С.ҚАЗЫБАЕВТЫҢ АБАЙ ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫ
ЖұбангалиеваЛ.Ғ., мұгалім,
Қ.Сәтбаев атындагы № 19 орта жалпы білім беретін мектеп, Атырау ң.
Уақыт ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абайдың рухани мол мұрасын жаңа көзқарас
тұрғысынан жан-жақгы, терең талдап, тану міндетін а л ^ тартып отыр. Бұл - ғасырдан-ғасырға,
үрпақган-ұрпаққа мүрат болып жалғасып, үласа берер қасиетті парыз, үлкен міндет.
Еліміз егемендік алғанға дейін де Абай мүрасын зертгеуге арналған жұмыстар аз
болмады, дегенмен “Кеңесшіл, кедейшіл” атқа мінерлер тарапынан Абайды байдың, қажының
баласы, аға сұлтан болған қанаушының баласы, өзі көп қатын алған феодал деп сыңаржақ
көзқарастар да орын алып келгені белгілі.
Абай шығармасы аударма арқылы ағылшын, неміс, қытай, араб, чех, монгол елдеріне
көріне бастады. Дегенмен, шебер-маман аудармашы кемдігінен дана ақын дүние жүзіне еркін
өріс ала алмай келіп еді.
Рас, еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін қазақтың үлы ақыны, кемеңгер ойшылы
Абайдың 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО ауқымында - элемдік деңгейде атап өткеннен
кейін көптеген еңбектер жазылды.
Онда: “Абай мұрасы - сарқылмайтын мол қазына”. Абайсыз қазақтардың философиялық
та, тарихи да, этикалық та ақыл-ой дүниесін көзге елестету мүмкін емес. Ағылшындар үшін
Шекспир, Француздар үшін Бальзак, Орыстар үшін Пушкин қандай болса, біз үшін Абай да тап
сондай. Ол - үлттық рухымыздың өзіндік жиынтығын, орасан зор мақтаныш етер түлға болып
табылады”, - делінген.
Абай ақын болғанда, бір ғана әдебиет сынды өнердің аясына сыймайтын ғұлама ақын. Ол
- қазақтың үлттық философиясының негізін салған терең ойшыл. Абай - жаратылыстың
құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер.
Абайдың әдебиеттік, философиялық ойларынан нәр алып, оның азаматтық түлғасынан
асыл қасиетгерін бағалай білген үстаз, ғалым-әдіскер Сабыр Қазыбайүлы туралы бүгінгі күнде
білетіндер шамалы. Ол - аса маңызды да өзекті бағыт - ғылым, білім, оқу-ағарту, әдебиет пен
тіл майданына өлшеусіз еңбек етіп, өрелі істердің көш бастаушысы болған.
Шоқан, Ыбырай, Абай бабаларымыз бастап кеткен ағартушылық іске С.Қазыбайүлы 1936
жылдан бастап кірісті. Қазақ балаларына білім беру мәселелері бойынша өзінің зерттеулерін,
түйінді пікірлерін “Халық мүғалімі”, Әдістеме жэне тәжірибе”, “Қазақстан мектебі”,
“ Бастауыш мектеп”, “Қазақстан мүғалімі” т.б. газеттерде, журналдарда оқыту мэселелерін
көтерді.
С.Қазыбайұлы мектептерде бала оқытудан бастап, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау
мемлекетгік университетінде оқытушы, профессор болып, қазақ тілі мен әдебиетінен дэріс
берді. Сондай талантгы, ізденімпаз жанның алға қойған мәселесі - көпшілік жұртқа білім беру,
мәдениет, ғылым саласын өркендету, мектептерге арнап оқулықтар, әдістемелік еңбектер,
бағдарламалар ісіне ден қойғаны оның өмірінен, іс-әрекетінен айқын байқалады.
С.Қазыбаев ғалым, әдіскер, үстаз, педагог ретінде көптеген еңбектер жазды. Олардың
басым көпшілігі оқу-агарту ісі мәселелеріне, бастауыш мектептерге, жалпы тіл мәселесі
турасында жазылган еңбектер.
Ғылыми еңбектерінде С.Қазыбаев Абайдың шыгармаларын үнемі пайдаланган.
Абайдың ақындығын, ойларының тереңдігін, С.Қазыбайүлының “Абай - ғүлама ақын” -
атгы мақаласында жан-жакты сөз етеді. Онда гүлама Абайдың ынталы ой бөлген мэселесі —
адам тағдыры. Бұл ретте Ж.Баласағұнның “Үйлену туралы” тарауында жақсы жар тандаушыға
¥яты бар ата-ананың қызын ал деп кеңес береді. Дәл осындай пікір Абайдың “Жігітгер ойын
арзан күлкі қымбат” деген өлеңінде де айтылады.
