Саяси режим бұл қоғамның саяси жүйесінің қызмет етуінің нақты механизмі. Саяси режимнің мәнін, мазмұнын анықтау арқылы саяси жүйенің сипаты мен типін дәлме-дәл және пәндік бағалауға мүмкіндік туады
Саяси режим Саяси режим – бұл қоғамның саяси жүйесінің қызмет етуінің нақты механизмі. Саяси режимнің мәнін, мазмұнын анықтау арқылы саяси жүйенің сипаты мен типін дәлме-дәл және пәндік бағалауға мүмкіндік туады. Бұл тұрғыдағы талдаудың өте маңызды саясаттанулық проблема болып табылатындылығы да міне, сондықтан. Өйткені, саяси режимдердің мәні мен мазмұнын түсіну үшін, ең алдымен саяси режим түсінігін ұғыну қажет.
Саяси режим ұғымы батыс еуропалық ғылыми әдебиеттерде XIX-XX ғасырлар тоғысында тарады. Қазіргі кезде бұл ұғым ғылыми, оқу әдебиеттерінде, сондай-ақ ауызекі тілде де кеңінен қолданылады. Бұл саяси өмірлің және тұтас алғанда қоғамдағы саяси жүйенің құбылысы. Осы ұғымға байланысты саяси режимнің жинақталған сипаты бар. Нақ осы режимді талдау адамның билік құрылымдарымен өзара қатынастарындағы оның шын мүмкіндіктері жөнінде барабар пікір айтуға мүмкіндік береді. Тоталитарлық саяси режим мемлекеттің, қоғамдық өмірдің барлық салаларына шексіз бақылау қоюға ұмтылумен, адамның саяси билікке және үстемдік етуші идеологияға толық бағынумен сипатталады. Мемлекет барлық қоғамды және нақты адамды жұтып жібереді. Осыған сәйкес билік, бір адам және басқарушы элита адамдарының санаулы топтары арқылы, әдетте барлық деңгейлерде жабық түрде қалыптасады. Тоталитаризм XXғасырда пайда болған, ол диктатураның ерекше жаңа формасы.
Диктатура (лат.тілінен dictatura-“шексіз билік”) – басқарылатындар тарапынан бақылау қойылмайтын, бір адамның немесе бір жетекші басшылық ететін адамдар тобының басқару тәртібі. Ол ерте пайда болған және өзінің көрінуінің көптеген тарихи формалары бодған. Диктатуралар іштей тұрақсыз болатын режимдер, оларды тек диктатордың еркі ғана нығайтады. Диктатор құқыққа бағынбайды, халықтың алдында есеп бермейді және заңды өзінің мүддесіне қарай өзгертіп отырады. “Тоталитаризм” ұғымы латынның “totalis” деген сөзінен шыққан, бүкіл, тұтас дегенді білдіреді. Оны XX ғасырдың басында айналымға енгізген итальян идеологі Дж.Дженгиле. Бұл түсінік алғаш рет 1925 жылы итальян парламентінде айтылды. Итальян жетекшісі Б.Муссолини оны саяси сөз қорына енгізді. Жаңа саяси режим Б.Муссолини тоталитаризмнің мәнін былайша тұжырымдады: “барлығыда мемлекетте, мемлекеттен тыс ештеңе жоқ, мемлекетке ештеңе қарсы емес.” Кейінірек бұл ұғымды неміс және американ саясаттанушылары қолданды. Ф.Хайектің “Дорога к рабству”(1944), Х.Арендтің “Истоки тоталитаризма”(1951), К.Фридрихтің “Тоталитаризм”(1954), К.Фридрих пен З.Бзежинскидің “Тоталитарная диктатура и автократия”(1956), Р.Аронның “Демократия и тоталитаризм”(1958) атты еңбектерінде бұл құбылыстың тұжырымдамалық жағынан жете зерттелуіне қол жеткізілді.
Тоталитаризм тек XX ғасырда ғана шындыққа айналғанымен, оның идеялық қайнар кездері ежелден бастау алады. Көртеген тоталитарлық идеялар Шан Янның, Платонның, Т.Мордың, Т.Кампанелланың, Г.Бабевтың, Р.Оуэннің және т.б шығармаларында да болды. Алайда, саяси режим ретіндегі тоталитаризм идеялары тек XX ғасырда ғана кеңінен тарап, тәжірибеге енді. Тоталитарлық саяси режимнің пайда болуына XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы объективті процестер мүмкіндік берді. Тоталитаризмнің алғышарттары көп түрлі және қоғамдық өмірдің шаруашылық, саяси, әлеуметтік салаларынан шығады. Олардың негізінде дүниетанымдық алғышарттар мен психологиялық факторлар жатыр.
