Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»



Pdf көрінісі
бет177/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   191
Ойынның шарты: Әр топ 5 сұраққа дұрыс жауап беру арқылы квесттің келесі 
станциясына жолдама алады.
 
279


2-
станция. «Мен арнаймын
өлеңді»
Ойынның шарты: 1. Ы.Алтынсарин туралы 2 шумақ өлең шығару
2. Ы.Алтынсарин туралы баяндама жасау
3-
станция. «Актерлік
шеберлік»
Ойынның шарты: Студенттер екі топқа бөлініп Ы.Алтынсарин әңгімесінен
көрініс көрсетеді. Дайындыққа 5 минут беріледі.
 
1-
топ
2-
топ
«Жаман жолдас»
«Мейрімді
бала»
Әр кезең бойынша топ студенттері өздерінің өздерінің зерттеушілік 
дағдыларының жоғары дәрежеде қалыптасқандығын және дарындылықтарын әр 
тапсырма барысында өлең шығару, көрініс көрсетуде актерлік шеберліктерін жоғары 
дәрежеде ұйымшылдықпен көрсете білді.
Себебі, әр оқушы –
жеке тұлға. Олар әрбір күн сайын дамып отырады. 
Оқушыларды жігерлендіру, оларға болашақ мамандықтары үшін үлгі болатын 
тұлғаларды дәріптеуіміз қажет. Мысалға, қазақтан шыққан тұңғыш профессор –
Санжар Асфендияровты ерекше айтуымызға болады. Одан кейін білім беру саласында 
Социалистік Еңбек Ері атағын алған тұңғыш қазақстандық –
Рафиха Бекенқызы 
Нұртазина жайлы айтпай кетуге болмайды. Сабақ беру әдістемесі бойынша 200
-
ден 
астам еңбектің авторы атанған тұлға. Тұңғыш қазақ кәсіби дәрігері Мұхамеджан 
Қарабаев және Кеңестер Одағында арнайы жоғары білім алған тұңғыш қазақ қызы 
Аққағаз Досжанова сынды тұлғалардың есімін бүгінгі ұрпақ мәңгі жадында сақтауы 
тиіс деп ойлаймыз [5. 4
б].
«Білеке сенген заманда –
ешкімге есе бермедік, 
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмелік» 

деген, ұлы көреген Абылайхан атамыздың ой
-
тұжырымы 
қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған мәселелерді 
шешуге батыл кірісу басты мақсатымыз екендігіне бағыт береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет