Дұрыс мемлекеттер Аристотель дұрыс мемлекеттерге монархияны, аристократияны және политияны (республика) жатқызды. Оларды салыстырмалы түрде бағалай отырып, ол ең дұрыс мемлекеттік құрылым осы үш элемент үйлесім тапқанда ғана жүзеге асады деп қорытынды жасаған. Шектен шыққан жағдайда дұрыс мемлекет бұрыс мемлекетке, яғни монархия – тиранияға, аристократия – олигархияға, полития – демократияға айналады.Өзі атаған 3 дұрыс мемлекеттің ішінен Аристотель политияны ең дұрысы деп санады. Бұл форма – басқа түрлердің тек жақсы жақтарын алған және екі шектің ортасында тұр.