Осыған байланысты тоталитарлық саяси режим пайда болған және дамыған елдердің әрқайсысынан өзіндік ерекшеліктері болғанын атап айтқан жөн. Сонымен бірге, тоталитарлық саяси режимдердің барлық түрлеріне тән және оның мәнін көрсететін ортақ белгілерде бар. Олар мыналар:
Биліктің жоғарыда шоғырлануы, басқарушы аппартын І ипертрофиялануы, оның қоғам өмірінің барлық саңылауларына енуі. Тоталитарлық санада билік пен қоғам проблемасы болмайды: билік пен халық біріңғай, бөлінбейтін тұтастық деп шамаланады. Мүлдем басқа пробремалар көкейтесті болады, нақты айтқанда: билік пен халықтың ішкі жауларға қарсы күресі, билік пен халық–дұшпандық сыртқы ортаға қарсы. Бұл қаншалықты порадоксальды болса да, тоталитарлық саяси тәртіп жағдайында биліктен шынайы қол үзген халық, үкімет оның мүдделерін оның өзіне қарағанда терең әрі толық білдіреді деп сендіреді. Сөйтіп, экономикаға орталықтандырылған бақылау және экономикалық қызмет бюрократиялық басқару жүйесі жасалынады.
Тоталитарлық саяси режимдерге бір партиялық тән. Харизматикалық жетекші-көсем басқаратын бір ғана басқарушы партия өмір сүреді. Бұл партиялық бастауыш ұйымдар желісі қоғамның барлық өндірістік-ұйымдық құрылымдарына енеді, сөйтіп бақылау жасай отырып олардың қызметін бағыттайды. Көпшілік үшін көсемге, оның ұсынған идеяларына деген соқыр сенім тән.
Биліктің бір қолға – автократияға барынша шоғырлануы билікті беру принципін жояды. Заң шығарушы және атқарушы билік бір құрылымға шоғырланады, тәуелсіз сот билігі деген мүлдем болмайды. Сот билігі партиялық-мемлекеттік машинаның мүдделеріне қызмет ететін малайдың рөліне дейін жеткізеді.
Барлық қоғам өмірінің идеологияландырылуы. Тоталитарлық идеологияның, негізінде – тарихты барлық құралдары ақтайтын, белгілі бір мақсаттарға қарай заңды қозғалыс ретінде қарау жатыр. Аталмыш идеология магиялық символдар күшін бейнелейтін мифтер сериясынан тұрады. Тоталитарлық қоғам халыққа идеологиялық ықпал жасау үшін үлкен күш жұмсайды. Мемлекеттік идеологияны және билік өкілдерін сынауға тыйым салынады.
Тоталитаризм ақпаратқа деген билік монополиясымен, бұқаралық ақпарат құралдарына толық бақылау жасаумен және баспа қызметіне қатал цензура жасаумен сипатталады. Барлық ақпарат бір жақты бағыттылықта – өмір сүріп тұрған құрылысты және оның жетістіктерін дәріптеу бағытында болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен көпшіліктің тоталитарлық саяси тәртіп қойған мақсатты орындауы үшін құлшынысын көтеру міндеті шешіледі.
Қарулы күрес жүргізудің барлық құралдарын қолдануға деген мемлекеттің монополиясы. Әскер, полиция, барлық басқа да күштеу құралдары саяси билік орталығына толығымен бағынышты болады, олар жазалаушы органдар қызметін атқарады.
Адамдардың жүріс-тұрысына жалпы бақылау жасаудың істеліп біткен жүйесінің, жаппай репрессия және күштеу жүйесінің өмір сүруі. Бұл мақсаттар үшін ауыр еңбек қолданылатын, адамарды азаптау, қарсыласқандардың еркін басу, ешқандай жазығы жоқ адамдарды қырып-жою жүргізілетін, тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерьлер мен геттолар құрылады. КСРО-да лагерьдің тұтас желісі – ГУЛАГ құрылды. 1941 жылға дейін оған 53 концентрациялық лагерь, 422 еңбекпен түзеу колониясы және 50 кәмелетке толмағандар лагерьі кірді. Осы лагерьлер өмір сүріп тұрған жылдары онда 40 млн. астам адам қаза болды. Тоталитарлық қоғамда мұқият ойластырылған жазалау аппараты әрекет етеді. Оның көмегімен жеке адам тағдырына және отбасы мүшелеріне қауіп төнеді, күдікшілдік, домалақ арыздарға мадақтау жасалынады. Бұның бәрі елде басқаша көзқарас және оппозиция туындамауы үшін жасалынады. Күштеу және жазалаушы органдардың көмегімен мемлекет халықтың өмірі мен мінез-құлқына бақылау жасайды.
Жоғарыда аталған және кейбір басқа да ортақ сипатты белгілер аз немесе көп деңгейде болсын, барлық тоталитарлық режимдерге тән, сонымен қатар, оларды тоталитаризм деп аталатын бір топқа біріктіруге негіз болады.
