Саяси партиялар және партиялық жүйелер


Саяси партиялардың негізгі қызметтері



бет2/2
Дата25.11.2022
өлшемі18,13 Kb.
#52510
1   2
Байланысты:
Саяси партиялар және партиялық жүйелер

2. Саяси партиялардың негізгі қызметтері
Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады:
1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау
3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:
Теориялық:
Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап, тео¬риялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бүқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.
Идеологиялық:
Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту,
Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік билікті колға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айталы.
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері
Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген өлшем және белгілері бар.
Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсен ділер санына қарай екіге бөлген:
Кадрлық:
Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы.
Бұқаралық
Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік жар¬на төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.
Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ
Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.
Билеуші партиялар - билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.
Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі пар¬тия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді.


Тапсырма
Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар туралы кесте толтыру, презентация дайындау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет