Саяси модернизацияның Үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлары



бет2/5
Дата26.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#86944
1   2   3   4   5
Байланысты:
Политология пн 13.05

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Осы тұрғыда әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп айтуға болады:

Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл жеке меншік институтымен келісімшарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика. 

Екіншіден, аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құру.

Үшіншіден, еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнату.

Төртіншіден, дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе – теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта беру.

Бесіншіден, барлық діндердің тең құқығына кепілдік беру және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету. Исламның басқа да әлемдік және түрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп, әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнату.

Алтыншыдан, қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете беру. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ету.

Жетіншіден, елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүше ретінде қарастыру, ал мұның өзі аса маңызды басымдықтардың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.

Қоғамдық тұрақтылық, заңның үстемдігі, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, сондай – ақ Қазақстанның жаңа геосаяси рөлі мен жауапкершілігі – бұлар демократиялық өзгерістердің тиімділігінің кепілі, оның басты өлшемі болып табылады. Елдегі саяси жаңару үрдісі бірте - бірте, қажетті экономикалық жағдайлар жасалуына қарай, Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінен бастап – бүкіл осы жылдары дәйектілікпен жүріп келе жатқанын атап көрсеткен жөн. Бұл ретте біз өзіміздің дербес, қазақстандық даму жолымен жүріп келеміз. Әлемдік практиканы зерделеп, талдай келіп, біз нақ осы эволюциялық жолды таңдап алдық. Біз демократияны жеделдете, оның үстіне сырттан ендіруге қарсымыз. Бұл жолда біз бірнеше кезеңдерді өттік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет