«саяси модернизация» ПƏні бойынша дәріс мазмұны 1-дәріс. Кіріспе



бет4/7
Дата17.10.2023
өлшемі84 Kb.
#116750
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
САЯСИ МОДЕРНИЗАЦИЯ ДӘРІС

9-дәріс. Бейтабиғи модернизация
Дамушы елдердегі саяси модернизация. Мемлекет модернизация ісін ұйымдастырушы жəне оның негізгі агенті ретінде. Президенттік билік рөлінің күшеюі. Билік жүйесінің дербестенуі. Субъективтік фактордың елеулі рөльге ие болуы. Саяси модернизацияның авторитарлық-прагматтық теориясы. Неодəстүршілдік. Жалған модернизациялау. Олигархиялық модернизация: орталық америка нұсқасы) Гватемала, Сальвадор, Никарагуа). Тоқырау диктатурасы (Заир). Камерундегі «басқарылатын демократия» концепциясы.
Заирдегі Мобуту Сесе Секо түзімі. Саяси модернизация себептері.
Халықтық революциялық қозғалыс. Партия – мемлекет. Парламенттік вестминистрлік модельден президентшілдікке көшу. Мобутизм.
Авторитаризм жағдайда шектеулі консенсус негізінде модернизациялау (Чили, Индонезия, Түркия жəне т.б.). Индонезиядағы Сукарта тұсындағы «бағытталатын демократия» идеясы. Индонезиядағы саяси жүйенің ерекшелігі.
«Қосанжар атқарым» концепциясы. Мемлекеттік-саяси менеджменттің ерекшелігі. Чилидегі ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейінгі этикалық модернизация моделі. Пиночеттің əскери хунтасы. «Жеті модернизация» бағдарламасы. Чилидегі саяси жүйе ерекшеліктері. Түркиядағы кемалистік революция. Лаицизм принциптері принциптері. Түрік қоғамдағы əскерилер рөлі. Авторитарлық жағдайда кең көлемдегі консенсус негізінде модернизациялау (Оңтүстік-Шығыс- Азия елдері жəне т.б.). Қытайдағы модернизация. Бірте-бірте модернизациялау. Эволюционизм. Дэн Сяо Пиннің қызметі жəне модернизация. Модернизацияның қытайлық моделі.


10-дәріс. Ресейдегі модернизация тəжірибесі
Ресейлік модернизация толқындары. Империялық модернизация моделі. Ұлы Петр жəне ресейдегі алғашқы модернизациялау талпынысы. Реформалардың алғышарттары жəне объективті қажеттілігі. Олардың нақты жүзеге асуының балама жолдары. Əкімшілік реформалар. Облыстық жəне қалалық деңгейдегі реформалар. Сенаттың тағайындалуы жəне оның реформалануы. Басалқалар (коллегиялар). Бас регламент. Тұрақты əскер мен флоттың құрылуы. Шіркеуді реформалау. Əлеуметтік саясат. Біріңғай мұралау жəне ворянық қызмет туралы жарлық. Шаруалардың мемлекет пен помещик пайдасына басыбайлы қызмет етуінің өсуі. I Александрдің ішкі жəне сыртқы саясаты. Құпия комитеттерінің құрылуы. Ағарту жəне баспасөз саласындағы орталық басқару органдарын реформалау. Еркін егіншілер туралы 1803 жылғы жарлық. Халық қоныстанбаған жерлерді сатып алу туралы 1803 жылғы жарлық.
Шаруалар мəселесі. Министірліктердің құрылуы. Сперанскийдің түрлендіру жоспарлары жəне император тарапынанан 1809-1811 жылдары қабылданған нақты заңнамалық актілер. Əскери қоныстардың салынуы. I Александрдің аграрлық мəселені шешу əрекеті. Польша конституциясы жəне Ресей империясының жарлық грамотасы. Реформа жүргізудің ықтимал екі жолы.
Императордың белсенді саяси қызметтен аулақтауы жəне «аракчеевшілдік» дəуірінің туу.
ІІ Александрдың ұлы реформалары жəне олардың салдары. Крепостниктік құқықтың жойылуы. IІ Александр жəне буржуазиялық реформалар. Мемлекет қайраткері ретінде ıı Николай. С.Ю. Витте, оның реформалар бағдарламасы.
Алғашқы шаралар: шарапқа монополия енгізу, ақша реформасы, жұмыс күні туралы заң. Бүкілресейлік халық санағы. Бірінші орыс революциясы (1905-1907). Ресейде саяси партиялар жүйесінің жасақталуы (1905-1907). Елдің орталығы мен шеттегі аймақтарындағы саяси өмір. Ұлттық саяси партиялар.
Жария жəне жасырын қызмет. Саяси масондық. Саяси партиялардың ресейлік жүйесінің ерекшеліктері. Ресей парламентаризмінің қалыптасуы. Столыпиннің аграрлық реформасы. Дүниежүзілік соғыс жəне орыс қоғамы. 1917 жылғы орыс революциясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет