Хоспис әлеуметтік-медицина жұмысының теориясында көпсалалы бағдарлама болып табылады. Бұл науқас өмірінің соңғы айларын өткізуде көмек көрсету жүйесімен анықталады. Хоспистің негізгі міндеті – өлім үстіндегі науқасты физиологиялық ауыртпалықтардан арылту, қиын жағдайдан шығару, өмірінің соңғы кезеңін бейбітшілік, мейірім сезімімен өткізуді қамтамасыз ету. Хосписке келесі қызмет орындары кіреді, олар: поликлиникалық бөлім, стационар, ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлім.

Хоспистегі қызмет көрсету көпсалалы қызметкерлер бригадасына: дәрігерлер, медбикелер, үйде медициналық қызмет көрсететін жұмыскерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, діни қызметкерлер және волонтерлар жатады. Барлық жұмыскерлердің іс-әрекеті көбінесе әлеуметтік жұмыскермен үйлестіріліп отырады. Ол науқасқа және оның отбасына хоспистік тікелей қызмет түрлерін және қосымша қызмет түрлерін ұсына алады.

Әлеуметтік жұмыскердің негізгі міндеті – пациентке кеңес беру, сонымен қатар науқастың өліміне дейін және өлімінен кейін оның отбасына кеңес берумен анықталады. Көбінесе әлеуметтік жұмыскер хоспис қызметкерлеріне кеңес берушінің рөлін, науқастарға күтім жасайтын волонтерлерге басшылық ету сияқты қызметтерді де атқарады.