Өмір заңы бойынша ер мен әйел бас қосып, өмірлік серік болу өте маңызды мәселе екенін
Жүсіп те, одан тогыз гасырдан кейін жасаған Абай да түйінді ақыл-кеңестер береді.
Яғни, екеуі де арлы, ақылды, ұяты бар ата-ананың қызын ал, ата-анасынан тэлім-тэрбие
злған қыз жақсы әйел, жақсы ана, жақсы өмірлік серік болады деп түжырым жасайды. Бұл
Жігіт қатын алмайды, қайын алады” - деген халық түсінігіне мәндес келеді.
Осы мақаласында С.Қазыбайүлы Абай мүрасын терең зерттеген дүрыс түсініп, жоғары
баға берген қазақгың белгілі зиялы перзенттері Өлихан Бөкейханов, Назипа Қүлжанова,
.Міржақып Дулатов, С.Торайғыров, Ғаббас Тогжанов, Қүдайберген Жұбанов, Көшке
323
Кемеңгеров тэрізді әдебиетші, тілші, ақын-жазушы, ғалым қайраткерлер екенін айта келіп,
дарынды ғалым, жазушы Мұхтар Әуезовтің орны мен роліне ерекше тоқталады.
М.Әуезов Абай зертгеуінен қол үзбей “Акын аға” романын дүниеге келтіріп, ¥лы ақынды
күллі қазақ жұртына таныта бастады. Кейіннен “Абай жолы” атты эпопеяга айналып, шет
елдерге танытуға жол ашты.
Сөзімді қорыта келе қазақ жерінде, қазақ халқында Абайдан бұрын да, соң да небір
дүлдүл ақындар өткен! Бірақ Абай дара түлга, дана тұлға. Ақын өзінің қара сөздерінде болсын,
өлендерінде болсын жастарға ғибрат боларлық, тәрбиелік, өмірлік мэні бар өсиетгерін молынан
қалдырған.
Абай - кең тынысты ақын. Қазақ елінің ежелгі жайы, халықтың тұрмысы, әдет-гұрпы,
салт-санасы, болыс жайы, ел басқару ісі, табиғатгың төрт мезгілі, махаббат, достық, бәрі-бәрі
Абай өлеңдерінде көрініс тепкен. Ақын өлевдерін оқығанда ежелгі кең байтақ қазақ елі,
жомарт дархан көңіл қазақ халқы көз алдымызда көрініс табады да, Абай солардың суретін
салған шебер суретшіге ұқсайды. Абай өлевдерін тану, табу оңай. Өйткені, оның өлеңдерінен
нағыз қазақтың исі аңқып тұрады.
Абайдың қара сөздерінің бэрін бір бөлек дүние десе де болгандай. Тұнып түрган ақыл,
өсиет, ғақлия, ғибратаама. Қолыңа ал да, оқи бер! Эрине, Абайды тек оқып, жатгап кою аз,
оны түсініп, зерделеп ойға тоқып оқыған дұрыс.
С.Қазыбайұлының эдіскер-ғалым ретінде жазган құнды еңбектері күні бүгінге дейін өз
мәнін жойған жоқ. Мәселен, “Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ерекшеліктері туралы”
деген мақаласында С.Қазыбаев жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара жігін ажырату
саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілерін нықтап
анықгау жөнінде айтады. Мақаласының өн бойында мысал ретінде Абайдың өлендерін алып,
оны тіл мәселесі жагынан терең талдау жасап, осы өлеңдері арқылы келешек жас ұрпакка
саналы тэрбие беру керек екендігін тілге тиек етеді.
Абайдың үлылығын, ұрпақ тәрбиелеуде бір жарым ғасырга созылған өзіндік бай дәстүрін,
ақындық элемін агартушылық мәдениетгі елдер қатарына қосылу жолында терең пайдасының
қажетгілігін түсінген ғалым, педагог С.Қазыбайүлының ойларын бүгінгі күні дё мектеп
бағдарламасында кеңінен пайдалануға болады. Өйткені уақыт өткенмен, озық ойлар ескірмейді.
Абайтануда С.Қазыбайүлының еңбектері ескерусіз қалмауға тиіс.
Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:
1. “Абай” журналы. №1. 2004.
2. “Қазақ mini мен әдебиеті”. 1995. №6.
3. “Қазақ тілімен әдебиеті”. 1998.
4. Педагогические взгляды А.Кунанбаева.
5. А.Қунанбаевтьщ өмірі мен шыгармашылыгы. КазАН ССР -1954.