Саяси режимдер, түсінігі мен түрлері



Дата03.11.2022
өлшемі187,08 Kb.
#47335
Байланысты:
Презентацияяяяя


Саяси режимдер, түсінігі мен түрлері.
Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын жіне онымен қоса қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз. Және саяси режимді 2 топқа бөледі. Олар демократиялық және антидемократиялық режимдер.
Демократиялық режимде халықты биліктің қайнар көзі деп санап, және мемлекеттік істерді шешуге құқық берілді. Демократиялық саяси режим грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Мұндай тәртіпте азаматтардың, халықтың құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік береді. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейді. Демократиялық режимде мыналар сипатталады:

Демократиялық режимде сайлау адал, шынайы әрі жүйелі түрде өтеді. Бұл саяси режимнің негізгі тұжырымдамалары: плюралистік, ұжымдық, либералистік.
Антидемократиялық режимге тоталитаризм мен авторитаризмді жатқызамыз.
Тоталитарлық- адамдардың барлық өмірінің салалары толығымен мемлекеттің бақылауына алынған мемлекеттік саяси құрылымды айтады. Онда бұқаралық ақпарат құралдары, экономика барлығы мемлекеттің бақылауында болады. Тіпті сөз бостандығы да болмайды. Мемлекеттің идеясына қарсы шыққандарды «халық жауы» деп құртады. Оппозицияны болдырмайды, бір партияның билігі жүреді, жеке басқа табынушылық болады.
Авторитарлық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы толық жетілмеген демократияға негізделген жеке адамның немесе саяси биліктің бір тармағына сүйенетін мемлекеттік-саяси құрылым.
Авторитарлық тәртіп көбінесе өтпелі кезеңде қалыптасады, әсіресе қоғам тоталитарлық тәртіптен демократиялық тәртіпке ауыса бастаған жағдайда қалыптасады. Себебі осындай кезеңде алда тұрған мақсаттарды демократиялық тәсілдермен (сайланбалы органдармен) ғана іске асыру қиындыққа түседі. Мысалы, ТМД елдерінің көбінде орын алған авторитарлық тәртіп, жеке тұлғаның билігі немесе атқарушы биліктің күшеюі осы әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тікелей байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет