әлеуметтiк жүйенiң тұтастығына қауiптi шиеленiстi жағдайларда билiк институттары мен саяси қатысу арқылы мәселенi дұрыс реттеуi қажет.
3. Халықты әлеуметтiк-саяси қызметке тарта отырып және оларды қоғамдағы басты идеалдар мен құндылықтарға бағыттап, саяси жүйе қатынастарды жаңартушы құрал қызметiн атқарады.
4. Кез келген саяси жүйе ақпараттық байланыс мәселелерiнiң үлкен көлемiн орындайды. Ол ортамен мақсатты түрде бағытталған өзара байланысты iске асырып, болып жатқан өзгерiстерге сәйкес дер кезiнде жауап қайтаруға мүмкiндiк беретiн сыртқы ақпараттар ағымын қабылдайды және оны таратуды ұйымдастырады.
Саяси жүйе қызметiнiң кешендiлiгi мен жүйелiгiмен сипатталады. Олар бүкiл қоғам деңгейiнде, әрi оның түрлi саласына байланысты iске асырылуы мүмкiн. Олар саяси жүйе мен оның жекелеген компоненттерiне тұтас құрылым ретiнде тән.
Американ саясаттанушысы К.Дойч саяси жүйе моделiн «кибернитизациялау» барысында оны одан әрi дамыта түстi. Кибернетиканы– коммуникация мен бақылау туралы ғылым дей келе, К.Дойч саяси жүйенi ақпараттарды шығару мен өңдеу туралы ғылым ретiнде қарастырды. Коммуникация– осындай құрылымдық қатынастарды тарату болып табылады. Арналар– ақпараттарды тарату жолдары. Олай болса, коммуникациялық үрдiстер ұйымның қызмет етуi үшiн шешушi мәнде болады.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесi деп билiк жүргiзiп, қоғамда тұрақтылық пен тәртiптi қамтамасыз ететiн, әлеуметтiк топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтiн ұйымдар мен мекемелердiң жиынтығын айтамыз.
2. Саяси жүйенiң құрылымы мен қызметтері. Саяси жүйенiң мынадай құрылымнан тұрады: 1. саяси институттар; 2. саяси қатынастар; 3. саяси ережелер; 4. саяси мәдениет;
Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсiподақтар, кооперативтер, жастар, әйелдер т.б. ұйымдары мен бiрлестiктерi жатады.
Саяси қатынастарға таптардың, этникалық бiрлестiктердiң, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлкеттiң арасындағы қатынастар кiредi.
Саяси ережелер саяси институттардың өзара бiрлесiп әрекет етуiн қамтамасыз етедi және саяси жүйенiң ережелiк негiзiн құрайды.
Саяси мәдениет деп саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси жүйенің құрылымы (жүйешелері):
институциональдық жүйеше
нормативтік жүйеше
функциональдық жүйеше
коммуникативтік жүйеше
мәдени жүйеше
идеологиялық
Қоғамның саяси жүйесінің институциональдық жүйешесі – бұл институттар жиынтығы (мекемелер, ұйымдар) саяси биліктің қызметімен байланысты. Оған кіретіндер
мемлекет (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары)
саяси инфрақұрылым (саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдармен қозғалыстар, лоббистік топтар)
бұқаралық информациялық құралдар (көгілдір экран, радио, баспасөз)
діни мекемелер
Қоғамның саяси жүйесінің нормативтік жүйешесі – бұл қоғамның саяси өмірін анықтайтын және реттейтін саяси нормалар, адамгершілік принциптер және дәстүрлер. Бұған жататындар:
заңдылық нормалар (конституция, заңдар, нормативтік актілер)
қоғамдық ұйымдар қызметінің нормалары
жазылмаған салт және дәстүрлер
этикалық - моральдық принциптер және нормалар
Қоғамның саяси жүйесінің функционалдық жүйешесі – билікті (саяси режим) жүргізудегі әдістерімен түрлері, әртүрлі саяси процесстерде, саяси қызметтерінің бағыттары және формаларының көрінісі.
Қоғамның саяси жүйесінің коммуникативтік жүйешесі – саяси жүйенің ішкі өзара қызметінің жан-жақты формаларын қамтиды, мысалы, партиялар мен мемлекет арасы, сонымен қатар саяси және экономикалық жүйешіктер арасын, және басқа бір елдердің саяси жүйесінің арасын қамтиды.
Қоғамның саяси жүйесінің мәдени жүйешесі – бұл саяси жүйенің сол қоғамға үйлесімді қалыптасқан образдарының (стереотиптерінің) саяси ағымдарының тұтастай типі, интеграциялық факторы, құндылық бағыттары және саяси тәртібі.
Қоғамның саяси жүйесінің идеологиялық жүйешесі – бұл қоғамның саяси өміріне қатысқан мазмұны жағынан әртүрлі саяси идеялар, көзқарастар, сезімдер, ағымдар жиынтығы.
Саяси жүйенің функциясы:
қоғам дамуының жолдарын, міндеттерін, мақсаттарын анықтау
мемлекетпен әлеуметтік қауымдастар арасындағы әртүрлі мүдделерді келістіру
қоғамдағы адамдармен топтар тәртібіне ережелер мен заңдар жасау
саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету
қоғам мүшелерін саяси қызметке тартуда саяси саланы қалыптастыру
саяси нормаларды сақтауда, әрекеттерді болдырмауда заңдармен ережелер орындалуын бақылау
3. Саяси жүйенiң түрлерi. Әр елдiң саяси жүйесi бiр-бiрiне ұқсамайды, дегенмен ұқсастық жақтарын табуға болады, сөйтiп саяси жүйенi топтастыруға да болады. Саяси жүйе әртүрлi негiздерде шектелiнедi.
елдiң экономикалық даму деңгейiне
саяси өмiр формасының даму деңгейiне
қоғам типiне
саяси мәдениет типiне.
Саяси жүйенi жiктеудiң әр түрлерi кездеседi. Мәселен, марксизм саяси жүйенi жiктеуге негiз етiп өндiрiс тәсiлi мен қоғамның таптық құрылымын алады.
Американдық ғалымдар экономиканың өсу сатысы концепциясы бойынша адамзаттың даму тарихын мынадай бес сатыға бөледi: 1 дәстүрлi қоғам; 2. өтпелi қоғам; 3. алға жылжу қоғамы; 4. индустиалдық қоғам; 5. постиндустиалдық қоғам.
Сонымен бiрге саяси жүйенi басқару тәртiбiне қарай: демократиялық саяси жүйе, автоитарлы саяси жүйе, тоталитарлы саяси жүйе деп те бөледi.