Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге бөлінеді:
1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар К. Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауы керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста мұндай партияның айтарлықтай салмағы жоқ.
2. Социал-демократиялық (немесе социалистік, лейбористік) партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттік, ынтымақтастық, теңдік. Оған жататындар Австрияның, Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның Лейбористік партиясы және т.б.
3.Буржуазиялық-демократиялық партиялар.Олар ХIХ ғасырда Еуропа мен солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынандай принциптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметі билейді, басқарушы партияға (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералық партиясы және т.б.