Отбасының әлеуметтік мәселесі көбінесе қаржылық қиындықтармен анықталады. Мәселені шешуге мүмкін болатын жолдар:
Отбасының әлеуметтік мәселесі көбінесе қаржылық қиындықтармен анықталады. Мәселені шешуге мүмкін болатын жолдар:
онкологиялық профильді емдеу мекемелеріне тұрақты қаржылық жолдарды іздестіру;
онкопатологиялық ауруларды тегін емдеу құқығына байланысты барлық жолдарды қатал бақылау;
төменгі күн көріс минимумына сәйкес келетін жәрдемақының әр уақытта болуы;
қалааралық көліктердің кез-келген түріне ауру адамның және оны алып жүрушінің тегін жүру жеңілдігін төлеу.
Онкопатологиялық ауруы бар адамдардың жұмыс мәселесін шешу мүмкіндіктері:
Онкопатологиялық ауруы бар адамдардың жұмыс мәселесін шешу мүмкіндіктері:
ұйымдардың әкімшілігін осы топтағы адамдарға жеңіл түрде жұмыс түрін беруді міндеттеу туралы заңнама қабылдау;
кәсіби кеңес беру арқылы мамандық таңдау және қайта оқыту мәселесіне байланысты жұмыс істейтін жүйе қолдану;
үйде жұмыс істеу мүмкіндігін беру.
Онкологиялық пациенттің және оның отбасының әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу жолдары келесідей:
Онкологиялық пациенттің және оның отбасының әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу жолдары келесідей:
әр түрлі бағыттағы психологиялық қолдау көрсету топтарын ұйымдастыру (науқасқа, отбасы мүшелеріне, достарына және т.б.);
психологтың қатысуымен ракпен ауыратын және рактан жазылған адамдармен кездесулер ұйымдастыру;
муниципалды психологиялық қызметті ұйымдастыру, «сенім телефоны»;
ақпараттық вакуумды жою;
онкологиялық ауруы бар адамдарға және олардың отбасыларына жақсы қарым-қатынас орнату мақсатында қоғаммен жұмыс жасау.
Бүгінгі таңда шетелде, Ресейде және Қазақстандағы әлеуметтік-медициналық қызметте инкурабельді науқастармен хоспистік қызмет бірге жұмыс істеп жатыр. Әлеуметтік жұмыскерлер мен дәрігерлердің қосымша көмегі ретінде Қазақстанда соңғы кезде хоспистік қызмет көрсету қарқынды жүзеге асуда.

Хоспистік қызметтің негізгі мақсаты науқасқа арнайы жағдайлар жасау және оның отбасына психоәлеуметтік көмек көрсету.