Француз әлеуметтанушысы М.Дюверже бойынша саяси партия құрылымы мыналардан тұрады:
1) партиялық аппарат;
2) партия активтері;
3) партия мүшелері;
4) партияға жылы қараушылар.
2.Саяси партияның құрылымы және қызметі.
К. фон Бейме саяси партияның мынадай төрт қызметін ажыратады:
1. Мақсатты айқындау. Идеология мен бағдарламаларды құра отырып саяси партиялар азаматтарға альтернативті жол көрсетеді;
2. Қоғамдық мүдделерді топтастыру және білдіру;
3. Азаматтарды саяси әлеуметтендіру және мобилизациялау;
4. Билік етуші элита мен үкімет құрамын жасақтау.
3.Саяси партиялардың жіктелуі және партиялық жүйелер.
Француз ғалымы М.Дюверже саяси партияны сайлаушылар мен белсенділер санына қарай екіге бөлген:
1.Кадрлық: (Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз, ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық -демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы).
2.Бұқаралық: (Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партиялық билеті жоқ мүшелік жарна төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы, АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары).
3.Саяси партиялардың жіктелуі.
1) Ресми(легалды) партиялар;
Ресми заңға сәйкестігіне қарай саяси партиялар жіктеледі:
Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.