Сонымен бірге аталмыш топта тоталитарлық саяси режимнің солшыл және оншыл деп аталатын екі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін ерекше белгілері де бар. Солшыл тоталитарлық саяси режим КСРО-да және басқа социалист елдерде пайда болды. Қазір ол қандай да бір деңгейде Кубада, Қытайда, КХДР-да, Вьетнамда өмір сүруде. Оншыл тоталитарлық режим фашистік Италия мен Германияда, сондай-ақ, әлсіз өшкен күйінде Испанияда – Франко басқарған кезеңде. Португалияда Салазар басқарған кезеңде өмір сүрді. Солшыл тоталитарлық саяси режим марксизм-ленинизм идеологияларына негізделді, ол, біріншіден, барлық индивидтердің қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылатын коммунист қоғам құрудың мүмкіндігіне сендірді; екіншіден, жеке меншікті жойып, жоспарлы, басқарылатын экономиканы құруға; үшіншіден, пролетариаттың жетекші рөліне; төртіншіден, жаңа қоғамға өту барысында пролетариат диктатурасының қажеттілігіне; бесіншіден, әрбір елде коммунизм құрудың мүмкіндігіне сендірді. Үстемдік етуші идеологияның көзқарасы тұрғысынан алғанда басқа барлық таптардың прогрессивтілігі төмен, ал кейбіреулері-тіпті реакцияшыл болып табылады. Іс жүзінде бұл меншік иелерінің және шаруалар тобының жойылуын білдіреді. Жарқын болашақты құру қуатты күштеу аппаратын, зорлау, террорға дейін қолдануға барады.
КСРО-дағы тоталитарлық саяси режимнің өмір сүруінің уақыттық шеңбері саяси ғылымдағы айтыс тудыратын мәселе болып отыр. Бір саясаттанушылар бүкіл кеңестік кезеңді тоталитарлық саяси режим деп атауға болады деп есептейді. Басқалары – тоталитарлық саяси режим деп Сталиннің басқаруы кезеңінде қалыптасқан тәртіпті атайды, ол қайтыс болғаннан кейінгі тәртіпті посттоталитарлық режим ретінде анықтайды.
Ұлтшыл-социалистік идеологияның басты басты ережелері мынадай: біріншіден, германдақ рейхтың жаңғыруына; екіншіден, неміс нәсілінің тазалығы үшін күреске; үшіншіден, барлық бөтен элементтерді қырып-жоюға; төртіншіден, антикоммунизм; бесіншіден, капитализмді шектеу. Оңшыл тоталитарлық саяси режимнің әлеуметтік негізі экстремистікке бағытталған қоғамның орта жіктері болып табылады. Герман фшизмі ірі капиталдан да қолдау тапты, өйткені ол көпшіліктің революциялық қозғалысымен және коммунист идеологиямен салыстырғанда одан көп жамандық көрмейді.
Марксизм-ленинизмге қарағанда ұлтшыл-социализм таптық ортаның және біріңғай ұлттық дәстүрлер негізінде “халықтық қауымдастықтың” идеяларын жақтады. Ұлтшыл-социализм идеологиясы коммунизмнің, еврейлердің, католиктік шіркеулері жауынның бейнесін белсенді түрде насихаттады. Олармен күресу үшін және ұлттың аман қалуы үшін террор мен репрессияны қолдануға дейін жол берді. Кез келген дәрменсіздік неміс ұлтына төнген қауіп-қатер ретінде қабылданды.
Айта кеткен жөн, тоталитарлық саяси режимдер осы тәртіп үстемдік еткен елдерде экономикалық прогресті және әлеуметтік дамуды тежеді, сондай-ақ адамзатқа орны толмас қайғы-қасірет әкелді.
Қорыта айтқанда, тоталитаризм – қоғамдық жүйе ұжымдық мақсатқа, көсемнің нұрына бас ұрып, ресми идеологияға бас ұрған қоғам және жеке адамға билік тұтқасы тарапынан тырп еткізбейтін қатаң бақылау қойылған мемлекеттік құрылыс. Тоталитарлық режим жағдайында мемлекеттің бүкіл билігікөсем бастаған ат төбеліндей аз ғана топтың қолына өтеді, демократия принциптері аласталып, азаматтық қоғам жойылады, адамдардың құқығы мен бостандығы аяққа тапталады, күштеу, қорқыту, үрейлендіру бұйыру тәсілдері арқылы адамдар рухани езгіге салынып жанышталады. Қоғамның барлық саласы түгел, оның ішінде әрі адамның жеке тіршілігі, отбасы бәрі бар, мемлекеттің “ашса-алақанында, жұмса-жұдырығында” болады.
Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына қарай анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігінен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстырады. Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге болады. Осылайша, саяси жүйе үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын аппарат тоталитаризм деп аталады.